Ислам – араб мәдениетінің бастауы.
Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етті.
Араб, түркі тілді ғылым.
Ислам ежелгі түркі мемлекеттерінің халқын әлемдік өркениеттің рухани құндылықтарымен таныстыруда зор рөл атқарды. Араб тілі арқылы олар басқа халықтардың әдебиеті, философиясы және тарихымен танысты. Мұсылман ғұламалары еңбектерін араб тілінде жазды. Араб мәдениеті әлем өркениетінің орталығына айналды, ежелгі дүниенің жетістіктері араб тіліне аударылды. Араб тілінің үстемдігі исламның таралуына септігін тигізді.алықтардыңжәне парсы поэзиясы. Ортағасырлық түріктер мәдениетінің ерекшеліктері: Ислам және көшпенділер. Ортағасырлық түркі ғұламаларының (Ж. Баласағұн, М. Кашқари, Қ.Яссауи) тұлғасы, қызметі, шығармаларының мазмұны.Араб тілі 28 әріптен құралған. Бірақ кейбір тіл ғалымдары «һамза» белгісін әріп ретінде санап, араб әліппесі 29 әріптен тұрады деп санайды. Араб тілінің басқа тілдерден айырмашылығы — парсы және иврит тілдері сияқты араб жазуы оңнан солға жазылады.
Араб әдебиеті және парсы поэзиясы
Парсы әдебиеті тарихын шартты түрде 4 дәуірге топтастыруға болады: 1) ежелгі әдебиет (алғашқы қоғамдық құрылыстан б.з. 3 ғ-ына дейін); 2) орта ғасырдағы сөз өнері (4 ғ-дан 17 ғ-дың ортасына дейін); 3) жаңа дәуір әдебиеті (17 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезең); 4) ояну ғасыры немесе “машрутият” – конституциялық кезең (1906 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Ежелгі әдебиет нұсқаларына көне пеһлеви тілінде жазылған “Динкерд”, “Бәндәхшан”, “Эрдовирноме”, “Ардошир Бобеконның ісі”, “Тонсер хаты” және “Құдайнама” сияқты әдебиет нұсқалар жатады. Сондай-ақ б.з.б. 6 – 4 ғ-ларда сына жазуы үлгісінде Ахемен әулетінің патшасы Дарийдің бұйрығымен жазылған Бехистун сына жазуы да осы дәуірдің еншісінде.
Араб поэтикасы – араб әдебиетінің теориялық мәселелерін, оның жанрлық түрлерін, өлең құрылысын, тілі мен стилін зерттейтін дербес ғылым саласы ретінде ертеден қалыптасып дамыған.Аристотель еңбектерінен бастап әлемге аян болған грек поэтикасы немесе ежелгі ерте дәуірден өріс алған үнді поэтикасы сияқты араб поэтикасының да өзіндік дәстүрлері мол, ғылыми-теориялық дәрежесі жоғары болған. Араб-мұсылман мәдениеті тарағаннан кейін бұл поэтика жүйесі шығыс елдеріне жайылды, парсы, үнді, түрік, ауған әдебиеттеріне үлкен әсер етті. VIII-XI ғасырлардағы араб поэзиясы жанрлық түрлері жағынан, өлең жүйесі жағынан да үздік үлгілер туғызып, көркемдік өнерде жаңаша дәстүрлер қалыптастырды.
Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи – осы қарахан дәуірі тудырған ғұламалар. Олардың еңбектері күллі түркі халықтары ғылыми ақыл-ойының үздік туындылары болып табылады. Сөйтіп, қарахан дәуірі көне қазақ даласына ғұламаларды әкелген ғасырлар болып тарихта қалды.Махмұт Қашқари (11ғ) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні – Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жері, Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұттың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұт осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөнінде қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен “Қашқариді” тіркеуінің мәнісі де содан.
Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» – осыдан 10 ғасыр бұрын жазылған ұлы ескерткіш. Бүкіл түркі қауымының тіліне де құрмет белгісі, еліміздің, ғылымымыздың мәртебесін арттыратын, білім жолына жаңа бетбұрыс қадамдарға жол ашатын энциклопедиялық анықтамалық, рухани төлқұжатымыз.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 – 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 – 1913) «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 – 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан.