Жалпы геология емтихан сұрақтары



бет1/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
геология


Жалпы геология емтихан сұрақтары

  1. Геология пәні, оның маңызы және мақсаты.

Геология – Жер туралы ғылым, оның құрылысын, құрамын, тарихын және дамуын зерттейдi.

  1. Аллювий шөгінділері және оның қалыптасу ерекшеліктері.

(Аллювий шөгінді) — өзен мен жылғалардағы ұдайы немесе уақытша тасқынның нөтижесінде пайда болатын әр түрлі қиыршық тастардың, құм мен балшықтың шөгіндісі. Аллювий, аллювийлік шөгінділер – тау жыныстары үгінділерінің өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер.

  1. Жер қабығы, оның құрамы, физикалық қасиеттері.

Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да,олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады.

Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралып,жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді. Жаралу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық,шөгінді және метаморфтық болып үш үлкен топқа жіктеледі.



  1. Геология пәнінің ауылшаруашылығындағы маңызы.

Ауыл шаруашылығын дамытуда да геологияның маңызы жанжақты. Орыстың аса iрi ғалымы В.В.Докучаев, топырақ тану ғылымыңың атасы, топырақта өсiмдiктер, жануарлар, минералдар сияқты табиғаттың ерекше бiр денесi деп таныды. Топырақтың негiзi болып аналық, яғни шөкпе тау жыныстары әртүрлi лөстер, лөстiк құм балшықтар, саз балшықтар, құмайттар, құмдар жатады,олар континенттiк қопсыған жер қабаттарының беткi қабатында орналасқан.
Өсiмдiктердiң әртүрлi бiрлестiгi мен топырақ құралу үрдiсiнiң бағыты, қосылымы кейбiр жағдайларда жыныстардың минералдық құрамын және оның су режимiнiң бағдарын да анықтайды. Жердiң батпаққа айналуын шешкен кезде, осы жердiң гидрогеологиялық жағдайы үлкен рөл атқарады, ал топырақ пен жыныстың сортаңдануы, осы жердегi жаңбырдың мөлшерiне және оның булануына байланысты. Өзендер мен көл жағаларының мұжылуы, топырақ пен жыныстардың эрозиясы, жарлардың өсуi, өзендер мен көл жағаларының ығысуы, көшуi, жылжуы, жеңiл еритiн тау жыстарында пайда болатын құламалы шұңқырлар, карстар, көп жылдық тоң мұздақ аудандарда ерiген кезде пайда болатын жердiң үстiңгi қабатының қозғалыстары, лөсстер мен лөсстiк құм балшықтардағы отыру құбылысы – мiне, осының бәрi, ауыл шаруашылығына көптеген зиян келтiруде және көптеген егiстiктердi iстен шығаруда. Геология, геморфология, гидрогеология бiлiмдерiнiң негiзiн бiлмей, жоғарыда аталған құбылыстармен нақты және жан-жақты күрес жүргiзу мүмкiн емес. Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде (құдық қазу, тоспа жасау) жер суландыру құрылысында, құрылыс материалдарын барлауда (құм, қиыршық тас, балшық, әк, доломит, гранит) агрохимиялық шикi зат қорын iздегенде (апатиттер, калии тұздары, әктер) геологиялық бiлiмсiз болмайды.

  1. Жердің мүсіні, жасы, физикалық қасиеті, химиялық құрамы.

Жердің жасы шамамен 4,5—4,6 млрд жыл деп шамаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет