Информационное письмо



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#81355
түріПрезентация
  1   2   3






АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР КОНКУРСЫ

2022 жылдың 14 қарашасынан 26 желтоқсанға дейін академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасы мен «PARASAT» саясаттанушылар және әлеуметтанушылар клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін «Жаңғыртудың қазақстандық моделі: әлеуметтік-саяси контекст» мектеп оқушылары (10-11 сыныптар), колледж және ЖОО студенттері арасында презентациялар конкурсы өтеді.




Конкурстың мақсаты: қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси проблемаларды сыни ойлау мен ұғынуды қалыптастыру арқылы қазақстандық білім алушылардың санасын жаңғыртуға ықпал ету.

Презентациялардың бағыттары мен тақырыптары:

- Қазіргі қоғамдардың трансформациясы контексіндегі әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістер


- Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің тенденциялары


Презентация құрылымы:



  • Тақырып слайд

  • Кіріспе (өзектілігі, мақсаттары және зерттеу мәселелері / міндеттері)

  • Негізгі бөлім (әдістер, нәтижелер, тезистер, дәйектер)

  • Қорытынды (негізгі тұжырымдар)

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Презентация мазмұнына қойылатын талаптар:



  • Барлық слайдтарда бірыңғай дизайн стилін қолдану. 3-ке дейін негізгі түстерді және 3-ке дейін қаріп түрлерін пайдалану ұсынылады.

  • Презентация слайдының фонында мәтіннің көзге анық оқылуы (мәтін слайдтың фонында айқын көрінуі, фон мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолдану).

  • Әр слайд слайд мазмұнына сәйкес тақырыптан басталады.

  • Презентацияның қысқа және нұсқа болуы, мәтіннің барынша ақпараттылығы, слайдтағы мәтіннің ықшамдылығы.

  • Қабылданған орфография, пунктуация, қысқартулар ережелерін және слайдта мәтінді ресімдеу ережелерін сақтау.

  • Презентацияның мәтіндік бөлігінің өзіндік түпнұсқалылығы кемінде 75 %-дан кем болмауы болуы керек





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет