Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет1/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47



ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1 Дәріс


Тақырып:Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде.
Дәріс мазмұны:
1.Тұлға ұғымы.Тұлғаның бағыттылығы.
2.Тұлғаның құрылымы және оны құраушылар.
3.Тұлғаның психологиялық қорғанышы.


Дәріс мақсаты: тұлға, индивид, жекелік ұғымын қарастыру, тұлға құрылымын сипаттау.
Негізгі ұғымдар: тұлға құрылымы, тұлғаның мотивациялық сферасы, ұстанымдар, индивид, тұлға, жекелік, еліктеу, қалау, қызығушылық, бейімділік, идеал, дүниетаным, сендіру, тұлғаның бағыттылығы, фрустрация.


1.Психология ғылымында тұлға категориясы базалық категорияларға жатады.Дүниеге жаңа келген нәрестенің дене құрылысы тіке жүруге, мидың құрылымы-потенциалды дамыған интеллект, қолдың құрылымы-қол еңбек құралын пайдалану перспективасына және т.с.с. мүмкіндік береді,мұның өзі біздің жануарлардан ерекшелігімізді көрсетеді. Индивид ұғымынан адамның қандай қатарға жататындығын,яғни кез-келген адам-индивид екендігі туралы айтады.Бірақ дүниеге индивид ретінде келе отырып,адам ерекше әлеуметтік сапаға ие болу арқылы тұлғаға айналады.Адамның өмірлік іс-әрекеті және қоғамдық шарттарының спецификасы оның жекелік белгілері мен қасиеттерінің ерекшеліктерімен анықталады. Барлық адамдар өз қоғамының салттары мен дәстүрі,белгілі-бір психикалық белгілерін қабылдайды. Тұлға - қоғамдық даму феномені,санасы мен өзіндік санасына ие нақты өмір сүретін адам. Жекелік - тұлғаны өзгелерден айырмашылығын көрсететін психикалық қасиет пен мінез-құлықтың ерекшеліктері.
2.Әлеуметтік және биологиялық тұлғаның сәйкестігі мәселесіне байланысты негізгі зерттеулер. Тұлға құрылымы оның жекелігіне қарағанда кең ұғым болып келеді.Психологиялық ғылымда маңызды орын алатын индивидтің психикалық дамуы мәселесі болып келеді.Тарихта психикалылық, әлеуметтік, биологиялық ұғымдары арасындағы барлық мүмкін болатын формалды-логикалық байланыстар көрсетілді. Психикалық даму кенеттен пайда болатын, биологиялық пен әлеуметтіктен тәуелсіз; тек биологиялықтан немесе әлеуметтіктен дамитын,олардың индивидке немесе өзара әреткетіне қосымша ықпал жасауынан туындайтын процесс.Кенеттен пайда болатын психикалық процесс концепциясында ол өзінің ішкі заңдылықтарымен толықтай детерминирленген процесс ретінде қарастырылады.Осы концепциялар үшін биологиялық және әлеуметтік мәселелер мүлдем жоқ. Мұнда адам ағзасы психикалық іс-әрекетке арналған«орын»ретінде қарастырылады.
Психикалық дамудың биологизаторлық концепциясында психикалық даму ағза дамуының ағымдағы қызметі ретінде,өз дамуынан кейін көп процестерге бастама беретін;барлық психикалық процестер,адамның қасиеттері мен жай-күйін білдіретін нәрсе ретінде қарайды.Мұнда жануарларды зерттеу кезіндегі ашылулар жиі қолданылады.Көп жағдайда бұл концепцияларда психикалық дамуды түсіндіру үшін негізгі биогенетикалық заңдылықтар келтіріледі, оған сәйкес тұлғаның дамуы түр эволюциясының басты белгісінде жүзеге асырылады; индивидтің психикалық дамуынан эволюциялық процесс дамуының сатыларын табуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет