Эссе
Жаһандық проблемалар шешіле ме (жаһандық жылыну, ресурстардың жетіспеушілігі, ауру эпидемиясы)? Адамзаттың даму тұрғысынан алғанда,өмір сүріп отырған заман осы кезге дейін интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды.Қазіргі уақытта біз шешімін таппаған көптеген жаһандық проблемалардың ортасында өмір сүріп келеміз.
Жаһандық проблема дегеніміз не?
Жаһандық проблема дегеніміз-бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар, олар дүниежүзілік қоғамдастық елдердің арасындағы қарым қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды.
Соңғы уақыттары Жер шарында климаттың үлкен қарқынмен өзгеріп жатқанын байқауға болады. Әлемнің бір нүктесінде қар түсіп аяз орнаса, енді бір жерде аномалиялық аптап ыстық болып тұр. Климаттық өзгерістер айқын көрініс табуда. «Жаһандық жылыну». Бәріміз естіп жүрген ұғым. Алайда күнделікті өмірде әсіресе соңғы уақыттары қолданыста жүрген бұл ұғымның астарында біз ойламаған шындық жатыр... Жаһандық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды құрту, жанартаулардың атқылауы ғаламдық жылынудың басты себептері болып табылды. Бұлардың барлығы Жер шарымен қатар тіршілік иелеріне адамзатқа, жан-жануарларға зиян.Бұл мәселелерді шешу үшін бүкіл дүниежүзі болып ат салысып жатыр, яғни көптеген ұйымдар құрылған, көптеген техникалар жұмылдырылып жатыр.
Сонымен қоса, XXI ғасырда адамзат өмірінде елеулі оқиға орын алды. Қытайдың Ухань қаласынан бастау алған індет адамзатты талай сарсанға салып, дүниежүзінде пандемия жарияланды. Пандемия жарияланған соң әрбір ел коронавируспен жергілікті деңгейде ғана күреспейді, аурудың ары қарай таралмауына да күш салуы тиіс.
Ал адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.
Қорыта айтқанда бұл жаһандық мәселелерді сіз бен біз болып көмек көрсетейік.Қоғамды жасайтын адам және Жер барлық азамзатқа ортақ.
Эссе
Адам – ол әлеуметтік немесе биологиялық па?
Адам-барлық артықшылықтары мен кемшіліктері болса да, қайталанбас, ерекше, бірақ өзгеріске, дамуға ұмтылатын, алға ұмтылатын, нақты белгіленген ұстанымы бар және кез келген жағдайда оны қорғай алатын тұлға.
Адам әлеуметтік немесе биологиялық па?
Ана құрсағынан шыр еткен сәби жарық әлемге келісімен осы қоғамның бір мүшесіне айналады. Қоғамдағы субъект топтық сипатты иеленеді және сол қоғамда өмір сүреді. Адам, адам өмірі және қоғам бір-бірімен тығыз байланыста, себебі адам бар жерде қоғам бар.
Жоғарыда қойылған сұраққа тоқталар болсақ, адам биологиялық тұрғыдан дамыды, яғни адам баласы ана сүтінен нәр алады, әрі қарай өмір сүру үшін тамақтанады, шаршағанда демалады, ұйықтайды, қауіпсіз жерде болуы үшін баспана іздейді. Ал соларды қамтамасыз ету үшін белгілі ортада білім алады, еңбек етеді, заман ағымына, талаптарына сай әрекет етеді. Білім алу, еңбек ету нәтижесінде өзінің әлеуметтік жағдайын жасайды. Қоғамдағы адамдармен қарым-қатынас жасап, сол қоғамға сай бейімделеді. Қоршаған ортасында өз көзқарасын, мәдениетін, өз жолын табады. Тілін, дінін қалыптастырады.
Менің ойымша, адам әлуметтік топқа да биологиялық топқа да жатады. Себебі екеуі тығыз байланыста, екеуі бір-бірін қамтамасыз етіп тұрады. Сонда ғана адам қоғамда жақсы өмір сүреді.