«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы
Есеп
Баспа: 1
Бет /1
ЕСЕП Мен Бақтығалиев Бекзат Серікұлы мамандығым бойынша «Дәрілік препараттарды өндіріске енгізу» 30.01.2023-10.04.2023 аралығында практикадан өттім.
Практикалық оку басталған алғашқы күні қауіпсіздік техникасы қағидаларын және еңбекті қорғау жайында білдім, экология және өндіріс қауіпсіздігі қағидаттарын зерделедім. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеттері мен функцияларымен таныстым. Фармацевтикалық өнімді өндіруді ұйымдастырудағы GMP принциптерін зерттедім. Фармацевтика өнеркәсібіндегі нормативтік базамен таныстым.Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын қарап шықтым.
Тақырыптық жоспарға сәйкес өндірістік тәжірибеден өттік. 30.01.2023 ж бастап ТОО«Kelun-Kazpharm» атты компанияларының тәжірибеге жауапты жетекшілері бізге силлабусқа сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тікелей өндіріс орындарынан мүмкіндігінше өндірістің жүру барысын көрсетті. Практикаға жауапты жетекшілердің тәжірибені өткізген форматы өте пайдалы әрі қызықты болды, себебі танысу барысында өндірістің құрылымы мен жалпы жұмыс істеу принципі жайлы мағлұмат алдық.
GMP стандарттарына сәйкес қағидалар мен аппараттардың қалай жұмыс жасап ондағы дәрілік препараттардың әзірленуін және кәсіпорындағы А,В,С,D тазалық кластарының бөлінуін мұқият тыңдап, таныстым. Kelun-Kazpharm - да мен ондағы жұмыс барысы яғни, дәрі өндірісін көріп олардың қаптамаларын жасауменде айналысып үлгердік. Негізі бұл Қытай мемлекетінде қаланған компания болғандықтан, басшы есебінде Қытай азаматы болды, жәнеде көптеген басқару істерінде білікті қытай азаматтары болды. Осы компаниядағы тәжірибеме сүйене келе мен білікті маман болып көптеген тіл меңгеру деген тұжырымға келдім.
Негізгі тәжірибеден өту мақсатым бұл,қауіпсіздік ережелерімен, мекеменің бөлімдерімен, атқарылатын қызметтерімен,ақпараттық жүйелерімен танысу және солармен жұмыс жасап көру болды.
Тәжірибеде лекциялар мен өндірістік алаңдарды көзбен көру арқылы жетекші болған компания мүшелерінің өздеріне қойылған сұрақтарға толық жауап беруі әсерінен менде өндіріс жайлы толық білім қалыптасты деп айта аламын.
Біз тақырыптық жоспарға сай тәжірибеден өттік және бұл тәжірбие мен үшін жаңа дүниелермен танысып болашақ мамандығымды дұрыс таңдағаныма дәлел болды.