Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: Жұмыр құрттардың систематикалық жағдайына сипаттама береді.
Аскариданың сыртқы құрылысын қарап, дене пішінін, алды мен артын, құйрық бөлімін, жыныстық диморфизмін анықтайды;
Макропрепараттан жылқы аскаридасының морфологиялық ерекшеліктерін, көлденең кесіндісінің микропрепаратын қарап, тері-бұлшық ет, схизоцель жəне ішкі мүшелерінің көлденең кесіндісінен танып біледі, суреттейді;
Жылқы аскаридасының ішкі және сыртқы белгілерін айырмашылықтарын көрсетеді және құрылысының суретін салады.
Тіршілік ету ортасына жəне тіршілік тəсіліне байланысты буылтық құрттардың морфо-анатомиялық құрылыс ерекшелігін анықтайды;
.Макропрепарат, микропрепараттардан нереиданың, жауын құртының сыртқы құрылысын, параподия, желбезек, бас қалақша, тұлға жəне құйрық қылтандарын, онық орналасуын, белдеушесінің бөліктерінің айырмашылықтарын көрсетеді;
Тірі жауын құртының қозғалысын жəне сыртқы тітіркендіргішке жауабын бақылайды
Лабораториялық сабақтың мазмұны: Жылқы аскаридасының ұзындығы 37см-ге дейін жетеді. Дене тұрқы өте созылыңқы болып, ұшына қарай біртіндеп сүйірлене түседі, ал көлденеңінен қиып қарағанда жұмыр болады. Денесінің сырты кутикула деген жұқа қабықпен қапталған. Кутикуланың астында бұлшық ет қапшығы орналасқан.
Асқорыту жүйесі үш бөлімге бөлінеді: алдынғы, орта және артқы ішек болып. Ішегі ұзын тік түтік тәрізді болады. Ауыз тесігі денесінің алдынғы ұшында орналасқан. Ол кутикуламен қапталған эктодермалды жұтқыншаққа ашылады.
Ал жұтқыншақ эндодермалды орта ішекке өтеді. Орта ішектің етті қабықшасы жоқ, жұқа қабырғалы болып, бір қабатты цилиндрлі пішінді эпителиалды клеткалардан тұрады. Одан әрі орта ішек қысқа болып көрінетін артқы ішекке жалғасады. Ол өз кезегінде аналь тесігімен аяқталып, сыртқа ашылады. Жыныс системасына келсек, аскаридалар-дара жыныстылар. Мұнда аталықтары аналықтарына қарағанда ұсақ болып келеді. Олардың денесінің соңғы ұшы қайырылып тұрады. Ал аналықтарының денесі созылыңқы болып, ірілеу келеді. Жыныс органдары түтік пішінді болып, дене қуыстарында орналасқан. Аналықтарында қос, ал аталықтарында тақ жыныс бездері болады. Аналықтарының жыныс органдары оң және сол жұмыртқа бездерінен, жұмыртқа жолдарынан, жатындардан, одан ортақ қынапқа өтіп, құрсақ жақтарынан ашылатын жыныс тесіктерінен тұрады. Аталықтарында жалғыз ғана жіпше тәрізді тұқым бездері болады, одан тұқым жолдары, сосын тұқым щығарғыш каналдар кетеді. Бұл канал артқы ішектің ақырына дейін барып құйылады.Олай болса аталықтың артқы ішегі клоаканың қызметін атқарады.