Құқықшығармашылық және нормативтік құқықтық актілер жүйесі Аманбаев Нұртөре Касымов Нұртас Қалқабек Ақжол Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтiк актiлердi өмiрге әкелiп, ескiргенiн жаңартып, кемшiлiктерi болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделi талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмiр талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негiзгi мүдделерiн терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетiлсе соғұрлым ол тәуелсiз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделi артады. Заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшiлiк халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы бiздiң жалпы халықтық мемлекетiмiзде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талкылауына түседi. Заң қабылдайтын орган — Парламент көпшiлiктiң ұсыныстарына жiтi көңiл бөледi, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексерiлiп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осьшайшазаң қабылдау саласында iс жүзiне асады. Заң жобасы туралы пiкiр айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиiстi мемлекеттiк органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрi бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттiң үкiметi ғанажасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттiң талқылауына түседi. Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары: 1. Демократизм мен жариялық — шығармашылық процесiне калың-бұқара, қоғамдық ұйымдар, бiрлестiктер, еңбек ұжымдары, сая-си партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерiнiң пiкiрлерiн айтып, ұсыныстарын бередi. Өте күрделi мәселе бойынша жалпы халық-тық референдум жүргiзiледi. 2. Заңды кәсіпқойлық — мемлекеттiң заң шығармашылық органда-рының кэсiпкойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлердi, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тэжiрибелi азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестiң сапасын көтеру үшiн: бiрiншiден кыска жэне ұзақ мерiзiмдi заң шығару жоспары болу керек; екiншiден — заң және заңға тәуелдi нормаларды қабылдаудың көп жылғы тексерiстен, тэжiрибеден өткен ережелерi болу қажет; үшiншiден заңның жобасын тәуелсiз ғылыми сараптамадан өткiзiп барып, парламентте талқылау керек; төртiншiден парламенттегi депутаттардың құқыктык сауаттылығын қалыптастыру қажет. 3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық жаңа қабылданғанмен нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмiрге келуi қажет. Егерде мемлекеттiң ең жоғарғы өкiлеттi органдары Конституцияға нұқсан келтiрсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды. - 4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру. Бұл үшiн коғамның саяси-экономикалық, мәдени-элеуметтiк жүйелерiн жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми түрғыдан талаптарын анықтап, корытынды түжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгiлеу.
Құқык шығармашылыктың үш түрі бар: 1. Тiкелей мемлекеттiк органның нормативтiк актiлердi қабылдауы, бекiтуi, шығаруы. 2. Өмiрде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтiк нормаларды кабылдап, бекiту. 3. Нормаларды референдум арқылы бекiту. Норма шығармашылықтың кезеңдерi: - 1. Норманың жобасы туралы тиiстi органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектiлер әр мемлекеттiң конституциясында көрсетiледi.
- 2. Тиiстi ресми мемлекеттiк орган қаулы қабылдап жоба жасауға тапсырма бередi.
- 3. Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлердi қатыстыру
- 4. Жобаны парламентте талқылау.
- 5. Нормативтiк актiнi кабылдау, бекiту
- 6. Норманы жариялау.
Норманың мазмұнын үш түрде беруге болады: - тiкелей сол норманың өз iшiнде толық мазмұнның болуы (гипотеза, диспозиция, санкция);
- Сiлтеме түрде беру — норманың бiр бөлiмi, элементi жетiспесе сол заңның басқа баптарына сiлтеме жасау;
- бланкеттiк түрде беру — норманың жетiспейтiн жерi туралы баска заңдарға сiлтеме жасау.
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды. Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы: 1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. 2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады. 3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар «акті» – деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады. 4) Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет. Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық, базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі. Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп, басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |