Ысынан ойлауды дамыту



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі225,5 Kb.
#118233
түріСеминар
  1   2   3   4
Байланысты:
Семинар 25.11


Алматы қаласы Білім басқармасы
«№185 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Бекітемін: __________
ДОІЖО Қали А.С.





СҰРАҚ ҚОЮ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
Жас мамандарға арналған семинар
Жауапты: Алибаева М.М.
Алдашбек Г.Б.
2022-2023 оқу жылы
Семинар тақырыбы: Сұрақ қою арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Күні: 25/11/2022 ж.
Семинардың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерін және сұрақ қоюдың тәсілдерін түсінеді, біледі, практикада қолданады.
Топтық жұмыс негізінде өзінің ішкі жан дүниесін ашып, сол арқылы шығармашылық ізденісі, өзіндік көзқарасы артады, өзіне-өзі есеп беруі мен бағалауы қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:

  • Диалогтік қарым-қатынасқа үйренеді;

  • Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға бағыттауды үйренеді;

  • «Мен – ол», «Мен-мен» түсінігі қалыптасады;

  • Меңгерген әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданады.

Ресурстар: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, постерлер.
Модульдер: АКТ,СТО, диалогтік оқыту, өзін және өзара бағалау.


Семинардың барысы: 
Бүгінгі семинарды мен Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөзімен бастағым келіп отыр.
Семинарды бастамас бұрын әріптестерді топқа бөліп алайық. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ақынның еңбектері туралы ақпарат жазылған шоколад таратылады. Шоколадтағы ақынның еңбектерінің атауларына қарап 3 топқа бөлінеді.
1–топ – Маса
2-топ – Қырық мысал
3- топ – Әдебиет танытқыш



Ұйымдастыру.
Қызығушылықты ояту. (5 минут)
Ойды жалғастыр. Тренинг.
«Маса» тобы. Мектеп сөзін еске алған кезде, алғаш ойыңызға не келеді? Бес сөз жазыңыз.

  • Ұстаз

  • Бала

  • Қоңырау

  • Үзіліс

  • Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет