«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»


Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың
 өзіндік шығармашылық ізденістерін арттыру
 Шілдебаева Жанар Төлешбайқызы
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы  Аққұм ауылы
А. Бисенов атындағы №38 орта мектептің жоғары санатты 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әлемде   болып   жатқан   қарқынды   өзгерістерге   сай   XXI   ғасырдың   оқушыларын   лайықты   оқытуда
қазіргі   білім   беру   жүйесінің   жаңаша   мазмұн   алуы   бәсекеге   қабілетті   отыз   елдің   қатарына   енуге
ұмтылған мемлекетіміздің өркениетті дамуына сүбелі үлес қосары анық. Нәтижеге бағытталған білім
берудің қажеттілігі –бүгінгі заман талабы.
Қазақстан Ресубликасының Президенті Н.Ә Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір
мүдде,   бір   болашақ»   Қазақстан   халқына   Жолдауында:   «Орта   білім   жүйесінде   жалпы   білім
беретін   мектептерді   Назарбаев   зияткерлік   мектептеріндегі   оқыту   деңгейіне   жеткізу   керек.
Мектеп   түлектері   қазақ,   орыс   және   ағылшын   тілдерін   білуге   тиіс.   Оларды  оқыту  нәтижесі
оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру
болуға тиіс» деген сөзі бәрімізге айқын.
Білім сапасын арттырудағы басты тұлға-ұстаздың үнемі ізденуі, білімін жан-жақты жетілдіруі талап
етіледі.   Қазақстан   Республиксының   педагог   қызметкерлерінің   біліктілігін   арттыру   курстарының
бірінші   деңгей   бағдарламасын   меңгеру   барысында   мұғалімдерге   артылар   жауапкершіліктің
қаншалықты маңыздылығын түсінгендеймін. Бәсекеге қабілетті ұрпақты дайындау жолында отандық
табыстарды  зерделеп,   ұлттық   ерекшеліктерімізді   ескере   отырып,   әлемдік   жинақталған   тәжірибеге
сүйену арқылы оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырудың қажеттілігі сезілуде.
Мұғалімдерге   біліктілікті   арттыру   курстарында   деңгейлі   бағдарламаларды   игеруде   оқушылар
өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, өз ойларын жеткізе алатын, алынған ақпаратты
ұғына отырып, сын тұрғысынан ойлауға,  талдауға бейімделген, өз бетінше шешім қабылдайтын, өмір
сүруге бейім тұлғаны даярлауға мүмкіндік береді. 
Сын тұрғысынан ойлауға   үйрету арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың бойына
жағымды ахуал қалыптастыруға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.
Сын тұрғысынан ойлау тақырып бойынша білетін ақпараттарын еске түсіріп, жинақтай отырып, жаңа
ақпаратпен танысу барысында алынған білімнің не үшін қажеттілігіне баға берумен негізделеді. 
Сыни ойлауға негізделген сабақ үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушылардың жаңа ақпаратқа
қызығушылығы оянады,   бойындағы бар  білімін жүйелейді,  сындарлы  қарым-  қатынаста  өзара   ой
алмасады,   жаңа   тақырыптың   мақсатын   анықтайды.   Екінші   кезеңінде   жаңа   ақпаратпен   танысады,
жаңа ақпаратты өзіндегі бұрыннан бар білімімен байланыстырады, пайда болған сұрақтарға жауап
іздейді, оқыған ақпараттарын талдайды. Ақпараттың маңыздылығы туралы шешім қабылдай алады.
Үшінші   кезең-білім   алудың   қорытынды   кезеңі.     Рефлексия   арқылы   оқушылар   өз   ойларын   айқын
тұжырымдайды, өз білімінің толығуын   тексереді. Ойды     мұқият таразылауға, бағалауға, талдауға,
болжай білуге үйретеді.  Бұдан шығатын  негізгі түйін: оқушы жаңа білімге өзінде бар білім арқылы
келеді.   
Дәстүрлі   оқытудағы   білім   мазмұнын   құрудың   ақпараттық-түсіндірмелік   тәсілі   оқушыны
жаттандылыққа, сабақ барысында меңгерген теориялық білімін өмірде қолдана алмайтын шектеулікке
әкеп   соғары   анық.   Сондықтан   да         педагог   қызметкерлердің   біліктілігін   арттыру   курсының
бағдарламасын меңгергеннен кейін, мектепте оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде бірнеше
қадамдар жасалды:
     1.Оқушыларды бірлескен топтық жұмысқа тарту   сын тұрғысынан ойлауды дамытудың алғашқы
тәсілі   болып   табылады.Топтық   жұмыс   уақытында   оқушылар   өз   сыныптастары   мен   мұғалімнің
тұрақты қолдауына ие бола отырып, сын тұрғысынан ойлауға тартылады.
          2.Сын   тұрғысынан   ойлауға   үйретудің   негізгі   көздерінің   бірі-ашық   сұрақтар   қоя   білу.   Ашық

сұрақтар Не? Қашан? Кім? Қанша? Қалай? Неге? Дегеннен басталады.Ашық сұрақтар қою арқылы
креативті ойлар туынайды. 
      5-сыныптың әдебиет сабағында «Ер Төстік» ертегісінен төмендегі мәтінді оқу барысында  сыни
ойлауға жетелейтін сұрақ қойылды:
...Төстік өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, екі айда екі жастағы баладай,
үш   айда   үш   жастағы   баладай,   бір   жылда   он   бестегі   жаңа   өспірімдей   болып,   екі   жасында
алысқан кісілерін алып ұратын алып бала болады. 
Халық баланың бұлай тез өсуін неге армандады? Төстікті екі жасында алып бала етіп бейнелеуіне не
себеп болды?
     3.Оқушыларға нақты ақпаратты ұсынбай, екіұдай ойлануға жетелейтін әдістерді қолдана білу де
сыни ойлауға дағдыландырады.
    7-сыныпта Қазыбек биге қатысты мәтінді талдау барысында бидің қалай төрелік ететініне болжам
жасау ұсынылды:
           Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде бір бала үшін дауласып, екі әйел алдына келіп
жүгінеді. Әйелдің бірі:
    -Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды
ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам, «өз
балам» деп бермейді,- дейді.
    Екінші әйел тұрып:
   -Бала өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр,-дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін
тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады...
     Қазыбек би екі әйелдің дауын қалай шешеді? Қандай болжам айтар едің?
4. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту және қадағалау мақсатында     бағалау
және рефлексияны пайдалану да өз нәтижесін береді.  
Бүгінгі сабақта сіз үшін не аса маңызды болды? 
Бүгінгі алған біліміңіздің басқа сабақтармен және мектеппен қандай байланысы бар? деген сұрақтар
қою арқылы рефлексия жасау білім алушыны сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, сын тұрғысынан ойлау бір нәрсені елестетуге, болжам жасауға, ақпаратты нақты
ұғынуға, бағалай және талдай білуге дағдыландырады. Мен өз ойымды ұлы хакім Абайдың мына
нақыл сөзімен қорытындылағым келеді: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік
болса, сонда ғана оның аты адам болады.» Бұдан шығатын негізгі түйін, баланы білуге өз еркімен,
шын махаббатпен жетелей білсек, өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар шәкірт тәрбиелесек, көздеген
мақсатқа жете білгеніміз.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы Сырдария ауданыn№44 орта мектебінің 
химия пәнінің мұғалімі Медетова Ләззат Мүталлапқызы 
І деңгей тыңдаушысы, сертификатталған
         Жеке  тұлғаны қалыптастырудағы сындарлы оқытудың тиімділігі
Қазіргі   ғылым   мен   техниканың   қарыштап   дамыған   кезінде   оқу   -   білімнің,   соның   ішінде
болашағымыз,     бүгінгі   мектеп   оқушысының   білімі   мен   тәрбиесі   аса   маңызды   мәселе.   Еліміздің
әлеуметтік - экономикасының дамуына  өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты
дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел
тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас   ұрпаққа   білім   беруде,   оларды   болашақ   еліміздің   тұтқасы   етіп   тәрбиелеу   әр   ұстаздың,   әрбір
мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі
әрі   ауқымды  өзгерістер  өрістеуде.   Осы  мақсатта   мемлекетіміздің  білім   сапасын  арттыратын  түрлі
құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп,
еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім
беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және
рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен
өтетін   және   алынған   нәтижелерге   бағытталған   өзгерістер.   Қоғамдағы   жүріп   жатқан   өзгерістер,
ғылыми- техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты
тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана -
білім. Білімді ұрпақ ғана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми

үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
    Адам баласының жер бетінде адам болып, бақытты ғұмыр кешуі үшін екі нәрсе керек.Ол – тән
азығы мен жан азығы. Тән азығы адамның тірі жан ретінде өмір сүруін қамтамасыз етсе,  ал тән
азығына материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін азық-түлік, киім-кешек, баспана, көлік
сияқты   адамның   күнделікті   тіршілігін   қамтамасыз   ететіндер   жатады.   Ішкі   жанымызбен,
түйсігімізбен   сезінетін   рухани   дүниені   меңгеруге   ұмтылу   –   жан   қалауы.   Басқаша   айтсақ,   жан
азығы   –   рухани   құндылықтар.   Қазіргі   таңда   рухани   құндылықтардан   гөрі   материалдық
құндылықтың   яғни,   тән   қалауы   бірінші   орынға   қойылғанын   біз   жасыра   алмаймыз.Бұл   жас
ұрпақтың   білімі   мен   тәрбиесіне   кері   әсер   ететіні   белгілі.   Егер   біз   рухани   құндылығымыздан
айырылсақ, табиғатты сүю, ата-ананы сүю, бірге туған бауырды сүю, жалпы адамзатты сүю, өз
Отанын, ұлтын сүю деген қасиеттерден қол үзіп қалмауымыз мүмкін. Біз көптеген жасөспірімнің
өзіндік   пікірі,   көзқарасы  қалыптасуы   кенжелеп,   ойды   еркін  жеткізу  қабілеті   төмендеп  кеткенін
жасырмауымыз керек. Тестпен емтихан алу, ҰБТ сынақтары оқушының тек тестке дайындалып,
материал жөнінде бетсыдырғы мәлімет алып, мағынасына терең үңілмей-ақ сынақтан өтіп, рухани
құндылықты   өмір   сүру   қағидасы   ретінде   жаратпауы   алаңдарлық   жағдай.   Сонымен   қатар
компьютер, ұялы телефон, ғаламтордың дамып, қолжетімді болуы, жасөспірімдердің көңілін аулап,
оқушылардың   кітап,   газет-журнал   оқу   дағдыларын   бойына   сіңіруіне   мүмкіндік   бермей,
көзқарастың тарылуына әкелді.Рухани құндылықтан ада болып, адамгершілік қасиетіміз алшақтап,
білімді механикалық тұрғыдан меңгерсек, біздің күлтемірден айырмамыз қайсы?! Мен бұл жерде
қоғамда   барлығы   осындай   деуден   аулақпын.   Бірақ,   жасөспірімнің   көбі   өз   уақыттарын   тиімді
пайдаланбайтыны белгілі. Қазіргі таңда жоғарыда айтылған компьютер, ұялы телефон, ғаламтор
сықылды жетістіктерді жасөспірімдердің рухани өркендеу үшін пайдалануын жүзеге асыруымыз
керек.   Ол   үшін   не   істесек   болады?   Ғылым   мен   техниканың   шапшаң   дамыған   заманында,
компьютер   мен   ұялы   телефонға   тәуелді   болған   жасөспірімдердің   қолына   оқулық   ұстатып,
тәрбиелеп, оқыту мұғалім алдындағы үлкен бір мәселе.Дегенмен, қандай да бір қиыншылықтан
шығудың жолдары болатыны белгілі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында  «Орта білім
берудің   мақсаты   –   терең   білім,   кәсіби   дағдылар   негізінде   еркін   бағдарлай   білуге,   өзін-өзі   іске
асыруға,   өзін-өзі   дамыту   және   өз   бетінше   дұрыс   адамгершілік   тұрғысынан   шешім   қабылдауға
қабілетті   жеке   тұлғаны   қалыптастыру»   делінген.   Ал   мұғалімнің   міндеті   жеке   тұлғаның   өзіне,
қоғамға   қажетті   қабілеттерін   қалыптастыру,   дамыту   және   өз   бетімен   білім   алуына,   өзін-өзі
дамытуға   қолайлы   жағдай   туғызу.   Осы   тұрғыда   былтырдан   бастап   жаңа   форматта   оқыту   мен
оқудың   Кэмбридждік   әдіс-тәсілін   қазақстандық   мұғалімдерге   меңгерту   қолға   алынды.   Себебі,
жоғарыда   айтылғандай,ақпараттық   қоғамныңнегізгі   талабы   –   оқушыларға   ақпараттық   білім
негіздерін   беру,   логикалық   ойлау   қабілетін   дамыту,   ақпараттық   технологияны   пайдалану
дағдыларын   қалыптастыру   және   ақпараттық   сауатты   болып   өсу   мен   ғасыр   ағымына   бейімдей
тәрбиелеу, яғниақпараттық қоғамға бейімдеу болып табылады. Ағылшындардың озық тәжірибесі
осыған сәйкес келеді.
Өздерін ұлы халықпыз деп есептейтін ағылшындардың жас ұрпақ үшін жасаған бұл бағдарламасы
шынында да осал емес екен. Бүкіл әлемді өзінің тілімен баурап алған ағылшындарды ұлы демеске
амал да жоқ. Бағдарлама нұсқаулығының алғашқы бетінен-ақ:  «Бұл бағдарламаның басым бөлігі,
түрлі   тәсілдер   қарастырылғанына   қарамастан,   сындарлы   оқыту   теориясы   негіздерін   қамтыған.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған
өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу
жағдайлары   орын   алады.   Дәстүрлі   оқытудан   алынған   механикалық   түрде   есте   сақталған
мәліметтерді   емтихан   кездерінде   ұтымды   пайдалануға   болады,   бірақ   мән-мағынасы   терең
меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен
соң   керексіз   болып   қалады   және   оқушы   оны   өмірде   пайдалана   алмайды.   Сындарлы   оқытудың
мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде,
кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету» деген сөздер ішіңді жылытады. Бізге
керегі де осы емес пе еді?!
Бағдарламаның оқушыға тиімді боларын, оған білім мен тәрбие берудегі зор үлесі бары сезіліп
тұр. Себебі, оқытып тәрбиелеуді қатар алып жүрудің қыр-сырын ағылшындар терең меңгергенін
көруге   болады.   «Мұғалім   –   мектептің   жүрегі»   деп   халқының   болашағы   үшін   білімнің   даңғыл
жолын   салған   Ыбырай   Алтынсарин   бекерден   бекер   айтпаған.   Әрбір   мұғалім   өзін   мектептің
жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс.Өз ісіне аса ықыласпен
ден қоя отырып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білсе нұр үстіне нұр.

Бағдарламада   зерттеуші-психолог   Шульман   түсінік,   дағды   және   тұтастықты  «мұғалімнің   үш
көмекшісі»  деген.   Оны   бас-   кәсіби   түсінік,   қол   –   оқытудың   тәжірибелік   дағдылары,   жүрек   –
кәсіби-өнегелік   тұтастық   деп   түсіндіреді.   Бұдан   біздің   ұққанымыз,   әр   мұғалім   теория   мен
тәжірибені   ұштастыра   отырып,   шын   ынта-ықыласымен   оқушыларға   мейірімділік,   аяушылық,
құрмет  таныта  білуі   тиіс.  Бұл  біздің біліктілігіміз  бен рухани құндылығымыз  жоғары деңгейде
болуы   керек   деген   сөз.Сындарлы   оқыту   теориясының   негіздері   еліміздің   білім   беру   саласына
тереңінен сіңіссе, білімді де тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар
өсіп шығары белгілі. Ал, жастар – еліміздіңболашағы. Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы
мығым болса, өміріміз де әрлі болары анық. Білімнің мазмұнымен қоса, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
ақпараттық   технологияны   пайдалана   отырып,   мағынасына   терең   мән   бере   оқытуды   көздейтін
оқытудың кэмбридждік әдісінің бізге берері көп. Сол себепті еліміздің әрбір мұғалімі бұл оқыту
әдісін   меңгеруден   бас   тартпауы   тиіс   деп   есептеймін.Оқушылардың   сапалы   білім   алуы
мұғалімдердің   білімділік   және   кәсіби   шеберлігін   қажет   етеді.Үлгілі   ұстаз   ғана   қабілетті,   жан-
жақты   шәкірт  тәрбиелей  алады.Шәкіртті   қарапайым   бала   деп  емес,   жеке   тұлға   ретінде   дамыту
қажет.Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен   қарап, жаңа заман талабына сай, осы
бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса,
игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Елбасымыз   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   өзінің   кезекті   жолдауында   «Бізге   экономикалық   және
қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен
еді.   Қоғамымыз   өте   тез,   шапшаңдықпен   қарқындай   дамып   отырған   мына   заманда   халық   ағарту
саласының   қызметкерлеріне   түсер   салмақтың   жеңіл   болмасы   да   анық.   Заман   талабы   мен   уақыт
көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.  Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін
мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға ғылыми зерттеудің
әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу
керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті.
Танымдылығы   мықты   балада   өзіндік   мақсат,   нәтиже   болады.   Яғни,   қазіргі   заманғы   сындарлы
оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін - өзі немесе
«Менін» көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен
аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді.
Нәтижесінде  «Мен»  тұжырымдамасы бізді  алға  жылжытатын және біздің мінез құлықтарымызды
бағыттайтын,   өзін-   өзі   реттеуге   жетелейтін   әлеуметтік   стимул   екендігі   айтылған.   Осы   сындарлы
оқытудың   жүйелі   жүзеге   асуының   нәтижесінде   заман   талабына   сай   білімді   ұрпақ   қалыптастыру
мүмкіндігі жеткілікті болады.
Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына
қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның
бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез
құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс- тәсілдерінің
барысында және іс әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына
сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез - құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап
тұра   алады   және   өзін   -   өзі   жетілдіреді.   Яғни,   нәтижелі   оқу   жақсы   мінез   -   құлыққа   тікелей
байланысты.
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын
заманда   алынған  білімнің,   кәсіби  дағдылардың   негізінде   еркін   бағдарлай     білетін,   өзін   -   өзі   іске
асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге
асырыла бастауының бірден бір себебі - осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы
оқытуды   жүзеге   асыруда   бағдарламада   қамтылған   жеті   модульді   сабақтарда   ықпалдастырудың
маңызы өте зор.
Мұғалім   бала   бойындағы   шығармашылық   сапалардың   болатындығын   мойындап,   әрі   қарай
дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, әсіресе дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет:
Міне, осындай күрделі де қызықты бағдарламаны жүзеге асыру біздің басты міндетіміз.
К.Д.Ушинский: "Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады"  деп бекер айтпаған. Ал, жаңа форматтағы оқытудың
Кэмбридждік әдіс- тәсілін үйренгеннен табатынымызға сенімім мол.
 
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы
2. Білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Физика  пәнінде  АКТ –ны  пайдалану арқылы  оқушылардың  
танымдық қабілетін  дамыту
Автордың  аты- жөні:  Елеусінова  Мирамкүл
Мекен –жайы: Қызылорда  облысы, Жалағаш  кенті
Мекеменің  аты: № 202 орта мектеп
                                                А н н о т а ц и я
Коучинг сабақтың мақсаты:  
1. АКТ- ның сыныпта  мұғалімді  ауыстыру  құралы  ретінде  емес, оқу үдерісінде көмек 
көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу. 
Коучинг  сабақтың  міндеті:  
 АКТ  құралдарын  сыныпта  тиімді  енгізу.
● АКТ-ны  мұғалімді  ауыстыратын  құрал  ретінде  емес, оқытудың қолданыстағы  құралы  ретінде  
қолдану. 
● АКТ-ны  барлық  оқушыларды  қатыстыруды  болжамдайтын  оқу әдісі тәжірибесінде  қолдану  
және оқудың  әлеуметтік  аспектісін  дамыту  үшін  пайдалану. 
Сабақта  оқытудың  жаңа  технологияларын  тиімді қолдана білу. Оқушының  таным  белсенділігін
қалыптастыру    барысында   шығармашылық       ізденістің  тиімді     жолдарын    үйрету,   білім   сапасын
көтеру.   Шығармашылықпен   жұмыс   істей   отырып,   заман   талабына   сай   іскер,   жан   -   жақты,   терең
білімді, интеллектуалдық  деңгейі жоғары дамыған  шәкірт  тәрбиелеу.
«Қазіргі заманда  жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік  стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру   өте қажет» Н.Ә.Назарбаев
Білім     беруді     ізгілендіру,   ақпараттандыру   –   бүгінгі   заман   талабы.   Өркениеттің   өсуі   ақпараттық
қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың
даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың
белсенді шығармашылықпен жұмыс  істеуін талап етеді. 
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. 
Қазіргі     заман     талабына   сай   адамдардың     мәлімет  алмасуына,   қарым-қатынасына     ақпараттық   -
коммуникациялық технологиялардың  кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде
ақпараттық   қоғамды   қалыптастыру   қажетті   шартқа   айналып   отыр.   Ақпараттық   қоғамның   негізгі
талабы   –   оқушыларға     ақпараттық     білім   негіздерін   беру,   логикалық   ойлау-құрылымдық   ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын   қалыптастыру және оқушы
әлеуметінің ақпараттық сауатты болып   өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни
ақпараттық
 
 
қоғамға
 
 
бейімдеу. 
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және
тасымалдау   істерін   қамтамасыз   ететін   математикалық   және   кибернетикалық   тәсілдер   мен   қазіргі
техникалық құралдар жиыны.
Білікті  мұғалім  оқушыға  АКТ-ні  қалай  қолдануды  үйрету үшін  оқудың  төмендегі  үш аспектісін
жекелеген пәндерді  оқытуда өзара  байланыста белсенді  қолдана  алуға   дайын  болуы  қажет .
Білімдердің   педагогикалық   аспектісі  мазмұнды   педагогикалық   ықпалды   формаларға   айналдыру
мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы
болып табылады. 
Педагогикалық  білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге
негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет