Жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі еліміздің басты назарында



Дата08.12.2023
өлшемі20,25 Kb.
#134893

Жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі еліміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық оқу- әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым – оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі – оқу үрдісін жаңаша ұйыдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өзі таңдайды. Қ. Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады» Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан – жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологиларды қолдану, оңын – солын тану, зерттеу, анализ жасау- әр ұстаздың міндеті.

Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызын және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Ынталандырудың анықтамасы латын тіліндегі movere (қозғау) сөзінен алынған. Ынта – бұл мақсатқа бағытталған іс-әрекет басталған және қолдау тапқан үдеріс. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.

Түрлі әдістерді қолдану үшін ұстаздар әрдайым ізденісте болу керек. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Мұғалім – мектептегі басты тұлға . Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы , әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.


Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде қолданылатын әдістер.


Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің касиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқущылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсініген жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.

Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымды мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарастарға қатысты бірқатар баламалы шешімдерді де қамтиды.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.

Қазіргі сабақтарда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда Бес жолды өлең, эссе, семантикалық карта, INSERT, болжау, екі жақты күнделік, еркін жазу, кубик, автор орындығы, , Венн диаграммасы сияқты әдістердің тиімділігі мол. Оқушылар бірлесіп оқуда, үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасауда, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу бағытында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларын қорытып, тұжырымдайды, ортақ жобаны дәлелдеп, қорғап шығуға тырысады. Шағын топтарда бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстау қажет:

- өзара сыйластық ( бір-біріне құрметпен қарау);

- жауапкершілік;

- кезекпен сөйлеу, тыңдау дағдысын үйрету;

- топта ұтымды жұмыс істеу.


Осындай топтарда бірлесіп жұмыс істеуге үйренген оқушылардың жұмыстары нәтижелі болады, шыңдалады.

Бірлесіп жұмыс жасағанда оқушылар мынадай жетістіктерге жетеді:

- оқушының, ең алдымен, есте сақтау қабілеті жоғарылайды;

- сабақта өз бетімен бақылаусыз отырмай оқушы жұмыс басты болады;

- білімді өздігінен үйренуге деген қызығушылығы артады;



- бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай, олар бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ынтымақтасады.

Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыни ойлаудың маңызы зор деп ойлаймын. Сыни ойлату арқылы оқыту қазіргі таңда жиырма тоғыз мемлекетте қолданылады екен. Бұл идеялардың негізін қалаушы ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит, Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтар және басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктіріліп келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет