Мәдениет- табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер



Дата14.10.2023
өлшемі14,7 Kb.
#114724

Мәдениет– табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.

Фактор — процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай;

Номадизм – өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым.

Философия – бұл қоғамдық сана формаларының бірі – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

Адамгершілік – достарын сыйлау, үлкендерді құрметтеу, өзгелерге зиян тигізбеу, тек өз қара басын ғана ойламау және тағы сол сияқты ізгі қасиеттер.

Миф- алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлсмге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс құбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі

Дін-пайғамбарлардың Алладан әкелген илаһи уахилер жинағы, Алланың пайғамбар арқылы білдіретін ақиқаттары

Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт

Өнер дегеніміз – қиялда пайда болған, өмірде жүзеге асқан образдар ойыны , екінші жағынан, жаңа идеяларды тудыру қабілеті де өнердің бір түрі.

Саясат -адамдар мен олардың көзқарастары, ұстанымы, мүдделері шешуші рөл атқарғандықтан ол субъективті құбылыс

Ғылым — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы.

Техника — өндірістік процестерді жүзеге асыру және қоғамның өндірістік емес мұқтаждарына қызмет көрсету мақсатында адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде жасалған құралдар жиынтығы.

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.

Фетишизм - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну.

Ұлтты ұлтты ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани термірқазығы саналатын асыл қазынасы, яғни – САЛТ ДӘСТҮРІ.

Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа.

Этика – бұл адамның мінез-құлқын және оның жақсылық пен жамандық ұғымдарымен, адамгершілік өсиеттерімен, борышымен, бақытымен және жалпы игіліктерімен байланысын зерттейтін философия пәні

Сана– өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені.

Тотемизм – діннің алғашқы формаларының бірі, оның мәні адамдар тобы (ру, тайпа) мен жануарлар немесе өсімдіктердің белгілі бір түрі (сирек – табиғи) арасындағы мистикалық байланыстың ерекше түрінің бар екендігіне сену болып табылады.

Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. Айтылады.

Ғұн-Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды.



Үйсін - Б.з.д. ІІ – б.з ҮІ ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет