«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Бірінші операцияда аммиак пен ауа араластырылып сүзгіленеді. Екіншіде аммиактың тотығу раекциясы жүреді



бет21/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

Бірінші операцияда аммиак пен ауа араластырылып сүзгіленеді. Екіншіде аммиактың тотығу раекциясы жүреді:

Осыдан бөлінетін жылудан газ қоспасы қызады, сондықтан (3) жəне (4)-ке салқындатуға жібереді, бұл жерде жартылай азот оксиді диоксидке дейін тотығады:

Азот оксидінің аяғына дейін тотығуы азот қышқылын алумен, яғни диоксидтің суға абсорбциялануымен бірге жүреді. Осы жерде таза азот қышқылы бөлініп алынады. Шыққан газдар (6)-да тазаланып, атмосфераға жіберіледі.

Катализатор ретінде көбінесе, платина жəне оның платина тобындағы металдармен қорытпасын қолданады.

Сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін буландыру арқылы 68,4%-дық азот қышқыл ерітіндісін алуға болады.


Ал концентрлі азот қышқылын Қазіргі кезде тура синтездеу жолы арқылы жүзеге асырылады: Əр тонна азот қышқылын концентрлеуге 3-4 т күкірт қышқылы шығындалады. Бұл операция автоклавта 900 С температурада жəне 5МПа қысымда жүреді, 97-99% HNO3 алынады. Бұл реакцияның ең қиыны азоттың сұйық оксидін алу (димерді) болып табылады.







Медицинада қолданылуы

фармакологиялық (тері түзілімдерін кетіруге арналған препараттарға кіреді);

дәрі-дәрмек (сүйелдерді және басқа тері түзілімдерін күйдіруге арналған).

1. сүйелдерді және кейбір басқа да тері зақымдануларын күйдіру үшін құрамында 32-33% HNO3 бар таза қышқыл түрінде;

2.висмут тұзы түрінде (висмут гидроксонитрат) және тағы басқа түрінде асқазан-ішек ауруларына тұтқыр және антисептик ретінде: ойық жара және т.б.





  1. Аммиак өндірісі, оның медицинада қолданылуы.

Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ. Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл. Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0 °C кезінде) немесе 700 көлем (20 °C кезінде) NH3 ериді.
Аммиакты азот пен сутектің 1:3 қатынасында катализатор жіберу арқылы алады:
Ле-Шателье принципі бойынша қысымды көтергенде аммиактың шығымы арту керек, бұл тəжірибе жүзінде дəлелденген. Екінші жағынан, азот пен сутек қосылғанда 112 кДж жылу бөлініп шығады. Демек температура жоғары болса аммиак аз өндіріледі. Сондықтан реакцияны төменгі температурада жүргізу керек. Бірақ төменгі температурада реакцияның жүру жылдамдығы өте баяу. Сондықтан үдерісті тездету үшін катализатор қолдану керек. Бұл үдеріске ыңғайлы катализаторлар ретінде уран жəне т.б.
Түзілген аммиакты бөліп алу үшін газдар қоспасын салқындатып, аммиакты конденсациялайды. Реакцияға түспеген азот-сутек қоспасын қажетті мөлшерде азот, сутек қосып үдеріске қайта жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет