Микрооргаизмдердің табиғи штамдарының өздері өсіп тұрған ортаға қажетті өнімдерді бөлуі мен қорландыру қабілеті өте төмен. Сондықтан микробтардан белгілі бір затты өндіру үшін штамдардың табиғи қабілеттілігін күшейту қажеттілігі туындайды. Бұндай міндетті жүзеге асыру үшін табиғи штамдардың арасынан селекция әдісімен қажетті заттарды қарқынды түрде синтездеу немесе оларды жоғары дәрежеде түзуге қабілеті бар мутанттарды табу керек.
Бастапқы белгілі бір штамдарды таңдап алу олардың табиғи қасиеттеріне байланысты. Бұл микроорганизмдердің ортаға бірқатар мөлшерде алғашқылық және екіншілік деңгейдегі метаболиттерді түзу қабілеті немесе оларды түзбеуі, бірақ шамадан тыс жүретін синтез процесін тежеу үшін азғана мөлшерде болуымен анықталады.
Клеткалық селекция әдістері
Позитивті немесе тура селекция – бұл селективті ортада тірі қалатын төзімді клеткаларды сұрыптау. Негативті немесе кері селекция – бұл жабайы жасушаларды бөлуге жағдай жасалып, мутант клеткалар бөлінбей сау қалуы. Визуалды (көзге көрінетін) селекция – клеткалармен клеткадағы агрегаттар топтарын өсірген уақытта оларды сыртқы белгілеріне қарап ажыратуға болады.
Клеткалық технологияның бір бағыты өсімдіктердің жаңа сортаттары мен формаларын алуда дәстүрлі сұрыптау процестерін қысқартуға әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.