Қышқылмен уланған жағдайда: 4-5 стакан жылы су ішіп, құсу қажет, содан кейін сондай мөлшердегі магний оксидінің судағы суспензиясын ішіп, тағы да құсу керек. Осыдан кейін екі рет жылы сумен асқазанды жуып, дәрігер шақырту керек
1. Жұмысқа ласталмаған таза реактивтер және дистилденген сумен жуылған таза ыдыстар пайдаланылады. Егер нұсқауда реактивтердің мөлшері көрсетілмесе оларды өте аз мөлшерде алу қажет. Реактивтерді қоймада сақталған кезде жанғыш және жарылғыш заттарды тәртіппен орналастыру керек. Реактивтерді қолданар алдында негізгі қасиеттерін біліп алған дұрыс. Реактивтерді тілге тигізуге тыйым салынады және иісін абайлап иіскеу керек.
2. Қышқылдар және сілтілермен жұмыс жасау аса мұқияттылықты қажет етеді. Тіпті әлсіз қышқылдар жоғары концентрация да химиялық күюге әкеледі. Концентрленген қышқылдармен күйгенде сол жерді су ағынымен, сонан соң 2-3 %-ды сода ерітіндісінен жуу қажет. Егер нұсқауда реактивтердің мөлшері көрсетілмесе, оларды өте аз мөлшерде алу қажет. Электр энергиясын, су, газ және реактивтерді үнемдеп жұмсауға көңіл бөлу керек.