Жалғызағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата18.10.2023
өлшемі9,3 Kb.
#118447

Жалғызағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп жасынан ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 8-11 сынып қыздары арасында «Қыз баланың бой жетуі» атты кездесу өткізілгендігі туралы мәлімет
Жалғызағаш орта жалпы білім беретін мектебінде жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 8-11 сынып қыздары арасында 2023 жылдың қазан айында мектепте оқитын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу және отбасын жоспарлау туралы репродуктивті сауаттылықты жоғарылату жөнінде санитарлы-ағарту жұмысын жүргізу мақсатында «Қыз баланың бой жетуі» атты мектеп медбикесі Клыева Маржан қыз балаларға түсіндірме жұмыстарын өткізді.
М.Клыева жастықтың дәмін татпай жатып, зарын тартатын жас буын өкілдеріне керек емес жүктіліктің болашағына, денсаулығына тигізер кері әсері туралы толыққанды мәлімет берді.
Физикалық, биологиялық, әлеуметтік тұрғыда жетіліп үлгермеген нәзік жандылардың дүниеге дені сау ұрпақ әкелуі де екіталай дүние. Ал жасанды түсік болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендетеді, яғни бедеулікке апарып соқтырады. Жасанды түсік жасататын қыздардың 30%-ы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығып жатады. Арақ-шарапқа, темекіге әуес бақылаусыз жеткіншектер осы қадамға біртабан жақындау боп келеді¬. Ата-анасы шектеу қоймаған соң, бала да өз тағдырына алаңдай қоймасы анық. Сол себепті де, бөйжетіп келетін қыз баланың қылығы түзде болғанымен тәрбиесі үйден болуы тиіс дейді.
Мектеп психологы М.Карибаева қыздарды сөзге тартып, өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға мүмкіндік бере отырып, мектеп медбикесіне кәмелет жасына толмаған жастардың аяғын андап басудың басты алғышарттарымен таныстырды. Ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен денсаулығына кесірін тигізсе, болашағына балта шабатыны турасында ұғынықты етіп түсіндірді.
Сонымен бірге, жұқпалы инфекциялардың түрлері, оларды жұқтырудың жолдары, салдары да тереңнен қозғалды. Қарапайым сөзбен айтқанда, бақытты да дені сау, әдемі болу үшін, тазалық гигиенасын сақтап, жыныстық қатынастан отбасын құрғанға дейін бас тартуға шақырды. Қатысушы жастар мазалаған сұрақтарына жазбаша, жасырын түрде жауап ала алды.
Дәрігерге уақытында қаралғанның өзі көптеген проблемалардың алдын алуға болатындығы айтылды.
Мектеп психологы: М.Т.Карибаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет