Педагогикалық-психологиялық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс-тәжірибиесімен танысу және талдау нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесінде эстетикалық тәрбие беру көкейкесті проблема екендігі айқындалды. Мектептегі оқу- тәрбие жұмыстарының бір саласы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Бұл бізге дипломдық жұмыстың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру» деп таңдап алуға себепші болады.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беруде мұғалім жұмысының мазмұны.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беруде пайдаланылған сабақтар жүйесін жасап және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу міндеттері:
бейнелеу өнері сабақтарынының эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін ашу;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің тиімділігін тексеру;
Жұмыстың ғылыми болжамы - егер жалпы орта білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру бейнелеу өнері сабақтарында жүйелі жүргізілсе, онда оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуы нәтижелі және тиімді болады, себебі дүниетанымы, эстетикалық тәрбиесі қалыптасқан, жоғары, ой-өрісі кең, қазіргі талаптарға сай жаңашыл оқушылардың тұлғасы қоғам талабы.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, жеке тұлға теориясы, психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар, бейнелеу өнері түрлерінің материалдары, көркем сурет іс-әрекетіндегі педагогикалық ынтымақтастық туралы ғылыми идеялар.
Зерттеудің әдістері: философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, бейнелеу өнер түрлеріне теориялық талдау жасау; оқушылардың көркем сурет іс-әрекетін бақылау, талдау, сауалнама жүргізу, оқушылар арасындағы қарым-қатынас әдісін бақылау, кеңес беру, олармен әңгімелесу; озық педагогикалық іс-тәжірибелерді оқып үйрену; педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау, тәжірибелі жұмыс; іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру; статистикалық тұрғыдан өңдеу.
Дипломдық жұмыстың құрылысы: кіріспеден, екі тараудан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.