«Қисса сул әнбия» жырындағы мәдениетке, оқу-білімге ұмтылған жастардың



Pdf көрінісі
Дата15.10.2023
өлшемі215,93 Kb.
#115410


12 билет
1-сұрақ: 
«Қисса сул әнбия» жырындағы мәдениетке, оқу-білімге ұмтылған жастардың 
образы. Автордың баяндау тәсілдері және кейіпкерлердің психологиясын 
ашудағы шеберлігін ашып көрсетіңіз. 
Рабғұзи 
«Қисса-сүл-әнбийя-и» кітабы 
Рабғұзи – XІІІ ғасырдың аяғы мен XІV ғасырдың басында көне түркі тілінде 
ірі туындылар әкелген тұлғалардың бірі. «Қисса-сүл-әнбийя-и» еңбегі 72 
пайғамбар өмірінің тарихы жайында. Қиссаның негізгі мазмұны Құран мен 
Інжілден алынған. Өйткені әр пайғамбардың тұсында қандай аяттардың 
түскеніне дейін нақтылы көрсетіліп отырады. Әрі сол пайғамбарлар 
заманындағы халықтың сана-сезімі қандай дәрежеде болғандығы һәм ісләм 
дінін сол замандағы халыққа таратудағы қиындықтар мен соғыстар, сергелдең 
мен жеңістер жайлы кең мағлұмат береді. Қолымызға түскен «Қисса-сүл-
әнбийя-и» моғол-татар тілінде 1903 жылы Қазан шаһарында Кәримовтер 
баспасынан жарық көрген. Бірақ аталмыш тәржімада 24 пайғамбардың ғана 
өмір тарихы сөз болады. Яғни жоғарыдағы Рабғұзидың қаламынан шыққан 72 
пайғамбар санына жетпейді. Құранда 24 мың пайғамбар, 33 мың сақаба дейді. 
1903 жылы жарық көрген «Қисса-сүл-әнбийя-и» аудармасының алғы сөзінде: 
«Қисса-сүл-әнбийя-и» кітабы Рабғұзи жазбаларынан тәржімаланып отыр. 
Кітапқа енбей қалған пайғамбарлар тарихын біз Қазы тәпсірі мен Жәлелин 
тәпсіріне мұражағат қылып (сүйеніп), бұ екі тәпсірде болмағанын 
Нәзһәтүлмүжәліс кітабынан алып «Һарот уа Марут» қиссасын және Дәуіт 
ғалайһи уәссәләм қиссасымен моғол тілінен тәржімалап, мүмкіндігімізше 
толықтыруға еңбек еттік». 
МАЗМҰНЫ 
Қисса Адам ғалайһи-уәссәләм 
Құтпа Адам ғалайһи-уәссәләм 
Қабыл мен Әбіл қиссасы 
Шіш пайғамбар 
Ыдырыс Ғалайһи-уәссәләм 
Нұһ ғалайһи-уәссәләм 


Хүд ғалайһи-уәссәләм 
2-сұрақ: 
Қазтуғанның махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлеңдері 
жыр өлеңдеріндегі сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезім 
тайталасының шебер бейнеленуін талдаңыз. 
Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік 
әдістеріҚазтуған 
жырау 
жорық 
жыршысы 
және 
халық 
эпосын 
жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық 
өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын 
шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. 
Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен 
орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің 
көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы 
құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының 
жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі 
көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен 
бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан 
айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой 
орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп 
ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. 
Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар 
айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. 
Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр 
шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-
тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай 
құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтайды. 
Көрінген мынау көк Нарын 
Ойран салып өткен жер. 
Маңдайы күнге күймеген, 
Жорғадан басқа мінбеген, 
Сұлудан басқа сүймеген, 
Қамқадан басқа кимеген… 
Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай 
ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын 
сүйген жас батыр бейнесін сомдайдыҚазтуған жырлары әуенді, дыбысты, 


ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай 
айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау 
тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды. 
3-сұрақ 
Сарайдың «Гүлстан бит турки» шығармасында айтылған нақыл сөздер мен 
мақал-мәтелдерді теріп жазып, қандай мақсатпен айтқанын талдаңыз. 
Ақын ел кезіп жүріп көрген- білген қызықты әңгімелерді, қанатты сөздерді 
(афоризм- дерді), аңыздарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді жазып алып 
жүрген. Кейін соның бәрі „Гүлстан» кітабына арқау болған. 
Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ши- рази атына мақтау 
сөздер айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды 
баяндауға көшеді. Ақын түсіндіру, насихаттау жолымен қатыгез, әрі зүлым 
әкімдерді бауырмал, инабатты адам етуге болады деп ойлаған. Сол үшін ақын 
адам бойындағы ең асыл қасиеттерді — әділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, 
жомарт- тықты, т. Б. мадақтайтын қызықты хикаяларға көбірек на- зар 
аударған. 
Шығармада жақсылық пен жамандық, қатыгездік пен мейірімділік, патша мен 
диқан, шындық пен өтірік, әке мен бала, күйеуі мен әйелі, інісі мен ағасы, т. Б. 
аралық қарым-қатынасы, үндестігі қандай болу керек деген сау- алға жауап 
берілеәділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, жомарт- тықты, т.б. 
Аудармасы: „Бір сүлтанның үш баласы бар еді. Екеуі үзын бойлы, келбетті, ал 
біреуі қысқа бойлы еді. Бір күні сүлтан сол қысқа бойлы үлына ашу-ызалы 
көзімен қарады. Баласы бәрін ақылымен үқты да, әкесіне айтты: «Ей әке, үзын 
бойлы ақымақтан қысқа бойлы ақылды жақсы. 
Гүлстан бит-түркте’1 әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпай, сыпайылық 
сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп. Мысалы: 
„Мың бат- пан келетін тасты қаңбақ қүрлы көрмейтін бір алып палу- ан 
бүрқан-талқан болып ангуланып түр екен. 
— Бүған не болған?—деп сүрапты біреу. 
Сонда әлгі палуанның көршісі түрып: 
— Мың батпан тасты ұршықтай иіретін көршім еді. Бүгін ол менің бір ауыз 
сөзімді көтере алмай, бүлініп жа- тыр —деп жауап беріпті.»Бөрінің бөлтірігі 
түбінде 


Нақыл сөз: 
Әкесіндей жыртқыш аң болып шығады. 
Қанша бақсаң да, күндердің күнінде Захым келтірер, одан сақ бол. 
13- билет
1-сұрақ: 
Қоғамдық әлеуметтік мәселе ретінде Фараби уақыты, сол кезеңге тән 
проблемалық жағдаяттарды «Топтастыру» стратегиясы бойынша жазыңыз. 
1.Әртүрлі көзқарас
2.Саяси әл-ауқаттың нашар болуы 
3.Отырықшылық пен көшпенділік 
4.Өзара саяси қақтығыстар 
5.Діни сенімдер 
6.Озбыр немесе қанаушы жоғарғы топтар
7.Әртүрлі топтардың таласы
8.Әртүрлі жұқпалы аурулардың көптеп белең алуы
2-сұрақ: 
Қорқыт ата жыры арқылы талдаңыз: 
Әңгіме дебат: 
Автор сол замандағы нағыз идеал жігіттің бейнесін бере алды ма, бере алмады 
ма? 
Келісімшілік әңгіме: 
Оғыз қызы тек оқыса ғана бақытты болады ма? 
Зерттеушілік әңгіме: 
Қорқыт ата жыры, тек ел тағдыры ғана мәселе етіп көтерілді ме? 
Қорқыт ата қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын мекендеген оғыздар 
арасында, екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар 
бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік 
қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар» дейді ғалым Немат 
Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты еңбегінде.Оғыз тайпаларында 
Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын істе 
болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған.Ел оның 


барлық өсиетін, билігін Бұлжытпай орындаған», деп жырланған жыр 
кіріспесінде. 
Қорқыт ата кітабы тұңғыш зерттеушісі неміс ғалымы Н.Ф.Диц өзінің «Аталар 
сөзі» атты түркі мақалдардың жинағында Қорқыттың Оғыз ұрпағынан 
шыққан, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Зерттеушілердің 
айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға 
байланысты пайда бола қалған шығар емес,ол халықтардың ауыз әдебиетінде 
ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде 
қалыптасқан,ұзақ жылдар қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы.Ол 
ертеде жыр, ертегі,әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп,үлкен 
бір эпосқа (жырға) айналған.Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы 
десек,онда оң шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, оң шақты ру, тайпа 
ұлытарының өткен дәуіріндегі оқиғалар суреттеледі. Жыр оқиғасының бірі 
Алтайда болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде немесе Сыр бойында, 
Сардала мен Кавказда өтіп жатады. Бұлай болуы оғыздардың бір кездерде сол 
өлкелерді жайлап өткендігіне байланысты еді. Сондықтан Қорқыт ата 
кітабына бір ел, не бір ғана халық ие боп меншіктей алмайды,онда бірнеше 
хаықтың үлесі. 
Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, 
Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор,Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, 
Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз,Қиян Селжүк, Қаңлы, 
Қанық хан, Рүстем|Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз 
тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек 
(Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) 
секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. 
Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен 
жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. Атауы 
да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, 
бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата). “Қорқыт 
Атаның кітабында” Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, 
Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, 
Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 ж. 
ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” 
энциклопедиялық жинағы жарыққа шықты



Қорқыт ата жырында ел арасындағы алауыздыққа, берекесіздікке 
өкінішін, уайымын қалай білдіреді? Даласын, елін, салтын дәріптеу арқылы 


дана сол кездегі жастарына қандай 
14-билет
1-сұрақ:ұсынылған еңбекке рецензия
Ыбыраев Шәкір. Қазақтың мифтік әңгімелері атты еңбегі арқылы
Көрнекті ғалым Шәкір Ыбраев «Қазақтың мифтік әңгімелері» атты еңбегінде 
мифті үш топқа бөліп саралайды. Олар: космологиялық, эсхатологиялық және 
антропогондық мифтер. Космологиялық мифтер – өз атауы айтып тұрғандай, 
шоқжұлдыздар мен аспан денелері жайында жазылған мифтік әңгімелердің 
ерекше жанры. Эсхатологиялық миф деп ақыр заман көрінісін сипаттайтын 
мифтерді айтса, ал антропогондық мифтер – классикалық дәрежеге жеткен 
мифтік әңгімелерді пайымдайтын жанр. Осы тұста әрбір мифтік жанрдың 
өзіне тән мифтік қаһармандары болатындығын айтқымыз келеді. Мифтік 
кейіпкерлерді жүйелеудің де өзіндік айқындалған заңдылықтары бар. 
Мәселен, мифтік кейіпкерлерді топтастырудың бірден-бір функциясы – 
табиғи жаратылысы мен тектік сипатын ашу. Әлемдік фольклорда мифтік 
кейіпкерлерді «жағымды» және «жағымсыз» деп бөлу қалыптасқан. Қазақ 
халық ауыз әдебиетінде оларды «жақсы» және «жаман» дейді. Біздіңше, 
мифтік кейіпкерлерді жақсы мен жаманға бөлу – қате концепция. Өйткені, 
адам баласының өзінде де жақсы да, жаман қасиеттер бірдей жүретіндіктен, 
мифтік кейіпкерлерді «жағымды» һәм «жағымсыз» деп бөлгеніміз әлдеқайда 
дұрыс болатын сияқты. Негізінде мифтік кейіпкерлердің бойынан 
трайбализмдік сипатты емес, экзистенциялық мұратты іздеген жөн. 
Сондықтан, жоғарыдағы мәселені ескере отыра біз мифтік кейіпкерлерді 
жіктеген болатынбыз: 
Жағымды мифтік кейіпкерлер: Ер Төстік, Толағай, Саққұлақ, Көлтауысар, 
Таусоғар, Қаңбақ шал, Күнекей сұлу, Қанатты барыс, Үркер, Үлпілдек, 
Самұрық, Қыдыр ата, Қорқыт ата және т.б. 
Жағымсыз мифтік кейіпкерлер: Мыстан, Жалмауыз, Жезтырнақ, Албасты, 
Көңаяқ, Сөрел, Жылан бапы хан, Шойынқұлақ, Қыранқара қарақшы, Төбе көз, 
Дәу, Үббе және т.б. 
Тәңірлік образдар: Көк Тәңір, Ұмай ана, Еркілік. 
Тотемдік кейіпкерлер: Көк бөрі, Өгіз, Ит тотемі. 


Шамандық кейіпкерлер: Бақсы-балгерлер. 
Космо-антропогондық кейіпкерлер: Қыранқара, Үркер, Үлпілдік, Ығай мен 
Сығай (Ағайындылар), Айсұлу мен Күнсұлу. 
Зооморфоатропогондық кейіпкерлер: Самұрық. 
2-сұрақ : 
Махмұт Қашқаридың Диуани Лұғат ат- түрік өлеңдеріндегі сұлулық, іңкәрлік, 
табиғат жарасымының адамшылық, әлеуметтік аңсарлармен көмкерілуін 
талдаңыз.
М. Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты көне түркі әдебиет 
ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы деуге болады. 
Сөздікке екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, қанатты 
сөздер, көркем теңеулер енген. 
Мұндағы әдебиет үлгілері дидактикалық сарында берілген. Ондай өлең-
жырлар оқушысын оқу-білімге, өнерге, әдептілікке үндейді. Адамгершілік, 
мораль, этика мәселелерін сөз етеді. 
Сөздікте табиғат туралы, аңшылық жайындағы, еңбек тақырыбына арналған 
өлең-жырлар және қыс пен жаздың айтысы беріледі. 
Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар аударған нәрсесі – 
табиғат құбылыстары болды. Қар, мұз еріді, тау суы аға бастады. Көгілдір бұлт 
көтерілді, ол суда жүзген қайықтай аспанда жүзіп бара жатты. 
“Дивани лұғат ат-түрктегі” ауыз әдебиетінің үлгілері табиғат көріністерін 
бейнелейтін пейзаж лирикасы мен жыл маусымының ауысуына арналған өлең-
жырлар болып келеді. Табиғат лирикасы да, жыл маусымын суреттейтін 
өлеңдер де, ежелгі заман адамдарының өзін қоршаған, өзі тіршілік ететін 
ортадағы табиғат құбылыстары жөніндегі түсінігін, сол жөніндегі наным-
сенімін аңғартады. 
“Дивани лұғат ат-түрктегі” ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері ішінде 
аңшылық, еңбек тақырыбына арналған өлең-жырлар көп. Мұндай өлеңдерде 
тайпа мүшелерінің бірігіп аң аулауға шыққаны, егін салғаны, мал. Баққаны 
жырланады. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамдары жүрек жұтқан 
ерлікті, батырлықты ерекше қастерлеп, жырға қосқан. Жан түршігерлік үрейлі 
аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше 


ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен көзге түскен 
батырларды көкке көтере мадақтайтын өлең жолдары “Дивани лұғат ат-
түркте” жиі ұшырайды. 
3-сұрақ: 
Сайфтың шағын прозасындағы («Ғалым мен саудагер», «Сағди») тәлім-
тәрбие мәселелері, оның бүгінгі кезеңдегі көрінісі. Эссе жазыңыз. 
Ғалым мен саудагер 
Кемеде саудагер мен ғалым жүзіп келеді. Саудагер өзімен бірге көп тауар 
әкеледі, ал ғалымның ешнәрсесі болмады. Дауыл тұрып, кеме апатқа 
ұшырайды. Екеуі бір томарға жабысып, жағаға шығады. 
Саудагер ғалымның мұңайған түрін көріп: 
- Байлығымды жоғалтқан мен, ал сенің бар байлығың өзіңде, - дейді. 
Солардың бірі ақын Сайф Сараидың „Гулистан бит-турки» яғни „Түркі 
тіліндегі Гүлстан» дастаны болды.Сайф Сараи — Алтын Орда әдебиетінің 
XIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі еді. Ол лирик және эпик ақын, 
жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес ха- лықтар әдебиеті мен тілінің 
өзінен кейінгі кезеңдерде да- ми түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен 
қаламгер.Сайф Сараи шығармашылығын үзақ жылдар бойы зерт- теген 
көрнекті ғалым Ә. Н. Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпшақ тілінде 
жазғанын айта келіп, әрі оның қыпшақтар ішінде кейінірек қазақ халқының 
негізін қүраған ру-тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді 
15-билет
1-сұрақ 
«Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебеиті » тақырыбында сынақ сұрақтарын 
құрастырыңыз.
Ежелгі дәуір әдебиеті кезеңдерін нешеге бөлген? 
Зерттеуші ғалымдар 
Бірінші кезеңдегі шыққан дастандар топтамасы
Ислам дәуіріндегі әдебиет нешінші ғасырды қамтиды
Алып Ертоңғаның тарихтағы рөлі 
Күлтегін ескерткіштерінің маңыздылығы мен құндылығы
Қорқыт жыры немесе Қорқыт ата кітабы туралы деректерді талдау


2-сұрақ: 
Жүсіптің қарапайым өмірдің символы «Айтолды» әңгімесі қазақ прозасына 
жаңа леп әкелген өміршең дүние екендігін дәлелдеңіз. Адам болмысының 
психо-философиялық астарын айқындаңыз.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны – Ислам ахлағы мен діни 
құндылықтарын насихаттайтын шығарма. Бұл шығармада түрлі қоғамдық 
топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, 
әдептілік мәселелері көтеріледі. 
«Құтты білік» - адамгершілік құндылығы жайлы жазылған бірден бір діни 
философиялық шығарма болып табылады. Ол еңбекте адам өмірінің мәні мен 
мағынасы талданып, адамның белгілі бір қоғамдағы атқаратын міндеті мен 
мінез-құлық нормалары жазылады. Бұл шығарманың ең басты идеясы негізгі 
төрт ұстанымға негізделген: 
Бірі оның – шындық жолы, әділет. 
Екіншісі – құт пен ырыс, дәулет. 
Үшіншісі – Ақыл менен парасат. 
Төртіншісі – ұстамдылық, қанағат.Құтты білік» шығармасында биліктің тек 
адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын 
дәлелдеген және сол жолға апаратыны көрсетілген. Осы «Құтты білік» 
шығармасы туралы А.Кононов былай дейді: «Өзінің насихаттық 
уағыздық мәтелдерінде Жүсіп ойдан шығарылмаған, нақты өмірден алынған 
өмірдің жарқын шынайы бейнелерін берді».
Қорыта келе, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі ислам дінінің бар 
қағидаларына сай келеді. «Құтадғу білік» шығармасы адамдарды 
адамгершілікке, әдептілікке және имандылыққа шақырады. 
3-сұрақ: 
С.Сарайдың «Үдргірміш» өлеңіне көркемдік талдау жасаңыз. 
Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге 
билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және 
әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы 
көркем туындысы 
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті 
дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор 
әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, 
бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның 
уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. 


Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. Рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде 
жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің 
туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның 
«Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани 
байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. 
Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек – әділет 
бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат 
бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған,
әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды. 








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет