Сәлеметсіздерме! Әріптестер!



Дата04.02.2023
өлшемі405,54 Kb.
#65175
Байланысты:
Баяндама Тенгуль


Сәлеметсіздерме! Әріптестер!
Баршаңызды бүгінгі тамыз кеңесінің отырыстарының ашылуымен және аздаған күндерден соң жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Мен, «Қостомар ауылының жалпы білім беретін мектебі»КММ – химия пәні мұғалімі Бахатова Тенгуль Камиевна боламын., педагогикалық өтілім – 24 жыл.
Менің баяндайтын тақырыбым: Химия пәнін оқытудағы функционалдық сауаттылық, креативті ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар.
Бастауыма рұқсат етіңіздер...
Мақсатым: Оқу үдерісінде функционалдық сауаттылықты және креативті ойлауды дамытуды тапсырмалар арқылы оқушылардың бойына сіңіру...
Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар функционалдық сауаттылықты арттыратын тапсмырмаларды өмірмен байланыстырып, шешуді үйренеді;

  • Кез-келген тапсырмаларды креативті ойлау арқылы өмірде қолдана алады;

  • Оқушылар алған білімдерін өмірмен байланыстырып, ойлау қабілеттерін дамыта алады.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не сол сауалға жауап берейін...
Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат- жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.

Қазіргі заманда еліміздің болашағы – жастар деп айтып жатамыз. Алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де – жастар. Жастарымыздың білімді, денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуі жолында тер төгу бүгінгі аға буынның өкілдері үшін зор міндет деп білемін. Сондықтан, әрбір білім нәрімен сусындататын ұстаздың міндеті болғандықтан, оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында білім, білік - дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Қазіргі таңда кең таралған репродуктивті технология білім саласында көп қолдана бастады. Оның мәні: жаңаны игері, бекіту, қадағалау, бағалау және т.б. Креативтілік яғни, шығармашылық процесс. Осыған орай, химия пәнінің қызығы мен ғажайыбын көрсету мақсатында әр сабақты оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында үнемі байланыстырып тәрбиелеу бағытында өткізіп отырамын. Химия сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірдегі байланыстармен қамтамасыз ету менің бірінші міндетім болып саналады. Химия пәні күрделі пән екендігі бәрімізге де аян. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну керек. Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс. “Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкіртінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады” деп Д.И. Менделеев айтқандай, оқушының терең білімді болуының басты шарттарының бірі мұғалімнен оқушыға берілетін білімнің көлемі жеткілікті, толық әрі нақты болуы керек және де білім оқушының ішкі жан дүниесінде қалыптасып, керек кезде белгілі бір дамитын күш ретінде қажетке жарау керек деп ойлаймын. Мысалы, барлық басқа пәндер сияқты химия пәнін мектепте оқытудың алдында қойған өз мақсаты бар. Оқушы өзі білетін химиялық ұғымдарды өз ойынша қорыта отырып, кейбір түсініксіз жағдайларды қарапайым химиялық фактілермен салыстыра отырып қорытынды жасай алса немесе өзіне қажет, ойландыратын сұрақ туралы қорытынды жасай алатын деңгейге жетсе, пәнді оқыту өзінің мақсатына жетті деп айтуға болады. Сол себепті, мен өз сабақ жоспарымның әр бөлімінде оқушылардың пәнге деген сауаттылықтарын анықтап, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.



Айта кететін болсам, ас тұзы, ас содасы, темір, судың кермектігі, металдар мен бейметалдардың қасиеттері, олардың қолданылуы немесе синтетикалық жуғыш заттар, барлығыныңда күнделікті өмірде пайдаланғанымен, олардың ұлттық педагогикалық тәрбиедегі алатын орны ерекше. Мысалы, “Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды тазарту әдістері.” тақырыбында бізді қоршаған заттардың көптеген қосылыстардан тұратынын, олардың бір-біріне айналып, түрін, түсін, дәмін өзгертіп отыратынын күнделікті тұрмыстан білуге болады. Сонымен қатар, заттардың түсіне келетін болсам, көк түс аспанның “Көк аспанның”, қызыл түс – оттың, күннің көзі десек, қара түсті жел мен жер, күштің белгісі, ал жасыл түсті өмірдің көктемгі символы деп есептеп, оларға тәрбиелік бағытында үлкен мән беріледі. Сонымен қатар, “Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.” тақырыбында судың пайдасы туралы, соның ішінде халқымыздың “Су – тіршілік көзі ” дегенді негізге ала отырып, “Су ішкен құдығыңа түкірме”, “Жылай-жылай арық қазсаң, күліп жүріп суын ішерсің” деген мақалдары оқушыларды еңбеңсүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Химиялық реакция теңдеуін құрып, оны теңеструдің өзі де оқушыға берілген тапсырма деп, оларды сауатты түрде орындатуға тырысу керек.
Оқушының танымдық белсенділігін арттыру үшін сапалы тапсырмаларды қолданамын.
Бұл тапсырмада белгісіз металл туралы айтылады. Ол жерде осы металдың өзіміздің қазақи дәстүрде кеңінен қолданылатыны, яғни, әшекей ретінде, ыдыстар ретінде және де сәби дүниеге келген кезінде, өмірі осы металмен жарқын болсын деп осы металлмен жасалған теңгелермен шомылдыратыны туралы мәтінде айтылған.
Осы мәтінге байланысты мынадай тапсырмалар берілген:
Қарап отырсаңыздар бірнеше тапсырма берілген.
А-тапсырмасы
Б-тапсырмасы
В-тапсырмасы
Оқушылар ойланып, ізденіп жауап береді

Келесі тапсырмада Су тақырыбына байланысты, яғни, әлеуметтік проблеманы шешу үшін берілген тапсырма


Суда үнемдеу үшін не істей алатынын үш идея ұсыну арқылы дәлелдеу керек, Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі.
Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне тапсырмаларды көбірек етіп беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет. “Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделері үшін және бүкіл адамзат үшін пайдалырақ болса, соғұрлым кемелдене түседі” деген Д.И. Менделеев. Олай болса, сапалы білім табысты оқуға қол жеткізу басты талап екендігін ескере отырып, бүгінгі таңда оқушыларымызға білім берілуімен маңызды емес, маңыздысы – білім беру сапасын көтеру және олардың білімі терең, ойы ұшқыр, функционалдық сауаттылығы жоғары адам болып қалыптасуына ықпал жасау біздің міндетіміз деп ойлаймын. Және де Абай Құнанбаевтың “Бұлақ көрсең көзін аш” деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып, бар мүмкіндікті пайдаланып, өзім тәрбиелеп жатқан оқушыларымның қабілеттерін, сауаттылықтарын дамытуды парызым деп санаймын.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет