Ж. М. Бердыбекова 6B01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға арналған «Жас балаларды дамыту және білім беру»


-тақырып. Ерте жастағы баланың физиологиялық мінездемесі



бет7/19
Дата31.12.2021
өлшемі64,57 Kb.
#21796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
2-тақырып. Ерте жастағы баланың физиологиялық мінездемесі.

Мектепке дейінгі жастағы баланың негізі баланың интеллектуалды, адамгершілік, физикалық, эстетикалық және жеке қасиеттерінің негізі болып табылады.

Бейімделудің үш түрі бар:

1.Жеңіл түрі- баланың мінез құлығы 10-15 күнде

қалпына келеді;

2.Орташа ауырлық бейімделу – 1айдың ішінде;

3.Ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп,баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар көмек беруі керек,ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

1.Баламен тез қоштасып үйреніңіз,қоштасуды созбаңыз.

2.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп,тыныштануы ұзаққа созылады.

3.Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

4.Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып,балаңызды алдарқатпаңыз.

Балабақшаға баратын бала не білу керек?

Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуы тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі, бірақ, олар бар топтағы он бес тәрбиеленушілерді әрқайсысын шешіндіріп-киіндіріп және қасықтан ас беруге үлгермейді. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады. Үш жастағы бала дербестілік дағдыларын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.

Баланың осындай жетістіктерге жету үшін, сізден керегі – бөгет жасамаңыз! Қолынан қақпаңыз, жұлқыламаңыз, әр қадамын қадағаламаңыз, баланың орнына ісін орындамаңыз, өйткені «ол кішкентай, ештеңе қолынан келмейді!» - деп айтпаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Таныс емес дағдыны дербесті орындауға мүмкіндік беріңіз, тек қана, балаға көмек қажеттігін көріп тұрсаңыз, «әкел, мен істейін!» - демей, «қарашы, бұл осылай істеледі!» - деп, үйретіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет