Жаңарған либерализм неолиберализм



Дата11.04.2023
өлшемі1,28 Mb.
#81645
Байланысты:
саяси идеология


Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. 

Либерализм латынша “Либералис” – “еркін” деген мағына білдіреді. Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль, Дж.Милль.

Либерализм-ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпыадамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты.

Либералдық идеологияның негізгі принципі:

  • адамның еркіндігі;
  • тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы;
  • олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы;
  • Жаңарған либерализм (неолиберализм): онда еркін нарықтық тетіктерді

    қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға араласу керектігі негізделді. Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф.Фон Хайек, Дж.Кейнс, Дж.Гэлбрейт және т.б.жатады.


Либерализм

Консервативтік латынның “Консервативус” – “қорғаушы” деген мағына білдіреді.

Консервативтік идеология Ұлы Француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсафашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк, француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр, немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих Фон Савиньи, Австрияның канцлері Меттерних және т.б. жатады.

Жаңарған консерватизм (неоконсерватизм). Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Билікке төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан қарауды бәсеңдетті. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендірілді. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д.Белл, З.Бжезинский, Н.Кристолл, және т.б.жатады.



Консервативтік

Коммунистік латынның “Коммунис”- “жалпы” деген сөзінен шыққан

Коммунистік латынның “Коммунис”- “жалпы” деген сөзінен шыққан

Коммунистік идеялар XIX орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар: Карл Маркс пен Ф.Энгельс. Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал - социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И.Ленин басқарды. Реформистік идеялар немістің социал демократы Э.Бернштейн мен немістің тарихшысы және экономисі К.Каутскийдің еңбектерінде дамытылды.


Коммунистік
Социал-демократиялық

Социал-демократия идеологиясы “демократиялық социализм” идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары:

1. еркіндік

2. теңдік

3. әділеттілік

4. ынтымақтастық

Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіреді:

  • адам құқықтары
  • сөз
  • ой-пікір
  • баспасөз
  • білім алу
  • ұйымдар құру
  • дінге сену бостандығы т.б.
  • “Демократиялық социализм” тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария, Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Социал-демократиялық партиялар Латын Америкасында, Азияда, Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет