Жануар физол


 Биотоктардың туындауын түсіндіретін теориялар



Pdf көрінісі
бет348/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   504
14.5. Биотоктардың туындауын түсіндіретін теориялар 

 

Биотоктар  табиғатын  түсіндіру  мақсатында  бірнеше  теориялар 



ұсынылған.  Солардың  алғашқыларының  бірі  1896  жылы  Арренниустың 

электрлік  диссоциация  теориясы  негізінде  В.Ю.×аговец  ұсынған 

альтерациялық,  немесе  диффузиялық  теория.  В.Ю.×аговец  ұлпаның 

зақымданған,  немесе  тітіркенген  учаскесінде  зат  алмасу  процесі  күшейіп, 

көп  мөлшерде  Н

2

СО



3

  бөлінетінін  анықтаған.  Бұл  қышқыл  Н

+

  жəне  НСО



 

иондарына  ажырағаннан  соң,  оң  зарядты  сутегі  иондары  ұлпаның  басқа 



учаскелеріне  тез  өтіп  кетеді  де,  теріс  зарядты  НСО

3



  иондары  зақымданған 

немесе  қозған  учаскеде  қалып  қояды.  Осының  нəтижесінде  ұлпаның  сау 

жəне  зақымданған  немесе  қозған  жəне  қозбаған  учаскелерінің  арасында 

потенциалдар айырмасы пайда болады. 

1902  жылы  Ю.Бернштейн  биотоктың  пайда  болуының  мембраналық 

теориясын  ұсынды.  Бұл  теорияға  сəйкес  торшалардың  сыртында  жартылай 

өтімді  мембрана  болады.  Ол  катиондарды  өткізіп,  аниондарды  өткізбейді. 

Осының нəтижесінде торша мембранасы сырт жағынан оң, ал іш жағынан - 

теріс  зарядталады.  Торша  зақымданғанда  немесе  тітіркенгенде  мембрана 

арқылы  аниондар  сыртқа  шығады  да,  торша  беткейі  теріс  зарядталып, 

ұлпаның  зақымданған  немесе  тітіркенген  учаскесі  мен  зақымданбаған, 

қозбаған учаскелері арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. 

 Қазіргі  электрофизиология  өзінің  негізіне  осы  мембраналық  теорияны 

алған.  А.Ходжкин,  А.Хаксли  жəне  Б.Катц  1950-жылдардың  соңында 

биопотенциалдар  туындауының  жаңа  теориясын  ұсынды.  Бұл  теория 



мембрана-иондық,  немесе  натрий-калийлік  сорап  (насос)  теориясы  деп 

аталады. 

Электронды 

микроскопиялық 

зерттеулер, 

рентген-құрылымдық 

талдамалар  əрбір  торша  сырт  жағынан  ерекше  қабықпен  -  мембранамен 

қапталғанын  анықтады.  Бұл  мембрана  белоктар  мен  липидтерден  тұратын 

күрделі  құрылым  болып  табылады.  Оның  қалыңдығы  6–10  нм  шамасында 

болады.  Ғылыми  деректерге  сүйене  отырып  осы  мембрананың  өрнекті 

(мозаикалық) 

моделі  жасалған.  Бұл  модельге  сəйкес  мембрана 

фосфолипидтер  молекулаларының  екі  қабатынан  құрылады.  Осы 

фосфолипидтер қабаттарына белоктар молекулалары ене орналасады. Белок 

молекулаларының  бір  бөлігі  фосфолипидтер  қос  қабатына  бойлай  ене 



 

461


орналасса,  оның  біраз  бөлігі  фосфолипидтерге  тек  жанаса  орнығады  (159-

сурет). 


Үшөлшемді  бейне-  леуде  белоктар  ретсіз  орналас  қан  ірі  глобу-  лалар 

болып  көрінеді.  Мембрананы  ерекше  белоктар  қиып  өтеді  де,  олар  майда 

арна  лар,  немесе  жасушалар  (тар  тесіктер)  түзеді.  Бұл  арналар  өзіндік 

тасымалдаушы жүйе- ден жəне мембрана ның электр өрісін рет- теп тұратын 

механизм- «қақпақшаларданң құралған. «Қақпақшаларң не  ашық, не  жабық 

күйде болады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Əрбір  ионның  өзіндік  өтер  жолы  –  жасуша  лары  болады.  Жүйке  жəне  ет 



торшаларын да натрий, калий, кальций жəне хлор жолдары анықталған. Олар 

белгілі бір заттардың əсерімен істен шығады, тығын далады. Мысалы, натрий 

арналарын  тетродоксин,  калий  арналарын  –  верам  пил,  нифедипин  сияқты 

органикалық қосылыстар істен шығарады. Калийлік арналар диаметрі 0,3 нм, 

натрийлік арналарының диаметрі 0,5 нм шамасында. 

Тыныштық  жағдай  ында 

торша 

мембранасы 



ның 

өтімділігі əртекті иондар үшін 

əртүрлі.  Калий  иондары  үшін 

оның  өтімділігі  өте  жоғары. 

Олармен 

салыс 


тырғанда 

натрий 


ионда 

рының 


өтімділігі 

25 


есе, 

хлор 


иондарының  өтімділігі  2  есе 

аз. Осының салдарынан жүйке 

мен 

ет 


торшаларының 

цитоплаз 

масында 

торша 


аралық 

сұйықпен 

салыстырғанда калий иондары 

 

 



159-ñóðåт

Т



îðø- 

ìåìáð-í-ñûíû» 

ìîäåëi:  —  èíтåãð-ëüäû 

áåëîê;  


2 — áåтêåéëiê áåëîê;  

3— ëèïèäтi ºîñ º-á-т. 

 



 

462


30–50 есе көп, 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

натрий  иондары  8–10  есе,  хлор  50  есе  аз  болады  (160-сурет).  Мембрана 



катиондармен  салыстырғанда  аниондарды  нашар  өткізеді.  Бұл  мембрана 

құрамында  диссоциацияланған  фосфаттар  жəне  гидроксильдік  топтардың 

болуымен  байланысты.  Дегенмен    мембрана  өтімділігі  ұлпаның 

функционалдық  жағдайына  байланысты  өзгеріп  отырады.  Мысалы, 

тыныштық  жағдайында  мембранада  калий  иондары  натрий  иондарымен 

салыстырғанда  20–100  есе  жылдам  өтсе,  қозу  кезінде  мембрананың  натрий 

иондарын өткізу қабілеті артады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет