Индекстік квалиметрия



Дата26.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#143638
Байланысты:
индексная квалиметрия

Индекстік квалиметрия

Индекстік квалиметрия - өлшем теориясы және индекстердің экономикалық теориясының аппаратын колданатын және дамытатын объекттермен процестердің уақытта (динамика бағасы) және кеңістікте сапасын өлшеу бағасы. Оның негізгі бағыты - объекттермен процестердің сапа көрсеткіштерінің өзгерісі және «қозғалысы» жылдамдықтарының бағасы


Индекс - индекстеу базасындағы мөлшерлеу операцияларын қолдануда құралған сапа өлшемі. Мұндай базалар ретінде объекттермен процестердің сапа көрсеткіштері базалық кезеңде және уақытта (кезек, он күндік, ай, квартал, жыл, бес жылдық және т.б.) немесе өңдеу ұйымы, кәсіпорын, сала және т.б. сапа көрсеткіштері.
Жеке индекс ір деп көрсеткіштердің индекстеу базасында (жеке, топтық, кешенді, интегралды) бұдан бұрынғы және кейінгі көрсеткіштердің жіктеуісіз мөлшерлеу нәтижесі (мысалы, осындай қатынас түрінде i00р= р/р немесе кері қатынас түрінде i, р /р). Жеке индекс жеке көрсеткіштердің жалпы өзгерісіне үлестің бағалауысыз екі санның бөліну нәтижесі деп саналады.
Агрегаттық (топтық) индекс J - индекстеу базасында негізделген сапа көрсеткішінің немесе экстенсивті мөлшер көрсеткіштерінің (көлемді көрсеткіштерінің) мөлшерлеу нәтижесі. Индекстеу базасы болып тиісті агрегат қызмет етеді. Агрегат ретінде үйірткілеудің сепарабелді үлгісі, оның модификациялары - аддитивтік үлгі, мультипликативтік немесе оның қисындасулары аддитивті-мультипликативтік немесе мультипликативті-аддитивтік үлгілері саналады. Агрегаттың түріне байланысты агрегаттық индекстер тиісті атауын алады.
Қолданылатын индекстеу (салыстыру) схемасына байланысты толық (шартсыз) және толымсыз (шартты) агрегаттық индекстер өзгешеленеді. Индекстеу базасында жеке көрсеткіштермен индекстеу базаларының агрегаты болатын индекс толық деп аталады. Мысалы
Толымсыз индекс дегеніміз алым және бөлімнің агрегаттары ылғи бір мәнмен кіретін көрсеткіштерде болатын агрегаттық индекс. Көрсетілген көрсеткіштер салмақ немесе агрегаттардың өлшеу шарттары деп аталады. Өлшеу салмақтарының (шарттарының) тағайындауы - белгілі бір көрсеткіштердің «тоңазытуларында», соның арқасында сапа деңгейінің «шартты» динамикасы бағаланады, яғни берілген жекелеген көрсеткіш өзгеріссіз болып қалады. Егер жекелеген көрсеткіштің базистік мәні «тоңазытылса», онда агрегаттық индекс базисті-шартты, ал егер кезектегі - кезекті-шартты индексдеп аталады.
J (am)(P kl+1,P kl+2,…, P'km) жазбасы базисті-шартты аддитивті- мультипликативтік индексін білдіреді, мұнда шарт ретінде m - (1 + 1) белгісіздігі, (1 = 1 + 1, m) сапа көрсеткіштерінің базистік мәндері саналады. индексі базисті-өлшенген бірлік индексін, ал) кезекті- өлшенген бірлік индексін білдіретінін атап өтейік. Олардың өзара байланысы базисті-өлшенген және кезекті-өлшенген бірлік индекстерінің бір-біріне қайтымдылық шартын білдіреді. Қайтымдылық шарты агрегаттық индекстерге де жиі ұсынылатын ережелердің бірі. Бұл шартқа мультипликативтік индекстерінің табымен қоса базисті-өлшенген және кезекті-өлшенген формалары канағаттандырады.
Агрегаттық индекспен қатар бірлік индекстердің агрегаттарының әртүрлі формалары қолданыла алады. Мысалы, орташа арифметикалық индекс түрінде беріледі.
Квалиметрияда индекстердің таптары туралы мәлімет индекстердің экономикалық теориясына қарағанда кеңірек. Сапа индекстері метрлік шкалалардың кеңістігінде ғана емес, реттік, ранг және номиналды шкалалардың кеңістігінде де құрастырыла алады. Соңғы жағдайларда динамиканың индексациясы ұқсастық шараларының немесе эталон реттері немесе класификациялары бар метрикаларының енгізу базасында іске асады.
Индекстердің уақытша (операциялық) қатары уақытша индекстік тізбек деп аталады. Индекстік тізбек - уақыттағы немесе бір технологиялық операциядан келесіге ауысудағы сапаның өзгерісін білдіретін индекстердің реттілігі:
[ J ] =[ J1,J2,…, Jr,…]
∆J индекстік өзгерісі дегеніміз индексацияның базасы бойынша мөлшерленген сапа көрсеткішінің өзгерісі. Толық (шартсыз) және толымсыз (шартты) индекстік өзгерістер өзгешеленеді. Берілген байланыстар әділ:
Мұнда Р – көрсеткіштердің агрегаты

Есептің түрі

Есептің тұжырымы

1-ші түр

Жеке сапа көрсеткіштердің индектсік өгерістерінің ∆I бірлік индекстік өзгерістерінің жалпыланған сапа көрсеткішінің индекстік өзгерісіне ықпалының бағасы

2-ші түр

Жеке сапа көрсеткішінің абсолютті өзгерісінің жалпыланған (агрегаттық) көрсеткішінің абсолютті өзгерісіне ықпалының бағасы

3-ші түр

Жалпыланған сапа көрсеткішінің шартты өсімшесінің базалық кезеңдегі (базалық мәніне) жалпыланған сапа көрсеткішіне қатысын анықтауы

4-ші түр

Жалпыланған (агрегаттық)сапа көрсеткішінің жалпы толық ∆μcp өсімшесінде ∆μ жалпыланған (агрегаттық) сапа көрсеткішінің шартты өсімшесінің і-ші үлесінің анықтауы

(5-ші түр

Мультипликативтік сапа көрсеткішінің индекстік өзгерсінің аддитивтік жіктеуін құрастыру

5.1 – кесте – Индекстік квалиметриядағы аналитикалық бағыттың бір үлгідегі есептері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет