Жануар физол


 Қозу толқынының жалғағышпен (синапспен) берілуі



Pdf көрінісі
бет377/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   504
16.3. Қозу толқынының жалғағышпен (синапспен) берілуі 

 

Қозу  толқыны  жүйке  талшықтарынан атқарушы  құрылымдарға  -  ет, без 

торшаларына, жалғама (синапс) арқылы беріледі. 

Синапс

,  немесе  жалғағыш  (грек  тілінде  sіnapsіs  -  жалғау,  байланыс 

деген  мағына  береді)  деп  қозуды  немесе  тежелуді  біржақты  өткізетін 



торша  аралық  үзілмелі  байланыстың  ерекше  түрін  айтады.  Олар  бірнеше 

принциппен жіктеледі. Жалғағыштар орналасу орнына қарай орталық жəне 



шалғай, қызметіне қарай - қоздырғыш жəне тежеуші, қозуды өткізу тəсіліне 

қарай - химиялық, электрлік, аралас, бөлетін медиаторлар табиғатына қарай 

холинергиялық жəне адренэргиялық болып бөлінеді.  

Жалғағыштар  нейрондар  мен  нейрондарды  (нейрон  аралық),  аксон  ұшы 

мен  ет  талшықтарын  (жүйке-еттік),  аксон  мен  нейрон  денесін  (аксо-

тұлғалық),  аксон  мен  дендритті  (аксо-дендриттік)  т.б.  жалғастыруы 

мүмкін.  Оларға  морфологиялық  жəне  функционалдық  ерекшеліктеріне 

қарамай  ортақ  құрылымдық  принцип  тəн.  Синапс  үш  бөліктен:  алдыңғы 

шептік  (пресинапстық),  артқы  шептік  (постсинапстық)  мембраналардан 

жəне синапс саңлауынан, тұрады (177-сурет). 



177-ñóðåт

ƾéêå-á½ëøûº 



åт ñèí-ïñû: 

1  —  îðт-ëûº  öèëèíäð;  2  — 

ñ-ðêîëåìì-íû» 

ñûðтºû 


º-áû¹ûí- 

-éí-ë-тûí 

íåâðîëåìì-; 

— 



ñ-ðêîëåìì-;  4  —  øâ-í 

т

îðø-ñûíû» 



öèтîïë-çìûñû;  5  —  ÿäðî;  6 

—  æ¾éêå  ½øûíû»  áîéë-ì- 

æ¸íå  ê¼ëäåíå»  тiëiíäiñi;  7  — 

ïðåñèí-ïñтûº; 

— 

ïîñтñèí-ïñтûº ìåìáð-í-; 9 




 

501


 

Аяқталар  жерінде  аксон  ұшы  миелин  қабығын  жоғалтып,  сəл 

жуандайды  да,  көптеген  тарамдар  түзеді.  Осы  тарамдар  мембранасы 

пресинапстық  мембрана  деп  аталады.  Оның  ішінде  митохондриялар  жəне 

медиаторлы  көпіршіктер  орналасады.  Аталған  тармақтар  ет  талшықтары 

мембранасымен  түйіскенде,  онда  көптеген  ойыстар  мен  қатпарлар  пайда 

болады.  Атқарушы  орган  торшалары  мембранасының  осы  бөлігін 



постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық жəне постсинапстық 

мембраналар арасында ені 50 нм кеңістік - синапстық саңлау орналасады. 

Сонымен, аксонның ұшы бұлшық ет мембранасымен көптеген ойыстар 

мен  қатпарлар  жасай  түйіседі.  Осының  нəтижесінде  постсинапстық 

мембрананың  аксон  ұшымен  жанасу  беткейі  үлкейеді.  Ет  талшығының 

синапс түзуге қатысатын аймағын шеткей əрекет табақшасы деп атайды. 

Баяндалып  өткен  құрылым  қозуды  химиялық  жолмен  өткізетін 

синапстарға  тəн.  Синапстың  бұл  түрінде  қозу  ацетилхолин  медиаторын 

бөлу  арқылы  өткізіледі.  Қозу  импульсінің  əсерімен  жүйке  ұшының 

мембранасы  үйексізденіп,  синапстық  көпіршелер  мембранамен  жанасады 

да,  олардың  қуысындағы  медиаторлар  экзоцитоздық  жолмен  синапстық 

саңлауға  бөлінеді.  Бұл  құбылысты  жүйке  ұштарына  сырттан  кальцийлік 

арналар арқылы өткен кальций иондары жандандырады. 

Ацетилхолин  синапстық  саңлаудан  өтіп,  шеткей  əрекет  табақшасы 

мембранасында 

орналасқан 

рецепторлық 

белоктармен 

(холинрецепторлармен)  байланысады  да,  мембрананың  натрий  мен  калий 

иондарына  өтімділігін  жоғарылатады.  Осының  нəтижесінде  натрий 

 



 

502


иондары  торшаға  еніп,  одан  калий  иондары  шығады  да,  шеткей  əрекет 

табақшасы  шамамен  75  мВ-тен  10  мВ-қа    дейін  үйексізденеді.  Əрекет 

табақшасының  үйексізденуі  салдарынан  қоздырушы  постсинапстық 

потенциал 

(ҚПСП) 

туындайды 

(178-сурет). 

Жүйке 


импульсінің 

пресинапстық  тармаққа  жеткен  мерзімі  мен  қоздырушы  постсинапстық 

потенциал пайда болған уақыт аралығын синапсық бөгелу деп атайды. Бұл 

мерзім шамамен 0,2–0,5 мс тең болады. 

Қоздырушы  постсинапстық  потенциал  деңгейі  белгілі  бір  шекке 

жеткенде  (40  мВ  шамасы)  үйексізденген  постсинапстық  мембрана  мен 

бастапқы  потенциал  дейгейін  сақтаған  ұлпаның  (синапстан  тыс 

учаскесінің)  арасында  айналмалы  электр  тогы  жүре  бастайды.  Егер  осы 

токтың  күші  табалдырыққа  жетсе,  ұлпаның  постсинапстың  мембранаға 

іргелес учаскесінде таралатын əрекет потенциалы пайда болады. 

Синапстың  постсинапстық  мембранасы  аймағында  холинэстераза 

ферменті болады. Оның əсерімен жүйке ұшынан бөлінген ацетилхолин тез 

ыдырайды да, синапс бастапқы күйіне оралады. 

Ацетилхолин  тек  жүйке  импульсінің  əсерімен  ғана  емес,  аз  мөлшерде 

тыныштық күйде де бөлініп отырады. Осының салдарынан постсинапстық 

мембранада  баяу  үйексіздену  процесі  жүреді  де,  əлсіз  постсинапстық 

потенциал туындайды. Оның мөлшері 0,5 мВ-тан аспайды. 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет