Инклюзивті білім беру пәні Дайындаған: п.ғ. м., аға оқытушы, Phd докторанты С. Т. Булабаева



бет1/9
Дата26.04.2023
өлшемі109,11 Kb.
#87015
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Инклюзивті білім беру пәні

Дайындаған: п.ғ.м., аға оқытушы, Phd докторанты С.Т. Булабаева

Мазмұны:

Инклюзивті білім беру

  • Әлемдік қоғамдастық барлық адамдардың нәсілдік, этникалық, жыныстық, дене, психикалық және басқа да айырмашылықтарына қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰ-ның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын бекітті

«Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі».

  • «Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі».

Инклюзивті білім берудің қағидасы:


* Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
* Әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
* Әр адамның қарым-қатынас жасауға және ойын білдіруге құқығы бар;
* Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
* Шынайы білім беру тек нақты қарым-қатынас контекстінде жүзеге асырылуы мүмкін;
* Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж;
*Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Европа, АҚШ елдерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың 4 бағыты қалыптасқан

  • Widenning participation – білім алуға қолжетімділіктің кеңейтілуі. Оның басты мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында білім алатын білім алушыларға білім беру мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл саясат білім беру мекемелерін қаржылау стимулдау, түрлі келісімшарттар арқылы жүзеге асырылады.
  • Mainstreaming – бұл контекстіде іс - шаралар шеңберінде қалыпты және ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың бірігіп әрекет етуі.
  • Integration – барлық балаларды білім беру үрдісіне олардың тұлғалық, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып қосу.
  • Inclusion – жалпы білім беру үрдісінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қалыпты балалармен бірге білім алуы, кез - келген дискриминацияны болдырмай, білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет