Сабақ барысы: І. Сәлемдесу



Дата01.03.2023
өлшемі19,9 Kb.
#70718
түріСабақ
Байланысты:
Документ 3


Тақырыбы: «Кемелдену»
Мақсаты: Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ «кемел адам» бейнесін , моделінің жобасын жасау.
Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып- түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір – біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге жетелеу.
Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып , елін сүюге , адамгершілік , адалдық , ізгілікке , ғылым- білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қаламдар, плакаттар, слайд
Сабақ барысы:
І.Сәлемдесу.
Оқушыларды түрлі –түсті жүрек пішінді қағаздарды түсіне қарай таңдауымен топқа бөлу.
Қағаздың ішкі 2 бетінде мантра жазылған.
ІІ. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. Мантра оқылады.
ІІІ. Жүргізушінің кіріспе сөзі:
Құрметті оқушылар!
Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Бүгін сендермен «Кемелдену» тақырыбында
тренинг өткіземіз.
Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс.
Кемел адам – ақыл-ойы толысқан кісі, кісілікке жат қылықтардан әбден арылып
тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен
негізіне мейлінше жақындаған асыл адам.
Жер әлемде адамзат баласы өмір сүргелі бері нағыз адам, кемел адам, толық адам сияқты түсініктер пайда бола бастады. Және оған әркім өз түсінгенінше тоқталып, әркім өзінше анықтама берді. Кезінде қазақтың ақыны Абай Құнанбаев та «Адам» ұғымына сипаттама беріп, оның қалыптасу және даму сатыларына тоқталған болатын. Онда ақын өзінің 11- қара сөзінде «Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деп сипаттама береді. Сонымен қатар адамдық сипаттар немесе қасиеттер ретінде өзі үшін емес халық мүддесі үшін өмір сүрудің маңызын «өзі үшін өмір сүрген адам өз бетінше оттаған хайуанмен тең, ал көпшілік үшін тіршілік ететін
адам «нағыз адам» дегенді келтіреді.
Оқушы, жазушы, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі
қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы керек деп ойлайсыңдар?
Тренинг тапсырмалары барлық топқа бірдей тақырыпта беріледі, алдарыңыздағы плакатқа берілген уақыт ішінде өз ойларыңызды жазып, әр топтан бір оқушы қорғайды.
Барлық топқа бірдей сұрақ қойылады. Ойлануға 2 минут. Постерді топ басшысы қорғайды. Қорғауға – 1 минут уақыт беріледі.
1- Тапсырма. Кемел адам моделін көрсетіңіздер.

- Дұрыс айтасыңдар, Кемелдену үшін әрбір адамға, кәсіби тұрғыдан дамуына, Отан мен жанұя алдындағы парыздарын өтеу үшін осы қасиеттердің бәрі адам бойынан табылуы


қажет екен.
2-тапсырма. Кәсіби кемелдену үшін не істеу қажет?
- Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Болашақта білікті, білімді маман болу үшін — әрбір оқушы өз білімін үздіксіз дамытып отыруы тиіс. Оқушы білімінің жоғары дәрежеде болуы - мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Кәсіби тұрғыдан кемелдену үшін әрбір азамат не істеуі қажет? Эссе жазу. Топ мүшелері бір-бір сөйлемнен жазады. Ойлануға 2 минут. Оқуға – 1 минут уақыт беріледі.
3-тапсырма. Абайдың 17 қара сөзін талдау. Ойлануға – 5 минут.Баяндауға 1 минут
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
І топқа
Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.
ІІ топқа
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» – депті.
ІІІ топқа
Жүрек айтыпты: «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде
мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.
ІҮ топқа
Сонда Ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
– Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік
ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, – депті.
– Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан Тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін
тауып беріп жүрсің, соның жаман, – депті.
– Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

– Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым, – депті.


Жүргізуші: Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер Абайдың «Ғылым
таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер малшашпақ
– Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
– Бес асыл іс, көнсеңіз
Абай атамыз атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды:
талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым –
жүректен туатын қасиеттер.
4-тапсырма. Адам кемелдігі неде, бақытқа қалай жетуге болады? Мақал-мәтелмен көркемдеп, сурет арқылы да әңгімелеп беруге болады. Ойлануға – 5 минут, қорғауға – 1 минут.
1 топқа - Кемел адамды қалыптастыру отбасы тәрбиесінен басталады;
2-топқа- «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуінен басталады бақытты өмір»;
3- топқа "Адам қайырымдылық, сұлулық, игілік және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен тәні арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол жеткізеді".
4-топқа «Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Бақытқа өз адамгершілігін, кісілігін сақтаумен ғана жетуге болады. Егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарама - қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар: біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді; екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады; үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды; төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін; бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді".
Бекіту. «Кемел адам»
Кемел адам
Менің Мен
ойым
кіммін?

Қорытынды:


Бүгінгі күнді алып қарасақ, елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытатын, сондай – ақ, Қазақстан Республикасын 50 дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік жасайтын – тәрбиелі, білімді жастар. Өздеріңіз айтқандай адами қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға елімізді, халқымызды бақытты болашаққа жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық.
Тату ағайындылар
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі
жағында болса да, олар бір - біріне көмектесіп, тату - тәтті өмір сүреді. Бір күні
ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы
ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана
шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз.
Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.
Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап
бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта - қайта
санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлері-нен шығады.Толық ай
туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп
қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
- А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір - бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан
кейін екеуі бір - бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады,
достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау - адам
бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге,
қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің
белгісі.
Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да, жақсылыққа толы болады. Ол
жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адамдар, айналасы
жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ол өзінің
жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетеді. Сондықтан халық:«Жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын»,- дейді. Мен де сендердің жақсылықтарың, жақсы істерің көп болса
деп айтқым келеді. Сендер де өз достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтыңдар. Сол
себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап
жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтіні, оның шарапаты өзіңе, жақындарыңа,
тіпті еліңе тиетінін сендер де жақсы білесіңдер. Әрдайым алғысқа бөленіп, ризашылыққа
кенеліп жүрулеріңізге тілектеспін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет