Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанға, атамекенге деген сағыныш, ерлік, батырлыққа арналған өлеңдер басылым беттерінде жиі жарық көріп жүрді. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген әңгімесі жарияланды. Әңгімеде қазақ жасының . жүрек сыры, жан күйі тербелді. Отанға деген ыстық махаббаты құйылды, ал «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды» - деп аяқтаған еді.