Қызметтік хаттар



Дата05.12.2023
өлшемі17,45 Kb.
#134571

Қызметтік хаттар.
Қызметтік хаттар - бұл ол қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты.
Қызметтік хаттар басқару қызметінде туындайтын көптеген жедел мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мазмұны және мақсаты бойынша хаттар: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хаттары, хабарлау хаттары, шақыру хаттары, жауап хаттар, өтініш хаттар, хабарлама хаттар, еске салу хаттары болып бөлінеді.
Қызметтік хаттың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады. Хаттың мәтіні жүйелі, нақты және нық болуы тиіс.
Хат арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты- жөні және құрастырушының телефон нөмірі жазылады. Жіберілген хаттың екінші данасы бланкіде басылмайды.
Хаттың мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлікте фактіге, күнге, хатқа сілтеме жасай отырып, хатты жазудың себептері көрсетіледі.
Екінші бөлігінде хаттың негізгі мақсаты (ұсыныс, бас тарту, өтініш, кепілдік және т.б.) айтылады.
Телефонхат
Телефонхат - жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алған құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскерлік кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі өзгерістер, іс-шаралар туралы жедел хабарлар үшін пайдалынады және оның мынадай міндетті деректемелері болады:
- фирманың атауы;
- құжат түрінің атауы;
- хабарды беру (қабылдау) күні мен уақыты;
- адресат;
- құжаттың мәтіні;
- қолы;
- телефон хаттаны қабылданған және берген тұлғаның лауазымы және аты- жөні;
- телефонхаттаны берген және алған фирманың телефон нөмірі көрсетіледі.
Мәтіні қысқа, анық, қиын сөздерсіз, талқыланатын мәселелерге анық акцентпен, іс- шараның уақыты мен күні, орны көрсетіле отырып жасалады.
Телефонхатты берген кезде мынадай ережелерді сақтаған жөн: бірінші фирманың атауы мен телефон нөмірін, құжаттың түрін көрсетеді, ақпаратты бергеннен кейін телефонхаттаманы қабылданған тұлғаның лауазымын, аты- жөнін, телефон нөмірін, жіберген күні мен уақытын жазып алады.
Қабылдау кезінде: фирманың атауы және оның телефон нөмірін; телефонхаттаманың мәтінін; оған қол қойған және жіберген тұлғалардың лауазымын, аты- жөнін ; қабылдау күні мен уақытын жазып алады. Қателер жібермеу мақсатында, қабылдап алушы телефонхаттаманы беруші тұлғадан жазылған мәтінді қайталауын сұрауы тиіс. Сонымен бірге барлық тыныс белгілері қойылады.
Телефонхат жазбасы үшін арнайы журнал пайдалану қолайлы.
Глоссарий
Қызметтік хаттар- служебные письма
Жедел- срочные
Қабылдау- принимать
Анық- четкие
Телефонхат-

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет