Аннотация Бұл мақалада тұрмыстық қалдықтардың адам өміріне, қоршаған ортамызға әсері туралы зерттеу жүргізіліп, мәселе қарастырылады. Осыған байланысты шешу жолдары ұсынылады. Тұрмыстық қалдықтардың мәселесі бүкіл алем бойынша өзекті болғаны үшін, оларды қалай азайтып, жақсы жолдарға пайдалануын қарастырып, қалай осы қалдықтар мәселесін шешуге не істеу керек екенін зерттеліп айтылатын болады.
Кіріспе Бүкіл дүние жүзі бойынша күннен күнге тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі артып келеді. Олардың зиянды әсерінен табиғатымыз құртылып, бүкіл әлемде экология нашарлап жатыр. Ғалымдардың болжауы бойынша, 2050 жылға қарай әлемдегі қалдықтар үлесі 70%-ға артуы мүмкін. Бұл мәліметке қарасақ, әрқайсысымыздың қоқысты сұрыптауға деген көзқарасымыз туралы ойланатын кез келді. Дегенмен, статистика комитетінің мәліметінше, әр Қазақстан азаматы жылына 165кг-нан астам қоқыс тастайды. Мұндай қоқыстардың көп бөлігі сұрыпталмай, тікелей қоқыс полигонына түседі. Осылайша полигондардың аумағы артады және айналамыздың ластануы жоғарылайды. Егер қазірден бастап қалдықтарды өңдеумен айналыспасақ, бүкіл жер шары қоқыс астында жатуы әбден мүмкін.
Адамзат қалдықтарды өңдемей, экологияның жаһандық мәселесіне назар аудармай жүре берсе, болашақта қазіргі жер шарынан түк те қалмауы да мүмкін. Қоқыс полигондары жер қабатына зиянды әсерін тигізеді, далаға тасталынып кететін қоқыстар табиғат пен суларды ластайды, ал олардан шығатын улы газдар ауа қабатын ластайды. Бұның бәрі күннен күнге артып бара жатыр. Қазірден бастап мәселенің алдын алуға тырыспасақ, болашақтағы өмірімізді елестету қиынға туады.
Негізгі бөлім Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ)-бастапқы міндеті атқарылғаннан кейін қолдануға жарамсыз күйге айналатын, әр-түрлі физикалық тұрғыдағы заттар. Олар классификаттары әртүрлі: тұрғын үйлерден шығарылатын қалдықтар, өндіріс орындарында қолданылған заттардан шығатын қалдықтар, бақша мен саябақтардан жиналатын қоқыстар, көше қоқыстары және т.б. болып бөлінеді. Ал морфологиялық құрамына келетін болсақ, мына құраушылардан тұрады: қағаз, газет-журналдар, азық-түлік пен көкөністер қалдығы, сүйек, ағаш, пластмасса, текстиль және түрлі металлдар.
ҚТҚ морфологиялық құрамынан бөлек, оның фракциялық құрамы да өте маңызды болып табылады. Себебі, жиналған қалдық көлеміне байланысты, арнайы технологиялар мен техникалар пайдаланылады (1-кесте).
1-кесте
ҚТҚ көптеген жылдар бойы өзекті болып келе жатқан басты экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. Жыл сайын әлем бойынша өндірістік қалдықтар шамамен 1 миллиард, ал тұрмыстық қалдықтар 14 миллион тоннаға жетеді. Бұл көлем мен зияндылық жағынан өте күрделі мәселе болып табылады. Шығарылатын қалдықтар желмен немесе сумен ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаға ауыр зиян келтіреді. Тіпті ҚТҚ бөлігін көл мен өзендерге шығарылатыны бізге жаңалық емес. Осындай зиянды қалдықтардың шеттен тыс мөлшері бүкіл адамзатқа, айналамыздағы табиғатқа кері әсерін тигізеді. Мәселен, қоқыстарды жандырған кезде атмосфераға өте көп улы газдар бөлініп, денсаулығымызға байланысты ауытқулардың болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Қазіргі кезеңде ғылым мен техникалардың даму деңгейі жоғары болса да, қалдықтарды өңдеуге байланысты жетілдірілген технология әлі күнге дейін ойлап шығарылған жоқ. Қоқыстарды өндеп, құнды өнімдер алу әзірше қолға алынбаған. Сондықтан оларды сақтауға, жоюға, тасымалдауға және зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражаттар, энергия және уақыт жұмсалып отыр.
Ал тұрмыстық қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу ісі бойынша өзге елдерге қарайтын болсақ, оларда бұл мәселе ерекше қарастырылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою ісі бойынша Еуропа елдерінің тәжірибесі өте мол және ауқымды. Аталған елдерде 1980 жылдан бастап қалдықтарды залалсыздандыру жаңаша көрініс алып отыр. Нақты айта кеткенде, қоқыстарды -пайдаға асыру ісі қолға алынды. Өзін-өзі сыйлайтын Еуропаның кез келген азаматы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап алмай, қоқыс жәшігіне тастамайды. Дамыған елдердің тұрғындары қоршаған ортаның тазалығы үшін әрдайым күреседі және табиғи ресуртарды үнемдеуге барынша ат салысады.
Алдағы жылдарда біздің елімізде сұрыптаудан өтпеген қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы болып отыр. Жалпы сарапшылардың деректері бойынша, Қазақстанда жыл сайын 700 миллион тонна қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионында денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді.
Мемлекеттің статистика бойынша Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу мен утилизация жағдайы жыл сайын жақсарып келе жатыр. Мәселен, Қазақстан Республикасының Экология министрінің дерегі бойынша 2016 жылы сұрыпталған және қайта өңделген тұрмыстық қалдықтардың үлесі небәрі 2% құрады, ал 2019 жылы ол 14%-ға өсті.
2020 жылдың ортасында қалдықтардың 15,8%-ы қайта өңделді және жойылды. Бірақ, жаһандық зерттеулер статистикасында бұл нәтижелердің үлесі қанағаттанарлық емес. Йель университетінің экологиялық саясат және құқық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда өндірілетін қалдықтардың тек 2,2%-ы бақыланады.