Жаңа технология бейнелеу өнері сабағында



бет1/8
Дата30.08.2023
өлшемі36,37 Kb.
#105692
  1   2   3   4   5   6   7   8




Жаңа технология бейнелеу өнері сабағында




Жаңа технология бейнелеу өнері сабағында.

Сурет –бейнелеу өнері түрлерінің: графиканың, мүсіннің,сәндік-қолданбалы өнердіңнегізін құрайды. Сурет адамның қоршаған ортаны танып білудежәне зерттеуде қажетті құралдарының бірі болып есептеледі.Оның көптеген түрлері бар,яғни,ол-техника,әдістері,жанрлар мен бағыттары және тақырыптарына байланысты ажыратылады.


Көркем қолданбалы өнерде кездесетін сурет, тұйық өрнек тәрізді композицияға сүйеніп салынады.Мұндай композициялық құрылымды құру жолында оқушы табиғи формалардан қолданбалы өнердің образын жасау үшін, жалпылау және қарапайымдау сияқты талаптарды орындайды. Бұл жұмысты орындау жолында, оқушыларға бейнелеу өнерінен алған білімі мен тәжірибесі көмектеседі Сонымен бірге,бейнелеу өнерінің қағаз бетіне заттың көлемін,бейнеленетін нәрсенің шынайы бейнесін, кеңістік әсерін, сызықтық және кеңістік перспективасын, жарық пен көлеңке ережелерін шешу т. б.заңдылықтарын көркем композициянықұру кезінде қолданбайтынын естен шығармау керек.Қолданбалы өнер үйірмесінде немесе шеберханада нәрсені жазықтық бетіне әсерлі дақтармен ырғақты құрылым құрып бейнелейді.
Ағаш пен металды немесе басқа қолданбалы өнерде қолданлатын шикізаттардың кенеп пен бояудын көркемдік және технологиялық мүмкіндік Қасиеттері мүлде бөлек.Бояуды өзара араластыру арқылы алынған әр түрлі түстік реңктердің қолданып,бір түстен екінші түске жұмсақ ауыстыруға болады.Көркем қолданбалы өнерде құралдар:қайшы,пышақ,әр түрлі кескіштер.Материялдық:ағаш,металл,тері,сүйек;орындалу технологиясы:ою,балқыту,жону,т.б.Бөлек эстетикалық үндестік және дербес қолданыс бағыты бар қолданбалы өнерде өзіне тәнәсерлеу әдісі бар. Мұны ескермейбейнелеу өнерінің басқа түрлерінен көшіру, оларға еліктеу осал,ішкі дүниесі таяз,көрерменге берері жоқтуынды пайда болады.
Композиция мазмұнын оқушылар қоршаған ортадан алады. Олүшін бақылай білу және әрдайым суреттеме салып жүруі қажет.Ұнаған ағаш бұтағы, оның діңі немесе қызық формалары жапырақтары, сондай-ақ көңілі түскен нәрселерді қойын дәптеріне түртіп алынады. Кейінірек бұл суреттер керек болуы мүмкін.

Оқытушы оқушыларға қарап сурет салу арқылы,қол ептілігін дамытуды,күнделікті қоршаған ортадан табиғй өрнектерді байқап көре білу қабілетін тәрбиелеуі керек.


Оқушыларды шығармашылық шешім кездескен материалдардың көркемдік және әсемдік мүмкіндігін зерттеу кезінді пайда болады.Бұл әсіресе ағаш ою сабағында әр түрлі ағаш тамырлары құраған бұтақ түрлерін қолданған кезде болады.Сонымен бірге композициялық ізденіс кезінде орындалар көркем қолданбалы өнердің формасын көрерменнің қабылдау әсері де ескеріледі.Форманы қабылдау әсеріне көптеген нәрселер жатады.Олардың ішінде ең маңызды болып,бұйымның өлшемі мен формасы,түсі мен материалдардың фактурасы орналсқан жердегі жарық пен көрермннің қашықтығы жатады.Жобамен жұмыс кезінде көркем қолданбалы өнерде маңызды нәрсе қосымша эргономикалық талаптар және жергілікті дәстүрді сақтай отырып эстетикалық талаптар ескеріледі.Қолданбалы өнердің композициясын ойластыру кезеңіне,бұрыннан белгілі өнер туындылары да ой түркі болуы мүмкін.Алайда орындалар жұмыс өнер туындысының көшірмесі болмай қолданбалы өнердің заңдылықтарына сәйкес өзге шешіммен орындалуы тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет