Жаңаша оқыту үрдісінде инновациялық технологияны қолдану тиімділігі жунусоваГульнур Мирасбековна



Дата10.05.2023
өлшемі26,59 Kb.
#91744

ЖАҢАША ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ


ЖунусоваГульнур Мирасбековна
Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектеп
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Заман талабына сай "Әлем өзгерсе, мен де өзгеремін" деген даналық сөзді педагогикалық ұстанымыма айналдырып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс атқарып келемін. Мақсатым шәкірттеріме білім бере отырып, өз ойын айтуға кедергі жасамау, өздігінен білім алуын бақылау, өз бетінше шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру. Өзімнің тәжірибемде инновациялық технологияларды қолдану әрбір оқушының болашақта өмір сүруі үшін керекті деп есептелетін терең білімінің және білік дағдыларының нәтижесі деген тұжырымға келдім.
Шәкірттерімнің алған білімін өмірде өз қажеттіліктеріне тиімді қолдана білуін басты назарда ұстаймын. Тақырыбымның өзектілігі шәкірттеріміз алған білімін өмірде өз қажеттілігіне жұмсауы керек деген ойға тоқталдым. Осындай мақсатты ұстана отырып, өзіме мынадай міндеттерді жүктеп қойдым. Тарқа-тып айтсам, шәкірттерімнің мен үйреткен білімін тәжірибемен ұштастыра білуі, тиянақты білімдерін өзгермелі өмірде орнымен қолдана білуі, жағдаят-тарға шешім қабылдауы, өз бетінше ізденіске талпынуы деп білемін.
Бүгінгі жаңа заман баласы жаңалыққа құмар, шығармашылыққа әуес екені бәрімізге мәлім. [5,6-7 б] Осы орайда, ұстаз ретінде жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін қарастыруды өзіме міндет етіп алдым. Осы айтқандарымды үнемі назарда ұстанғандықтан "Ізденген жетер, мұратқа" демекші, шәкірттерім әр сабағымда дәстүрлі кездегідей қонақ болып отырмай, нағыз кейіпкерге айналды. Ақпараттық-куоммуникациялық технологияны сабақ барысында екпінді түрде қолдануды өзіме дағды етіп алдым десем артық айтқаным емес. Сабақ барысында интерактивті тақтаның мүмкіншілігі мол. Оны ресурс ретінде қарастырсам, компютер арқылы жұптастыру,топтастыру,дұрыс-бұрыс,сұрақ-жауап т.б әдістер шәкірттерімнің қызығушылығын арттыра түседі. Осы тұрғыда орыс тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технология элементтерін кеңінен пайдалану білім алушылардың ойлау қабілетін арттырудың үйлесімді бағытына айналып отыр.
Өзімнің жаңа технология арқылы білімді кеңейту әрбір оқушының болашақта өмір сүруі үшін керекті деп есептелетін терең білімінің және білік дағдыларының көрінісі деген тұжырымға келдім. Өйткені, жаңартылған білім аясындағы әрбір тапсырмалар білім алушыларды ойландыру, өз беттерінше ізденіп оқуға баулып, табысты сабаққа қол жеткізу болып табылады. [6, 8-9 б] Осы орайда біз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Өйткені, жаңа форматтағы ұстаз кәсіптік, зияткерлік жағынан жан-жақты дамыған,баланың адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізуі тиіс. Ол үшін күндeлікті оқыту тәжірибeмe жаңаша түрде құрылған сабағымды жоспарлап, оны өткізу барысында жаңа тәсілдeрді, «Диалог арқылы оқыту» мeн «Қалай оқу кeрeктігін үйрeнуді» ғана қарастырамын, өйткені оларды әлeумeттік-сындарлылық көзқараспeн тығыз байланыстырамын.
Орыс тілі мен әдебиет сабағында ресурстарды қалай кеңінен пайдалануға болады? Осы тұста оңтайлы тәжірибеммен бөліспекпін. Заманауи талапқа сай АКТ-ны қолдана отырып, интерактивті тақтамен жұмыс жасаймын. [7,2-4 б] Осы кезде мұғалім мен оқушы, интерактивті тақта арасында қарым-қатынас орын алады. Өз сабағымда диологтың әр түрін қолданамын: әңгіме құру үшін, сұрақтар қоямын. Оқушылар сұраққа жұппен, содан кейін топта талдайды. Бір шешімге келіп жауабын айтады, дәлелдейді. Егер бір-бірімен әңгіме дұрыс құрылмай жатқан кезде мен мынандай көрнекіліктер қолданамын. Сөйлейтін карточка:Бұл сұрақ бойынша сенің ойын? Неліктен олай деп ойлайсың? Тағы қандай идеяң бар? Барлығы келісе ме? Кім келіспейді неліктен? деген жетекші сұрақтар арқылы айтылым дағдысын дамытамын. Диолог арқылы өздіктерінен жаңалық ашуға дағдыландырамын. [8, 5-9 б] Осы тұста шығармашылықты тежейтін кедергілер "орындай алмаймын", "қолымнан келмейді" деп қорқынышқа бой алдырса, екіншісі өз талантын ашуға енжар болады, ал үшіншісі ұяңдыққа жеңдіреді. Осы орайда жантанушы ролінде шәкірттеріме "Жарайсың!", "Керемет", "Тамаша", "Талпын" деген сөздер арқылы қанат бітіріп отырамын.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Өзімнің тәжірибемде «СТО дамыту» технологиясы мені немен қызықтырды? Осы технологиямен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Олар өз беттерінше бір пікірге негізделіп, жағдайды суреттеп, әңгімелей алады, қарапайым дәлелдер келтіріп, талқылауды біледі, қорытынды шығара алады.
Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. [9, 4-5 б] "Венн диаграммасы", "Түртіп алу", "Болжау", "Екі жақты күнделік" әдістері оқушылардың ынтасын арттырып, білім сапасын бекіте түсетініне көзім анық жетті. Күнделікті сабақта оқуға белгілі бір материалды ұсынамын, термин сөздіктерді қолдана отырып, тапсырма құрастыруға тапсырма беремін. АКТ -аясында ғаламтордан видеоның сілтемесін тапсырма ретінде ұсынсам, шәкірттерім дереу өздігінен ізденіп, жаңа сабаққа топқа ұсынуға тапсырмалар әзірлеп келеді. Өзімнің тәжірибемде оқушылар мақал-мәтелді орнымен қолданып,өмірмен байланыстырып жатады. Оған күнделікті сабағымда куә болып жүрмін десем, артық айтқаным емес. Ақпаратты технологияны да орыс тілі сабағында үнемі қолдану жаңа білім берудің бір жетістігіне айналып отыр. Табысты сабаққа қалай қол жеткізіп жүрмін? Бірнешеуін қарастырып көрейін.  Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады. Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. [10,3-5 б] Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады. Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады. Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады. Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі. Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды. Сондай-ақ,өз бетінше ізденіс жасай алу үшін "Автор орындығы" әдісін қолданамын. Ыстық орындық – Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. INSERT — оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну — әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. БББ немесе маркировка кестесін қолданамын. «БББ» — білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Инновациялық әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алса, сабақ өнімді болары анық деген ойдамын. Инновациялық технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Ендеше, болашақта бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жаңа заман баласын тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік!


Пайдаланған әдебиеттер
1."Білім шыңы" газеті №5 2019 ж, 6-7 бет
2."Білімді ел" газеті №6 2019 ж 8-9 бет
3."Бастауыш сынып" журналы №7 2020 ж 2-4 бет
4."Қазақстан мектебі" журналы №8 2021 ж 5-9 бет
5."Қазақстан мұғалімі" газеті №9 2022 ж 4-5 бет
6. "Қазақстан мұғалімі" газеті №10 2022 ж 3-5 бет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет