Слайдтарға арналған тезистер



бет1/8
Дата22.12.2022
өлшемі55,93 Kb.
#58996
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Басқарма Төрағасының орынбасары Нысанбаев Ерлан Нұралиұлының «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ 65 жылдық мерейтойына арналған құттықтау сөзі
СЛАЙДТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЗИСТЕР


Құрметті қонақтар, әріптестер және білім алушылар!!!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Орталық және Солтүстік Қазақстандағы 1957 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институты болып (КСРО Министрлер Кеңесінің 31.10.1957 ж. № 1176 қаулысы) құрылған алғашқы ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының бірі.


Университет агротехникалық деп аталса да, тар бағытта емес, көп салалы, ауылшаруашылық-техникалық саладан бөлек, білім, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік жеңілдіктер мен бизнес салаларын қамтитын мамандықтарды дамытады.
Университет елорданың ең көне жоғары оқу орны ретінде өзінің қалыптасқан ғылыми мектептері бар, соның арқасында қазіргі профессор-оқытушылар құрамының негізі қаланды.
Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастырудың негізі болып табылатын Университеттердің Ұлы Хартиясының толыққанды мүшесі.
Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің әртүрлі салалары үшін 80 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды, олар өздерінің жанқиярлық еңбегімен ел экономикасының дамуына лайықты үлес қосты және бұл жұмыс жалғастырылып келеді.
Біздің университет өзінің қалыптасу кезеңіндегі барлық қиындықтарға қарамастан, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлаудың нағыз ұстасы болды.
ЖОО біздің елімізде ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлерде де үлкен беделге ие болды; АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израиль, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Ресей және басқа да елдердің бірқатар оқу және ғылыми орталықтарымен тығыз байланысы жасайды.
Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша тек елордада ғанакөшбасшы емес, сонымен қатар ол ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингінің нәтижелеріне сәйкес еліміздің жоғары оқу орындары арасында үздік үштікке кіреді.
Біздің университет QS World University Rankings 2022 рейтингінде Қазақстан Республикасының 14 университеті арасында әлем университеттерінің топ +1001 рейтингіне және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия жоғары оқу орындарының +250 рейтингіне (EECA 2022) кірді.
Сонымен қатар 2022 жылдың қыркүйегінде Вайенштефан-Триздорф университетімен (Германия) және жақын әрі алыс шет елдердің серіктестерімен бірлесіп іске асырылатын «Аграрлық менеджмент» магистрлік бағдарламасы алдағы бес жылға ACQUIN халықаралық аккредиттеу агенттігімен қайта аккредиттеуден сәтті өтті, бұл білім беру қызметтерінің сапасы жүйелі түрде артып отырғанын растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет