«Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді



бет1/9
Дата24.04.2022
өлшемі24,74 Kb.
#32088
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Шығармашыл мұғалім – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты». Н. Назарбаев.

Осы орайда, біздің басты мақсатымыз – даярлық,бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс-тәжірибемізде қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік берем

із. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы балабақша, даярлық сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық – адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу-процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық-педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудемін.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет