Іздеген дүниеңді, адамыңды интернеттен тауып алатын заманның



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата24.12.2023
өлшемі150,75 Kb.
#143164
  1   2   3   4   5   6


Іздеген дүниеңді, адамыңды интернеттен тауып алатын заманның 
журналистеріміз. Ал осының бірі де жоқ уақытта газет жұмысы қалай жүрді, 
ахуалы қандай болғанын білмек болып, көнекөздерімізді іздеген едік.
Өмірінің он бір жылына «Қазақ әдебиетін» серік еткен жазушы Дидахмет 
Әшімханға жолыққанымызда, өзі қызмет еткен жылдары жүргізген күнделігі 
бар екенін айтқан. Сексен жылдықтың қарсаңында «өткен күннің бір 
белгісіндей» болған күнделік беттерін газетімізге басуға арнайы өтініш 
жасаған едік. 


Дидахмет Әшімхан 
 
Күнделік беттерінен 
 
(«Қазақ әдебиеті» 

1981-1991)
 
Дидахмет 
15 апрель. 1981 жыл.
 
Қазақстан жазушыларының сегізінші съезі ашылды. Ашқан 

Ғабит 
Мүсірепов. Қонаев, Шестаков, Камалиденов, Аухадиев, Имашев қатысып 
отырды. Есепті баяндаманы Жзаушылар одағының бірінші секретарі Жұбан 
Молдағалиев жасады.
Жазушылар съезіне бұл менің тұңғыш қатысуым. Сондықтан да іштегі 
бір мақтаныш сезіммен сөйлегендердің әр сөзіне, отырғандардың әр 
қимылына жіті қараумен болдым. Сексенге тақап қалса да Ғабеңнің сөзі де, 
өзі де әлі тың екен. Тек жиналысты басқарып отырып, президиумға адам 
сайламас бұрын есепті баяндамаға Жұбанды шақыруы жұртты ду күлдірді. 
Бір қатар артта отырған Қонаевтың өзі де күліп жіберді. 
Қонаев өзін тым қарапайым ұстап отырды. Үстінде 

қаракөк қостюм, 
көк галустук. Сөйлегендерге құлақ тіге отырып, жаңындағы Шестаковпен де 
еркін әңгіме құрды.
Қалтай Мұхамеджановтың баяндамасы өте әсерлі шықты. Сөзі тым 
өткір, әрі юморлы екен. Бір жазушыға мінездеме бергенде «қара судан 
қаймақ алып, піскен жұмыртқадан балапан суыратын адам» дегенде жұрт 
күлгенде көздерінен жас ақты. С. Досанов пен С. Ғаббасовты қатты сынады. 
Әділ сынады. Съезге Мархабат Байғұтов келіпті. Біраз әңгімелестік. Үзілісте 
Құрманғазымен сөйлестім. «Қызғыш құс» кітабындағы «Жалғыз салт атты»
повесі жөнінде пікірімді айттым. Ұнамағанын астарлап, ептеп жеткіздім. Ол 
өз перзентін аздап қорғағысы келді. Бірақ мені түсінген болар. Сөзіне 
қарағанда қатты еңбектенетін көрінеді. 30 баспа табақтық кітап аударып 
жатқан көрінеді. «Уақытымның бәрін сол жеп жатыр» дейді. Тек соңғы 
уақытта ғана 1200 сағаты осы кітапқа кетіпті. Бұл тозақтық азап қой.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет