Вирустан қорғау (Защита от вирусов; virus protection) машиналық файлдарда компьютерлік вирустардың пайда болуына қарсы қолданылатын программалық құралдар мен шаралар жиынтығы.
Жадты қорғау (Защита памяти; memory protection) жадтың қандай да бір аймағын оны қолданудан сақтайтын программа ішіндегі код.
Жазудан қорғау (Защита от записи; write protection) мәліметтерді жазу амалын орындау үшін файлға қатынас құруға тыйым салу. Бұл жағдайда мәліметтерді тек оқуға болады.
Мәліметтерді қорғау (защита данных; data protection (security) - мәліметтерді өңдеу жүйесінде - олардың біртұтастығын, сақталуын және өңдеу сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен құралдар жиыны.
Жүйені қорғау (Защита системы; file security) - Мәліметтерді қорғау.
Жүйені қорғау (Защита системы; file security) - Мәліметтерді қорғау.
Көшіруден қорғау (Защита от копирования; copy protection)-дискіге немесе таспаға көшіргізбейтін жүйе. Қорғалған программалы дискіде стандартты құралдармен көшіру кезінде жойылатын кодталған ақпарат (кілт) болады. Кілт болған жағдайда ғана қорғалған программа іске қосыла алды.
Криптографикалық қорғау (Криптографическая защита; cryptographical security) - шифрлау (кодтау) тәсілімен мәліметтерді қорғау.
Қатеден қорғау (Защита от ошибок; error protection) -қателіктерді анықтау және жөндеу кодтарын пайдалану; алдыңғы амалдардың орындалу дұрыстығын тексеру әрекеті; аргументтердің мүмкін мәндерін тексеру.
Мәліметтерді қорғау (Защита данных; data protection (security) - мәліметтерді өңдеу жүйелерінде мәліметтердің даналарына немесе типтеріне қойылған шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық, техникалық тәсілдер және құралдар.
Оқудан қорғау (Защита от чтения; write protection) -мәліметтерді оку үшін файлға қатынас құруға тыйым салу. Бұл жағдайда мәліметтерді тек жазуға болады.
Пайдаланушылардың құқын қорғау (Защита прав пользователей) - программалар мен мәліметтерге қажетті уақытта кедергісіз қатынас құруға және олардың мәліметтерін басқа адамдардың пайдалануынан сақтандыруға бағытталған ережелер, әдістер мен құралдар жиынтығы.
Парольмен қорғау (Защита паролем(с помощью пароля); password protection) -мәліметтерге қатынас кұру үшін пароль енгізуді талап ететін мәліметтерді қорғау тәсілі.