Сабақтың тақырыбы: Екінші реттік жыныстық белгілер: Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеументтік жетілу
Сабақтың мақсаты:
Жыныстық жетілу кезіндегі аталық және аналық жыныс гормондарының рөлін түсінеді.
Бағалау критериі:
аталық жыныс гормонның ерекшелігін түсінеді;
аналық жыныс гормонның ерекшелігін түсінеді.
Жасөспірімдер мен қыздардың жыныстық жетілуіндегі кезеңдерді сипаттайды.
Аталық жыныс гормондары –тетостреон,андрогендер екінші реттік жыныс белгілердің қалыптасуына әсер етеді.Осы гормондарының әсерінен :
Қаңқа,шеміршек,бұлшық ет,көмей шеміршегі белсенді дамиды;
Ер адамдарда көмейі үлкен дауыс байламдары ұзындау болады;
Көбінесе дауысы жуандайды;
Мойынның алдыңғы жағында қалқанша шеміршегінен түзілген дөңестеу жер көмей жұмыры қалыптасады.
Аналық жыныс гормондары- эстрадиол, прогестеронның дамуымен екінші жыныс белгілердің қалыптасуына әсер етеді.
Осы гормондарының әсерінен :
қаңқа бұлшық етінің даму ерекшелігі;
жамбас сүйектері жалпақтанады;
кеуде қуысы мен иығы қарқынды дамымайды;
сүт бездері дами бастайды;
дене сымбаты әйелге тән сипат пен пішінге ие болады;
Жыныс гормоны жеткіліксіз бөлінген кезеде болатын өзгерістер:
сүйектің өсуі баяулайды:
ағзаның дамуы және жыныстық жетілуі тоқтайды;
Жыныс гормондарының арақатынасы бұзылатын болса:
ер адам әйел адам тәрізді пішінге ие болады;
әйелде мұрт пен сақал өседі;
Жасөспірімдер мен қыздардың жыныстық жетілуі:
Жасөспірім кезең-барлық физиологиялық жүйе толық құрылады, ағзаның жыныстық жетілуі басталады.
Өтпелі кезең -бұл кезеңде көңіл күйдің лезде өзгеруі байқалады, ашуланшақ болады.
Ержету немесе бойжету -бірқалыпты, өзіне сенімді, айтқан сөзге берік және алға қойған мақсатқа жету.
Биологиялық жетілу -ағза физиологиялық тұрғыда көбеюге дайын болған кезден басталады.
Әлеументтік жетілу- бұл психологиялық түсінік. Ол үлкендердің көмегінсіз өз бетімен биологиялық әрі әлеументтік : кәсіби, қоғамдық, шығармашылық және т.б қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Тапсырмалар: Пікір алмасындар.
1.Екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуындағы аталық жыныс гормондарының қызметін сипаттаңыздар.
2.Екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуындағы аналық жыныс гормондарының қызметін сипаттаңыздар.