ҚЫмбатты ұстаздар! ҚҰрметті мектеп түлектері! ҚАдірлі ата – аналар!



Дата22.06.2023
өлшемі10,24 Kb.
#103118

ҚЫМБАТТЫ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ! ҚАДІРЛІ АТА – АНАЛАР!

Мен, Хаймулданов Ерлан Сейілханұлы Ақсу ауданы, Алажиде орта мектебінің 2003 жылғы түлегімін.


Сіздер үшін осы күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіздер дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыздар.
Құрметті жас түлек!
Сіздердің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сіздерге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілеймін. Аспаныңыз ашық болсын!
Қымбатты ұстаздар!
Жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға рахмет айтамын!
Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-тәрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасын қаладық.
Алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет