Информатика пәні мұғалімі Алматова Асем Муратовна Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №26 мектеп-гимназия



Дата20.01.2023
өлшемі6,46 Mb.
#62088
түріПрограмма

ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ
7 сынып
информатика пәні мұғалімі
Алматова Асем Муратовна
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы
№26 мектеп-гимназия
Бүгінгі сабақта:
“Программалау тілі" ұғымын білеміз;
Программалау тілдерінің түрлерін қарастырамыз;
Транслятордың не үшін керек екенін білеміз

Сабақтың мақсаты: программалау тілдері ұғымын түсіну, түрлерін ажырату.

КОМПЬЮТЕРЛІК ПРОГРАММА- компьютерде орындалуға арналған машиналық тілдегі нұсқаулар тізбегі

МАШИНАЛЫҚ КОД- бұл компьютердің орталық процессорымен (CPU) тікелей орындалатын нұсқаулар жиынтығы. Әр команда нақты тапсырманы орындайды.


Тіл – қарым-қатынас құралы
Тілдер
табиғи
бұл адамдар сөйлейтін тілдер
жасанды
қандай да бір арнайы ақпаратты жіберуге арналған
табиғи тілдер білімді, сезімді, эмоцияны жеткізу үшін қолданылады
музыкалық нота, Морзе әліппесі, программалау тілдері, т.с.с. арналған.

Программалау тілі

Компьютерлік программаларды жазуға арналған формальды таңбалық жүйе.

Программалау тілі программаның сыртқы түрі мен әрекетін анықтайтын, компьютердің басқаруымен орындалатын ережелер жиынтығын анықтайды.


Процедуралық программалау тілдері
Төмен деңгейлі тілдер
Жоғары деңгейлі тілдер
  • Процессордың нақты командаларына бағытталған;
  • Процессордың ерекшеліктерін есепке алады;
  • Машинаға тәуелді деп аталады;
  • Драйверлерді, жүйелік программаларды әзірлеуге ыңғайлы;
  • Программалаушы процессордың барлық мүмкіндіктеріне ие болады.
  • Процессордың ерекшеліктерін есепке алмайды;
  • Басқа компьютерге ауыстырылуы мүмкін;
  • Машинаға тәуелсіз деп аталады;
  • Программаны осындай тілде сипаттау адамның қабылдауы үшін ең қолайлы болып табылады.

Процедуралық емес программалау тілдері


Декларативті программалау - есептерді шешудің спецификациясы орнатылатын бағдарламалау, яғни мәселенің қандай екендігі және қандай нәтиже күтілетіні туралы сипаттама беріледі .
Функционалды программалау - бірін-бірі шақыратын функциялар жиынтығынан және тізім түрінде жазылған өрнектерден тұрады
Логикалық программалау – формальды логика мен бульдік алгебраға негізделген, проблемалық шарттар мен логикалық байланыстардың сипаттамасы орнатылады, оған сәйкес бағдарламалау жүйесінің өзі енгізілген мәліметтер мен формулалардың ықтимал салдары мен байланыстарын есептейді
Объектіге бағытталған программалау - программаны объектілер жиынтығы ретінде көрсетуге негізделген бағдарламаны жобалау тәсілі
Объект – аты және басқаларынан ажыратa алатын қасиеттері бар программалық жасақтама түрі
Программалау тілінің компоненттері
  • Әліпби (Алфавит) - командалар мен программа конструкцияларын құрайтын белгілер жиынтығы
  • Сөздік - қатаң белгіленген мақсаты бар сөздер
  • Синтаксис - командалар мен басқа тілдік құрылымдарды жазу ережелерінің жиынтығы
  • Семантика - программалау тілінің командаларын немесе конструкцияларын түсіндіру және орындау ережелері

Трансляторлар


программа
машиналық код
жоғары деңгейлі тілдерде жазылған программалардың әртүрлі операциялық жүйелермен, программаланатын құрылғылармен және жабдықтармен байланысын қамтамасыз етеді

Транслятор

  • программаны талдайды, қатені іздейді, түзетеді;
  • программаны машиналық тілге түрлендіреді;
  • орындалатын программаны оңтайландырады;
  • орындалатын программа үшін машиналық жадты бөледі

Транслятор


(программалық кодты машиналық кодқа түрлендіретін программа)
Компиляторлар
Интерпретаторлар
  • Барлық бастапқы код машиналық кодта аударылады;
  • Аударылған программа орындалады;
  • Бастапқы файл құрылады;
  • Бастапқы файлдың орындалуын операциялық жүйе жүзеге асырады.
  • Әр оператор бойынша аударылады;
  • Аударылған оператор орындалады;
  • Операциялық жүйе интерпретатормен өзара әрекеттеседі;
  • Бастапқы кодтың «бөлігі» аударылады, операциялық жүйе оны орындап келесі код бөлігін күтеді..
  • Жоғары деңгейде құрастырылған программалау тілі;
  • Әртүрлі қосымшаларды әзірлеуге сәйкес келеді;
  • Операциялық жүйелерді, драйверлерді, антивирустық программаларды, утилиттерді құру барысында қолданылады;
  • Windows операциялық жүйесінің көп бөлігі осы С++ тілінде жазылған;
  • Ойындарды әзірлеуде кеңінен қолданылады.
  • Жоғары деңгейлі программалау тілі;
  • Қуатты программа, алайда үйренуге өте жеңіл;
  • Қолданбалы қосымшалар мен веб-әзірлемелерді жазуда қолданылады;
  • Python программалау тілінің синтаксисі максималды жеңілдетілген.
  • Объектіге-бағытталған программалау тілі;
  • Әртүрлі саладағы қосымшаларды әзірлеуге сәйкес келеді:
  • Веб-әзірлеме;
  • Ойындар;
  • Мобильді программалық жабдықтар;
  • Ғылыми мақсаттарға арналған программалар және тағы басқалар.

Процедуралық программалар
Процедуралық емес программалар
Тапсырма 1. Программалау тілдерін түрлеріне қарай орналастыр.
Процедуралық программалар
Процедуралық емес программалар
Тапсырма 1. Программалау тілдерін түрлеріне қарай орналастыр.
Бақылау сұрақтары
1.Программалау тілі деген не?
2.Транслятор ұғымына анықтама бер, компилятор, интерпретатор қызметтерін анықта.
3. Төмен және жоғары деңгейлі программалау тілдерін айырмашылығын салыстыр.
Бекіту
Қорытынды

Бүгінгі сабақта программалау тілі түсінігі мен олардың түрлерін ажыратуды үйрендік

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет