Жангабаева Диана доиВ-21а соож такырыбы мен тапсырмасы: Спектакльді



Дата25.04.2023
өлшемі30,73 Kb.
#86920
түріСценарий
Байланысты:
сож реч


Жангабаева Диана ДОиВ-21А
СООЖ такырыбы мен тапсырмасы: Спектакльді
балаларта корсетуге даярлау.
Тапсырма 1. Ересектер жане мектеп алды даярлык, топтарына „Туйе арыстан, каскыр жане
тулкі" ертегісіне сценарий курастырыныздар да, оздерініздін режиссерлік шешімдерінізді далелденіздер.
Бір күні орманда қасқыр мен түлкі келе жатады. Оларға арыстан қарсы жолығады. -Үшеуміз дос болайық,-дейді оларға арыстан.-Үшеулеп аңауласақ, жеңіл болады, олжамызды да бірдей бөлісеміз. Қасқыр: «жолымның болғанын қарашы! Арыстанмен достасу! Онымен бірге аң аулау! Олжа қандай көп болады десеңші! Ақырында аш қарным бір тоятын болды-ау!» деп ойлайды. Сөйтіп, бірден: Арыстан мырза, сенімен достасқаныма қуаныштымын, — дейді. Түлкі: «Арыстан мырзамен бірге аң аулау? Жоқ, мұндай достықтан жақсылық күтуге болмайды» деп ойлайды. Қасқырдың құлағына сыбырлайды:
-Күштінің әлсізбен достасуы әлсіздің пайдасына шешілмейді. Онымен достасудың керегі жоқ, қасқыр.Бірақ қасқыр арыстан мырзамен достасқанды қалайды. Түлкіні де көндіріп, үшеуі аңға бірге шығады. Олар бұғы, теке және қоян ұстайды. Арыстан: Ал олжаны бөлісейік. Қасқыр бөлсін, — дейді. Арыстанның өзіне сенім білдіргеніне қуанған қасқыр: Сен, арыстан мырза, ең үлкен әрі ең күшті аңсың, саған мына бұғы лайық, маған — теке, ал түлкі кішкентай, оған қоян да жарап жатыр, — дейді. Қасқыр арыстанға жақындап келеді, ол олжаны дұрыс бөлгенім үшін арыстан мырза өзін мақтайды деп ойлайды. Арыстан: Ең үлкен, ең күшті маған тиесілі жалғыз бұғы ғана ма? Мұндайды қайдан үйренгенсің, ақымақ қасқыр? — деп ақырып, қасқырды шеңгелді табанымен бір ұрып, омыртқасын сындырып жібереді. Қасқыр құлап түседі. Енді олжаны сен бөл, — дейді арыстан түлкіге қарап. О, ұлы һәм теңдесі жоқ әміршім, — дейді түлкі, — олжаны бөлетін несі бар? Ол оп-оңай ғой: сенің таңертеңгі тамағың бұғы болады, түскі асыңа теке жарайды, кешкі асыңа қоян қалады… Сен өзі, түлкі шырақ, байқамай жүрсем, ақылды екенсің ғой, — дейді арыстан. — Мұның бәрін саған кім үйретті? Шамасы, оқытушың бір кемеңгер болды-ау! Менің оқытушым — мына жатқан ақымақ қасқыр, — деп түлкі бұтаның арасына жып етіп кіріп кетеді.
Тапсырма 2. Сценарий курган спектакльдердін
балабакша балдыргандарына койып беруге
даярланыздар. Спектакльді керсеткеннен кейін эдіскер-педагогтармен талданыздар.
Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, арыстан» ертегісі.
Сабақтың мақсаты: балаларға осы ертегі жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері: а) Балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, оларға жеке-жеке тоқталу.
б) Балалардың ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар беру.
в) Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қуыршақтар, карточкілер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңбері
Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.
Біз сіздерге сәттілік тілейміз
Балаларға үш түрлі карточкі таратылады.

  • Жүрек белгісі

  • Қолдың белгісі

  • Смайлик

Қай балаға қолдың белгісі түссе амандасады, жүрек белгісі түссе құшақтасады, смайлик түссе күлімсірейді.
Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса жарқын күн
Жаса-жаса алтын күн.
Жарайды, балалар, ендеше бүгінгі сабағымызды көтеріңкі көңіл-күймен бастайық.
Балалар, біз қандай ертегілермен таныстық?
«Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Жеті лақ» жарайсыңдар, балалар.
Осы жерде слайдтан ертегілер көрсетіледі. Сол ертегілер бойынша балаларға сұрақ қойылады.
Актуалдау: Қасқыр, түлкі, кісі туралы жұмбақ жасырылады.
Бейғам елді іздейді 
Малдан күдер үзбейді (Қасқыр)
Жануар мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.(Арыстан)
Ақыл ойдың иесі, ол- кім? (кісі)
Жарайсыңдар, балалар.


СООЖ такырыбы мен тапсырмасы: Балаларды
мектепке даярлау жумысынын мазмуны. Сауат
ашу кезендері.
Тапсырма 1."Зерек бала" багдарламасын талдау.
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің жалғасы болып табылады. Бұл бағдарлама әлеуметтенудің бірыңғай үдерісін құрайтын – баланың өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктері мен қажеттіліктерін түсінуі арқылы тұлғалық даралануын қамтамасыз ете отырып, 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты дамытуға, оның танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және потенциалдық мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») арқылы жүзеге асады. 
Бағдарлама мазмұны баланың тұлғалық және физиологиялық, әлеуметтік, қатынастық, шығармашылық, танымдық дамуын қамтамасыз етеді.
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасына белгілі бір ұстанымдар енгізілген:
- оқыту әдістері және мазмұнының, мақсатының әлеуметтік шарттарға сай жаңарып отыруы;
- тәрбие мен оқыту әдістерінің, мазмұндарының бірлестігі және қолжетімділігі;
- баланы тәрбиелеу мен оқытуды жеке тұлғалық ұйымдастыру;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік және шығармашылық қатынасы.
- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМБС негізінде құрастырылған және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының негізгі функционалды тасымалдаушысы болып табылады.
Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР МЖМБС сәйкес бес білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» енгізілді және 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған. 
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі міндеттері:
- әрбір баланың жеке тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды әрі қарай дамыту;
- практикалық, танымдық, шығармашылық және балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерінің тәжірибесін қалыптастыру;
- әрбір баланың интеллектуалдық қабілеттіліктерін, шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Қазақстан Республикасының патриоттық, мәдени-тарихи салт-дәстүрлер негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- ұжымда тәрбиеленушілердің ұлтаралық мәдениетін ортасын; 
- баланың толыққанды дене бітімінің дамуына, негізгі құзіреттіліктің маңыздылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы, заттық-дамытушы құру;
- бараны тәрбиелеу және дамыту мақсатында отбасы, мектепке дейінгі ұйым ортасының ынтымақтастығы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамыту мен тәрбиелеудің нәтижесі негізгі құзіреттілікке ие, ересектер және құрдастарымен өзара әрекет ете білетін, дене шынықтыру және салауатты өмір салты негіздеріне ие тұлға болып табылады. Бес білім беру саласының базалық мазмұны балалардың танымдық қабілеттіліктерін, жеке басының бейімділігін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың негізі болып табылады. Барлық білім беру салалары және оның тараулары өзінің мазмұнында мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.
Бағдарламаның айырмашылық белгісі пәнаралық байланысқа және мектеп жасына дейінгі балалардың білімі мен білігінің тұтастығын қалыптастыруға негізделген білім беру материалдарының мазмұнын біріктіру болып табылады.


Тапсырма 2. „Балабакшаданы білім беру жане
тарбиелеу" багдарламасына шолу.
Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.
Бағдарламаның мазмұны:
дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға;
балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға; 
тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге;
өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға;
тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;
бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.
СООЖ такырыбы мен тапсырмасы: Ертегі - халык ауыз эдебиеті саласынын бірі.
Тапсырма 1 Халык ертегісі „Канбак шалды" текстен ауыткымай айтып берініздер. Ертегінін жанрлык озгешелігін, тіліндегі , стилындегі, компазициясындары ерекшелікті корсетініздер.
Қазақ фольклорында бір ғана ертегіде кездесетін, бірақ өзіндік орны ерекше, қазақпын деген адамның бәрінің жүрегінен ойып орын алған бейне – қаңбақ шал. Бұл ертегі кейіпкерін білмейтін қазақ жоқ десек артық айтқандық болмас.
Сыншыл ертегілер қатарына жатқызылып жүрген «Қаңбақ шал» ертегісінің бірнеше нұсқасы бар. Бір мәтінде «қорқақтығынан үйден шықпайтын шал қолындағы жарасына алпыс шыбын үймелеп, оларды бір соғып өлтіргені үшін өзін батыр санағаны туралы айтылады. Ен далаға шығып, ұйықтар кезде өзінің осындай батырлығы туралы жазып қойғанын көрген үш дәу оны қорқасоқтап, сақтықпен оятады. Кейін шал өзін құдықтан шелекпен су және орманнан ағаш кесіп әкелуге жұмсағанда тапқырлық көрсетіп, дүлей күш иелерін айласымен жеңеді.
Ертегінің келесі нұсқасындағы «Аулаған балығын тартып жейтін түлкінің қыспағына шыдамай қоныс аудармақшы болған әлсіз шалдың ертегінің соңында барша мұратына жетуі де» тапқырлығының арқасы.
Қаңбақ шал ертегісі жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін, халықтық мәні зор шығарма. Ел арасында ертегінің бірнеше нұсқалары сақталған. Бірақ ол нұсқалардың қайсысында болмасын қаңбақ шалдың бейнесі өзгермей, ұнамды кейіпкер ретінде танылады.
«Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты», - деп басталатын ертегіде қаңбақ шал дәрменсіз пенденің кейпінде бейнеленгенімен, ертегі барысында оның мүсәпір, көнбіс пенде емес, намысқой адам екені көрінеді.
Түлкіден және қайырсыз тірлігінен құтылмақ болған қаңбақ шал шарасыздық танытып отыра бермей, әрекетке көшеді. Осы әрекетінің барысында оның ақылдылығы, тапқырлығы қылаң береді.
Ол тапқырлығының арқасында дәуден аман қалады. Бұл сәт ертегіде:
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге: 
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді. Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады. Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді. Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді», - деп суреттеледі.
Қара күш иесі даңғой дәуден тапқырлығымен құтылған қаңбақ шал, ата жауы болған түлкіден де ұшқыр ой мен ұтымды сөздерінің арқасында құтылады. Бұл көрініс ертегіде былайша беріледі:
- Тақсыр, қайдан қашып келесің? - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді дәулер. Түлкі: 
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме? Менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады: 
- Ей, түлкі-ау. Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрібір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.
Көріп отырғанымыздай, ақымақ дәулер мен айлакер түлкіден қаңбақ шал осылайша тапқырлығының арқасында құтылады.
Қаңбақ шал мен дәудің арасындағы сюжет алғашқы рулық қоғамда дуалистік мифтегі ежелгі қулық (трюк) дәстүрінің негізінде туып, сюжеттің дамуы барысында кейіпкерлерді – адам мен дәу – бір-бірімен шендестіру (антитеза) арқылы сарказм жасап, «жалған мықтылық» сарыны шығармаға сатиралық сипат дарытқан.
«Қорқақтың батыр болуы» деген ертегіде қаңбақ шалдың дәулерден ақылын асыруына себеп – үй тышқанын кездейсоқ өлтіріп қойып, өзін батыр сезінуі айтылады: «Ерте заманда ен далада қатпарлы тауға жуық шамада бір кемпір мен шал болыпты. Бір күні қызыл құйрық түлкі үйлеріне келіп қорқытып бар дәмді тағамын жеп кетіпті. Келесі күні үйге кіріп келе жатып үй тышқанын басып өлтіріп қояды. Кемпіріне «енді мен батыр болдым, зор мақұлықты өлтірдім» деп мақтанады. Кемпіріне 2 жұмыртқа, 20 құлаш арқан әзірлетіп алып жолға шығады. Қатпарлы таудан қашықтау жердегі дәулердің үйіне бет алады. Жолда беліндегі арқанды жерге көмеді де, дәулерге келіп күш сынастырғалы келгенін айтады».
Қорыта айтқанда, қаңбақ шал – сырт көзге дәрменсіз, бірақ алды-артын ойланып жасайтын, ертеңін болжай алатын, қысылғанда жол табатын, көреген, өзінің адал еңбегімен күнін көріп жүрген қарапайым еңбек адамы.
Тапсырма 2. Алдын-ала даярланган матіннін
мазмунымен танысыныздар. Жоспарын
курыныздар. Кай топка окута болатынын,
тарбиелік манін аныктаныздар.
СООЖ такырыбы мен тапсырмасы: Балалардын
создік мэнерлілігін тарбиелеу.
Тапсырма 1..К.Эжікеев „Кумдары із" Мэтінді нормативті дауыс эуенімен окыныздар, сейлем сонында темендетініздер, екпін тусіріп айтатын созді де сураулы, лепті сейлемді дауысты котеріп
окыныздар.
Тапсырма 2. Бул сабакты еткізу ушін керекті
материалдар дайынданыздар.
Картон қорап, құм, кағаз.


СООЖ такырыбы мен тапсырмасы: Мектепке
дейінгілердін грамматикалык, датдыларын
коррекциялау жэне диагностикалау.
Тапсырма 1. Эр жас топтаны балаларды
диагностикалау ушін материал дайынданыз.
(сездік жэне корнекілік)
5 жастағы мектеп жасына дейінгі балалар:
1-ші оқу жылының соңында балалар: 1. Мағынасы жақын және қарама-қарсы сөздерді, сондай-ақ полисемантикалық сөздің әртүрлі мағыналарын түсіне алады; 2. Жалпылауыш сөздерді (жиһаз, көкөніс, ыдыс-аяқ) түсініп, қолдану; 3. Заттардың атына белгілерді, қасиеттерді және әрекеттерді таңдау; 4. Заттарды өлшеміне, түсіне, өлшеміне қарай салыстыру және атау. Грамматика 1. Жануарлар мен олардың төлдерін (түлкі - түлкі, сиыр - бұзау) сәйкестендіріңіз; 2. Етістіктерді бұйрық райда қолдану (жүгіру, толқындау); 3. Жыныс, сан, регистр бойынша зат есімдер мен сын есімдерді дұрыс үйлестіру, аяқталуына тоқталу (үлпілдек мысық, үлпілдек мысық); 4. Түрлі сөйлемдер құраңдар. Фонетика 1. Ана тіліндегі дыбыстарды дұрыс айту; 2. Дыбыстары ұқсас, айырмашылығы бар сөздерді табу; 3. Сөйлеудің орташа қарқынын, дауыс күшін, интонациялық мәнерлеу құралдарын дұрыс қолдану. Біріктірілген сөйлеу 1. Бұрын таныс емес мазмұны бар шағын әңгімелерді қайталау
2. Мұғаліммен бірге сурет бойынша немесе ойыншық туралы әңгіме құрастыру; 3. Суретте көрсетілген затты белгілерді, қасиеттерді, әрекеттерді атай отырып сипаттау; 4. Сөйлеудің әртүрлі сыпайы түрлерін қолданыңыз. 
6 жастағы мектеп жасына дейінгі балалар
2-ші оқу жылының соңында балалар: 1. Сын есімдер мен етістіктерді белсендіреді, сөйлеу жағдаятына мағынасы жағынан дәл келетін сөздерді таңдай алады; 2. Сөйлемнің әртүрлі мүшелерінің берілген сөздеріне синонимдер мен антонимдерді таңдау; 3. Полисемантикалық сөздердің әртүрлі мағыналарын түсіну және қолдану; 4. Жалпылаушы ұғымдарды (жабайы және үй жануарлары) ажырату. Грамматика 1. Жануарлардың төлдерінің атын құрастыру (түлкі - түлкі, сиыр - лақ); 2. Бір түбірлі сөздерді таңдап, зат есімдер мен сын есімдерді жынысы мен санына қарай үйлестіру; 3. Бұйрық және бағыныңқы райдың қиын түрлерін құрастыр (жасырын! Би! Мен іздейтін едім); текті тұқым (қоян, құлын, қозы); 4. Түрлі күрделі сөйлемдер құрастыр. Фонетика 1. С-з, с-ц, ш-ж, ч-ш л-р жұптарын ажыратып, ысқырықты, ысқырықты және дыбысты, қатты және жұмсақ дыбыстарды ажырату; 2. Мәлімдеменің мазмұнына қарай дауыс күшін, сөйлеу қарқынын, интонациясын өзгерту; 3. Ұқсас сөздер мен сөз тіркестерін таңдаңыз. Келісімді сөйлеу 1. Әдеби шығармаларды қайталауда кейіпкерлер диалогын, кейіпкерлерге тән қасиеттерді интонациялық түрде жеткізу; 2. Сипаттама, баяндау немесе пайымдау құрастыру; 3. Сөйлемнің бөліктерін әртүрлі жалғау түрлерімен байланыстыра отырып, суреттер сериясында оқиға желісін құрастырыңыз. 


Тапсырма 2. «Тілдік кателер жэне оны тузету
жолдары» такырыпта ата-аналарта консультция дайынданы.
1-кезең:   Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;
- сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;
- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;


СООЖ такырыбы мен тапсырмасы: Тарбиеші педагогтын улгі-ангімесі.
Тапсырма 1.Кез-келген ойыншыкка улгі-энгіме
курастырыныздар.
_Максаты: Ойыншык туралы энгіме курастыруды уйретуді жалгастыру. Заттарды карастыруда олардын тусін, пішінен, кандай материалдан
жасалганын аныктаута уйрету.
Эдіс - тасілдері: керсету тусіндіру, сурак -
жауап, гажайып сэт, ойын, эн
Кернекілігі: Ойыншыктар
Костілді компанент:

  • ДОП - МЯч ойыншыктар - игрушки.

  • Тербиешінін іс - эрекеті

Балаларды шенберге тургызу

  • Балалар, карандаршы біздін топта кімдер келіпті?

  • Кане баріміз амандасайык.

  • - Жылда неше мезгіл бар?

  • Коктем мезгілінін айларын атандаршы?

  • Коктем мезгілі туралы кім такпак айтады?

  • Бугінгі оку іс - эрекеті тіл дамытуды жумбак

жасырудан бастаймын.
Шіркіннін озіне обал - ак
Журеді аякта домалап
- Дурыс, такырыбымыз Менін конілді,
сынтырлаган добым , ойыншыктар жайлы
энгіме курастырамыз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет