Жануар физол


 Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет360/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   504
 

15.2. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері 

Ет  талшықтарына  қозғыш  ұлпалар  қасиеттерінің  барлығы  тəн.  Дегенмен 

қаңқа  еттерінің  қозғыштығы  жүйке  талшықтарымен  салыстырғанда  төмен 

келеді.  Оның  себебі  ет  талшықтарында  тыныштық  потенциалы  жүйке 

талшықтарымен  салыстырғанда  жоғары  (тиісінше  -  90  мВ  жəне  -  70  мВ). 

Демек,  əрекет  потенциалы  туындау  үшін  ет  талшықтары  жүйкемен 

салыстырғанда көп деңгейге үйексіздену керек.  

Бұлшық  етте  қозу  толқыны  дараланып  өткізіледі,  бір  талшықтан  қатар 

жатқан талшыққа берілмейді. Ет талшықтары қозуды тітіркенген жерден қос 

бағытта  өткізеді.  Қозудың  таралу  жылдамдығы  бұлшық  ет  табиғатына 

қарай  өзгеріп  отырады.  Ақ  ет  талшықтарында  қозу  секундына  12–15  м 




 

479


шапшандықпен  өткізілсе,  қызыл  ет  талшықтарында  3–4  м  жылдамдықпен 

тарайды. 

Қозғыш  ұлпаларда  байқалатын  жалпы  қасиеттермен  қатар  эволюциялық 

даму үстінде ет талшықтарының өзіне ғана тəн қасиеттер пайда  болған. 

Қаңқа еттері серпінді құрылым. Серпінділік қасиеті белсенді жəне  енжар  

жиырылғыш    құрамалардың  (компоненттердің)    болуына    байланысты 

қалыптасқан.  Осы  құрамалардың  қызметіне  байланысты  ет  талшықтарында 

созылғыштық, оралымдық, икемділік қасиеттер де пайда болған. 



Созылғыштық деп əр түрлі əсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруын 

айтады.  Созылғыштық  қасиет  ет  талшықтарының    табиғатына,    ет 

шоғырларының құрылымына  байланысты.  Мысалы, қызыл ет талшықтары 

ақ  талшықтардан  созылғыш  келеді.  Талшықтары  қатарласа  (параллель) 

орналасқан  еттер  таранды  (қауырсын  тəрізді)  талшықты  еттермен 

салыстырғанда көбірек   созылады. Тыныштық күйдегі бұлшық етті созғанда 

серпінділік  қасиетіне  байланысты  ширығу  құбылысы  байқалады.  Ет 

талшығын  созған  сайын,    ол  арта    түседі.    Оқшауланған  еттерде  серпінді 

кернеу байқалмайды. 

Оралымдық  деп  ет  талшықтарының  кергіш  күш  əсеріне  ширығумен 

жауап  беретін  қасиетін  айтады.  Сондықтан  белгілі  бір  күш  əсерімен  қалпы 

бұзылған бұлшық ет сол күш əсері тиылғаннан соң бастапқы күйіне оралады. 

Еттің  оралымдығын  оған  жүк  іліп  анықтайды.  Оралымдық  қасиеттің 

арқасында  жүкті  алып  тастағаннан  соң  ет  бастапқы  қалпына  келеді.  Көп 

жағдайда  оралымдық  қасиеттің  жақсы  жетілмеуіне  байланысты  ұзақ  уақыт 

созылған  ет  бастапқы  қалпына  толық  оралмайды.  Айта  кетер  жəйт,  қаңқа 

етінің ақ талшығы қызыл талшықтардан оралымды келеді. 



Икемділік бұлшық еттің еріксіз, күшпен берілген пішінін сақтау қасиеті. 

Еттің  икемділік  қасиеті  саркоплазмаға  байланысты.  Ал,  сарколемма  мен 

миофибриллаларға  əрі  оралымдық,  əрі  икемділік  қасиеттер  тəн.  Сыртқы 

деформациялаушы  əрекет  неғұрлым  күшті  əрі  ұзақ  болса,  соғұрлым 

икемділік  күштірек  байқалады.  Бұлшық  еттің  қызыл  талшықтарының 

икемділігі ақ талшықтармен салыстырғанда жоғары болады.  



Тонус  деп  бұлшық  ет  талшықтарының  қуатты  аз  шығындай  отырып, 

тұрақты  табиғи  ширығу  жағдайында,  əлсіз  кернеулі  күйде  болуын  айтады. 

Тыныштық  жағдайында  бұлшық  ет  тонусын  мотонейрондар  импульсі 

қамтамасыз  етеді.  Бұлшық  ет  тонусы  енжар  жəне  белсенді  болып  бөлінеді.  

Бұлшық еттің енжар (пассивті) тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді 

(активті)  тонусын  баяу  нейрофункционалдық  бірлестіктің  асихронды 

əрекеті  қамтамасыз  етеді.  Бұлшық  ет  тонусын  қалыптастыруда 



проприорецепторлар (ұршық тəрізді торшалар) мен орталық жүйке жүйесі де 

қатысады.  Ет  тонусы  сырттай  серпінділік  түрінде  бейнеленеді.  Ол  бұлшық 

еттің  енжар  жиырылатын  құрылымы  -  қызыл  талшықтардың  əрекетіне 

байланысты. 




 

480


Еттің  қызыл  талшықтарының  қызмет  ерекшеліктері  олардың  баяу 

жиырылып,  баяу  босаңсуында.  Олар  жиырылған  кезде  актин  мен  миозин 

жіпшелері арасында мықты молекула аралық байланыс пайда болады да, ет 

талшықтарының коллоидтық құрылымы өзгереді. Қызыл ет талшықтарының 

тонусы сирек туындайтын жүйке импульстерінің əсерімен сақталады. Сирек 

импульстер əсерімен ет талшықтары бір мезгілде қозбай, біртіндеп, кезектесе 

қозады.  Сондықтан  өте  сирек  тітіркендірудің  өзі  бұл  талшықтарды  ұзақ 

жиырылу 


жағдайында 

ұстайды. 

Бұл 

импульстер 



жұлынның 

мотонейрондарынан  келеді.  Өз  кезегінде  мотонейрондар  қызметі  орталық 

жүйке  жүйесінің  жоғары  бөліктерінде  орналасқан  орталықтар  мен  ет 

талшықтарының созылуы нəтижесінде қозатын бүйірлі торшалардан келетін 

импульстер арқылы өзгеріп отырады. 

Бұлшық  ет  тонусы  кеңістікте  денені  белгілі  бір  кейіпте  ұстауда,  қимыл 

аппаратының қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ет тонусын 

сақтау  үшін  онша  көп  энергия  шығындалмайды,  зат  алмасу  процесі 

айтарлықтай өзгермейді, сондықтан тонус жағдайындағы ет көп қажымайды. 

Ет  талшықтарының  өзіндік  қасиеттерінің  бірі  -  жиырылғыштық. 



Жиырылғыштық  деп  ет  талшықтарының  тітіркендіргіш  əсерімен  өзінің 

ұзындығы  мен  ширығу  (кернеу)  деңгейін  өзгертетін  қасиетін  айтады.  Еттің 

жиырылғыштық қабілетін миография əдісімен зерттейді. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет