Қысқамерзімді жоспар



Дата16.02.2023
өлшемі1,38 Mb.
#68307
түріСабақ
Байланысты:
Қысқамерзімді жоспар


Қысқамерзімді жоспар
12-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары..».

Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:

Ж.Б.Баибатшаева

Күні:7 Ә,К,З

09.02.2023 7 «К» 10.02.2023ж 7 «З,Ә»

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.4 - орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар сопақша ми мен артқы ми туралы түсінік қалыптасады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар үлкен ми сыңарларын сипаттай алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушылар жұлынның құрылысын айтып бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі қандай?
2. Үлкен ми сыңарлары қыртысы қандай бөліктерден тұрады?
3. Үлкен ми сыңараларында қандай сенсорлық аймақтар орналасқан?
4.Жұлын дегеніміз не? Қандай қызмет атқарады?
5.Жұлынның ақ және сұр заттары неден тұрады?
6.Жұлын түбірлері қалай аталады?

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
10 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1.Мидың көлденең кесіндісіндегі үлкен ми сыңарларының құрылысын сипаттайды.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып үлкен ми сыңарларының құрлысын туралы видеоролик көреді.

10 мин

Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады

1-Тапсырма
Үлкен ми сыңарларының сенсорлық аймақтарының іс-әрекетімен танысып, оларды талқылайды.


Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Суретпен жұмыс жасап, қызметтерін сиппаттайды.

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

10 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады

2-Тапсырма
1. Суреттегі сілтемелерге сәйкес жұлынның бөліктерін атайды.

2.Жүйке жүйесінің бөлімі және оның бөліктерінің құрылысы мен қызметтерін толтырады.



Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1.Суретпен жұмыс жасап,қызметтерін сипаттайды

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Тексерілді Г.С.Жекенова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет