«Ыќтималдыќтар теориясы мен математикалыќ статистика» бґлімініѕ экономикалыќ баєыттаєы мазмўныныѕ модульдік жобалануы



бет1/5
Дата07.11.2022
өлшемі118,5 Kb.
#48100
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
sciPaper1588


Оразбекова Л.Н.


ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА МАЗМҰНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТА МОДУЛЬДІК ЖОБАЛАНУЫ

Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық білім беру моделіне көшу, техникалық және кәсіптік білім беруді жандандырудағы міндеттер алдымен тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасалатын нәтижелерге, ақпараттар мен технологияларды еркін қолдана алатын, мәселелерді шеше алатын, іскерлік пен креативтілік қабілеті мен дағдысын қалыптастыратын біліммен қамтамасыз етуге бағытталады делінген.


Осы міндеттерді шешуде математикалық білімнің алатын орны ерекше. 12 жылдық білім берудің соңғы буыныдағы математика мазмұны түрлі кәсіптік бағытқа сәйкес қайтадан анықталуда. Әсіресе, математикалық білім құрамындағы «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» бөлімінің мазмұны тұрғысында бірыңғай анықталған мазмұн жоқ. Нақтылық үшін мынадай мәселені қарастырайық: Алдымен, болашақтағы мамандығын экономикалық бағытта таңдаған жас жеткіншек математикалық білім құрамындағы «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» бөлімінің қандай мазмұнын меңгеруі қажет; екіншіден, оқыту әдістемесі мен оқу әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілу жағдайы.
Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерінің енгізілуі математик ғалымдардың, әдіскер оқытушылардың терең зерттеулерінің нәтижесі көрегендігі болып табылады [1]. Бастапқы кезде бұл курсты мектепте жүргізу тәжірибесі болмай, мектеп мұғалімдерінің ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикадан білімдері, оқыту әдістемесі, қосымша әдебиеттер жеткіліксіз болғанмен, мәселелер біртіндеп өз шешімін табуда.
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері бастауыш сыныптардан бастап жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле таңдалған. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау, оларды әртүрлі кестелер, диаграммалар және графиктер түрінде беру, комбинаториканың қарапайым есептеулерін жүргізу, мәліметтердің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын табу математиканың енгізілуіне мүмкін болатын жерлерінде біртіндеп берілді және бұл материалдар оқушыға математикалық абстракциядан гөрі практикалық зерттеулік іс-әрекеттер жасауына, комбинаторикалық ойлауының дамуына оң әсерін тигізді.
Экономика саласына қажетті «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» бөлімінің мазмұнын анықтауда жалпы мазмұнды қалыптастырудың теориясындағы негізгі принциптер мен критерийлер басшылыққа алынды. Отандық және шет елдік білім беру стандарттары зерттеліп, сәйкес нормативтік құжаттар, оқулықтар мен оқу әдістемелік материалдар талданды. Сонымен қатар осы курс мазмұнына негізделетін эконометрика, экономикалық статистика, математикалық модельдеу, микро және макроэкономика сынды пәндердің де мазмұны ескерілді. Маман болып қалыптасуға қажетті білім мазмұны мен оқыту үдерісін толықтай жобалап қарауға мүмкіндік беретін модульдік оқыту жүйесі таңдалды [2, 3, 4].
Модульде мақсатты әрекет ету жоспары, сұрыпталған нақты мазмұн, қойылған мақсатқа жетудің әдістемелік нұсқаулары көрсетіледі, сондықтан да модуль - модульді оқыту құралы ретінде көрініс табады. Модульді оқытудың басқа оқыту жүйелерінен өзгешелігі оның жүйелілігінде (модуль білім беру жүйесінің барлық белгілерін қамтыған), құрылымдық жобаланғандығында (модуль білім беру мазмұнын толықтай жобалайды), түзетіп жөндеуге болатындығында (әрбір оқытушы өз жағдайына икемдей алады), жоспарлау тиімділігінде.
Модульдік оқыту жүйесіндегі мазмұнды дидактикалық мақсат қоюдан бастайды. Экономика саласына қажетті «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» бөлімінің мазмұнын мынадай шағын мақсаттар тізбегімен анықтадық:
М1. Кездейсоқ оқиға. Үйлесімсіз, теңмүмкіндікті, мүмкін болатын оқиғалар. Оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасы.
М2. Оқиға ықтималдығының геометриялық және статистикалық анықтамалары. Комбинаторика элементтері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет