Ынтымақтастық педагогика технологиясының негізгі мақсаты талап ету педагогикасынан қарым қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі
Жаңа педагогикалық технологиялар төменде келтірілген, олар: ынтымақтастық педагогика технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелі оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогика технологиясының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі. Ынтымақтастық педагогикасының ерекшелігі – оқытушы - білім алушы, білім алушы - оқытушы, білім алушы - білім алушы, білім алушы да субъект, оқытушы де субъект.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, оқушының жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Мәселелік оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын оқушыны қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу болып табылады. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов, оның мақсаты - білімді, білікті, дағдыны қалыптастыру, оқытуды жеделдету. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері – оқу материалдарын үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау жүргізу, оқу үрдісінде кездесетін жоғары деңгейдегі қиыншылықтардың болуы, берілетін материалды ірі блокпен оқыту, оқыту үрдісінде тіректі қолдану, білім алушыларға жеке бағдарлы қарым - қатынас ықпалының болуы; білім алушыларды еркімен оқыту.
Түсіндіре басқарып, оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық оқушыны табысты оқыту. Ол төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады: - оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі; - саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; 28 - бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндете оңайлату әдісін, яғни оза оқыту әдісін қолдану; - сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; - бірте - бірте толық дербестілікке өту; - сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру;
Оқытудың жаңа технологиялары оқытушының алдына төмендегідей міндеттерді қояды: - педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу; - оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру; - оқу модулін құрастыру; - оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр білім алушыға арналған тапсырмалар құрастыру; - білім алушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау; - оқу - әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу. Осы аталған оқыту міндеттерін оқытушы меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек: а) проблемалық - рөлдік ойын; б) рефлексивті - рөлдік ойын; в) панорамалық сабақтар; г) педагогикалық ринг; д) педагогикалық идеялар аукционы; е) ашық сабақтарға кіру, талдау және т.б. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін - зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, яғни өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
2 такырып
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние жүзі бойынша тәлім-тәрбне саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеніне қолданады. Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» теориясы; негізінде қортындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда Нысаналы оқыту дегеніміз окыту мазмұның нысаналандыру, жүйелндіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, сол аркылы окыту сапасын жан-жақты көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мея «Игеріп оқу» теориясына қыскаша тоқтала кеткен жөн. «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы Адам өмірінде істелуге тиісті әрқандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл сол секілді окыту Жұмысы да белгілі оқьіту нысанасына жетуді мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған оқушының болашақта қан-дай жетістікке жетуін, қандай адам болу керектігін алдың-ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, сана-сезім саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет) саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни, білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы нысананы көрсетеді. Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылык, мінез, кұндылық көзқарасі, сондайақ бейімділік қабіті жағындағы нысананы, яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз — меңгеру және әрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша тәртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді, Ол бұны АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді әрі бұл еңбегі Блумның әлемдегі атағын да асқтата түсті.
Зерттеу жұмысының кіріспе және қорытынды бөлімінде не жазу керек?
Негізгі мәтінді кіріспе бөлімнен бастайсыз. Кіріспе сіздің зерттеуіңіздің бағдарламасы іспетті болады, яғни бұл бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырып аясының шегі, зерттеудің басты мәселесі, мақсаты мен міндеттері, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңыз, ғылыми жаңалығыңыз, зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдістер, еңбектің теориялық және практикалық құндылығы, зерттеудің сынақтан өтуі (егер болса), күтілетін нәтижелер, жұмыстың құрылымы жазылады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі бөлімінде айтылған ойлардың жиынтық тұжырымдары көрсетілуі тиіс, яғни осы жұмысты орындау барысында қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз, нені дәлелдедіңіз, сіздің ойыңызша, қандай пікір оң, қай пікір теріс, оған қалай көз жеткіздіңіз, дәйектемелеріңіз қандай және т.б. сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Жалпы тұжырымдар мен шешімдерден кейін сіз зерттеу жазып отырған саланың болашақтағы даму жолдарын көрсетуіңізге болады.
Зерттеудің негізгі бөлімінде не жазу керек? Әңгіме кез келген ғылыми мәтіннің негізгі бөлімін жазу кезінде ұстанатын стандартты ережелер туралы болмақ. Бұл жерде ең басты ереже мынадай: Әрбір жазбаша мәтін құрылымы «тезис - аргумент» байланысына бағынуы тиіс. Жұмысыңыз теориялық немесе эмпирикалық екендігіне байланысты бұл ереже әртүрлі жолмен іске асырылуы мүмкін. Мысалы, қандай да бір әдеби, тілдік, ғылыми дереккөздерге негізделген теориялық жұмысты алайық. Мұндай тақырыпты дереккөздерге қысқаша, бірақ барынша толық шолу жасаумен бастауға болады. Бұл арқылы сіз өзіңізге дейінгі ғылыми тәжірибені, ғылыми дәстүрді, осы тақырып немесе осыған ұқсас, жанама тақырып бойынша сізге дейінгі зерттеушілерді керсетіп қана қоймай, бұл ғылыми көзқарастар мен олардың авторларын білетіндігіңізді де байқатасыз, сонымен қатар оқырманды зерттеу тақырыбына кірістіресіз. 39 Бұдан соң зерттеуіңізде қойылған мәселені түсіндіретін қандай да бір идея немесе тұжырым, тезис беріледі. Бұл идея езіңіздікі болуы мүмкін немесе сіз өз түсіндіруіңізбен ұсынған басқа адамның идеясы болуы мүмкін. Осындай идея ұсынғаннан кейін, мәтіннің басты бөлігі - аргументтерге көшесіз. Аргумент ретінде қандай да бір мысалдарды көптеп беру барлық жағдайда дұрыс бола бермейді. Мысалдарды жалпы ережелердің, көзқарастардың керінісі ретінде немесе құрғақ логикалық, теориялық тұжырымдарды жандандыру үшін қолдануға болады. Әрине, мьюал ретінде заңнамалық құжаттар келтірілетін болса, әңгіме басқа, себебі бұл мысалдар бұлжымасереже ретінде дәлелдеуді қажететпейтін мысал бола алады. Мұндай ережені барлық ғылыми зерттеулерде қолдануға келе бермейді. Олай болса, аргумент қалай құрылуы керек? Аргумент келтірудің көптеген жұмысқа тән әдісі мынадай: жұмыста қандай да бір автордың (немесе авторлардың) ғылыми көзқарастары, тұжырымдары талданады. Мысалы, белгілі ғалым қандай да бірғылыми мәселені табысты шешті. Айталық, ғалым Ө.Айтбаев осы кезге дейін жүйеленбеген қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдерін жүйелеп керсетіпберді. Осыавтордыңзерттеулерініңнегізіндеоныңтұжырымдары терминологиялық тұрғыдан сауатты, жан-жақты түрде сіз қарастырып отырған көзқарас, ұстаным тұрғысынан талданады. Бұдан кейін аталған ғалым сөз болып отырған мәселені шешті. Біздің мысалымызда Ө.Айтбаев қазақ терминологиясының зерттелуіне жаңа дерек қосты деген шешім келтіресіз. Олай болса, сіз де өз жұмысыңыздың міндетін орындадыңыз. Сырт қарағанда бәрі дұрыс сияқты көрінгенімен, зерттеу жұмысында жетіспейтін нәрсе бар, ол - мәселеге деген сыни көзқарас. Бұл жағдайда сіз қандай да бір ғалымның (ғалымдардың) теориялық тұжырымдарын баяндап беріп отырсыз. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ жұмысыңыз тек реферат сипатында ғана қалып отыр. Кез келген ғылыми жобада реферат элементі болуы тиіс, алайда кәсіби жұмыс үшін бұл жеткіліксіз. Сіздің мәтініңізде келтірілген ұстанымдарға қатысты сыни баға болуы міндетті. Сыни аргументсіз жақсы жұмыс шықпайды. Сыни аргументті түрлі тәсілдер арқылы беруге болады. Мысалы, түрлі авторлардың көзқарастарын қарама- қарсы қойып, екі кезқарасты салыстыру арқылы өз ұстанымыңызды көрсетуге болады. Келесі тәсіл - мүлде басқаша. Сыни аргументті бірінші жақтан беріп, өз тұжырымдарыңызды теориялық дәйектемелер арқылы дәлелдеп беруге болады. Егер сіздің зерттеуіңіз эмпирикалық сипаттағы жұмыс болса, құрылымы сәл езгереді. Алдымен, зерттеу тақырыбыңызға байланысты қандай да бір тезис ұсынылады. Кейін қолданылған деректердің сипатын ашатын әдістемелік белік жазылуы тиіс. Соңында эмпирикалық зерттеу нәтижелері талданады. Мысалы, сіз «Қазіргі жастардың құндылықтар жүйесіндегі махаббат/ақша ұғымдарының орны» деген тақырыпта 40 ғылыми жоба орындамақшысыз. Алдымен, қазіргі жастардың құндылыід-ар жүйесінде махаббат (не ақша) ұғымы бірінші орында екендігі жөнінде дәлелдемелері бар тұжырым, тезис бересіз. Сіздің жұмысыңыз, негізінен, эмпирикалықзерттеу нәтижелеріне құрылуы мүмкін. Сондықтан жүргізген практикалық жұмысыңыз туралы (сауалнама, бақылау, сынақ), оны не үшін қолданғаныңыз туралы жазып, кейін алған нәтижелеріңіз бастапқы тезисіңізді, тұжырымыңызды дәлелдеді де, дәлелдемеді ме, қорьітындысы қандай болды, ол арқылы қандай тұжырымға келдіңіз т.с.с сұрақтардың жауабы берілгені жөн. Осы жерде мынаны ескерген жөн: өз позицияңызды, тезисіңізді, тұжырымыңызды міндетті түрде дәлелдейтін жекелеген фактілерді, әдейі жиналған мысалдарды келтіру сіздің жұмысыңызға эмпирикалық сипат бермейді. Эмпирикалық зерттеу деректер жинау оларды талдаудан құралады. Ғылыми жұмыста барлық жағдайда эмпирикалық элемент болуы міндетті емес. Жұмыс таза тілдік, әдеби дереккездерге ғана құрылуы мүмкін, дегенмен жұмысқа эмпирикалық талдаулар енгізілсе, еңбектің құндылығы арта түсетіндігі анық. Ғылыми тақырыппен жұмыс жасау кезінде студенттер «тақырыпты қазіргі заманмен, қазіргі заманғы мәселелермен байланыстыру міндетті ме?у> деген сұрақты жиі қояды. Мұндай талап қойылмайды. Әрине, зерттеуіңізді қазіргі күнмен сәл болса да, байланыстыра алсаңыз, сіз сөз қылып отырған теориялардың бүгінгі күнге қандай да бір қатысы барын көрсете алсаңыз, оқырманның қызығушылығы артуы мүмкін. Оған қоса, бұл айтылған мәселелер зерттеу тақырыбының езектілігін керсету кезінде де алдыңғы орынға шығады.