Жануар физол


Тамыр   - тромбоциттік  механизм



Pdf көрінісі
бет42/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   504
Тамыр

  - тромбоциттік  механизм  майда  тамырлар  зақымдалғанда  іске 

қосылады. Бұл жағдайда процесс мына сатыларда дамиды. 




 

62

1.  Тромбоциттерден  бөлінген  адреналин,  норадреналин,  серотониннің 



əсерінен зақымдалған тамырдың тарылуы

2Зақымдалған тамыр қабырғасы беткейінің қалыпты теріс зарядының оң 

зарядқа  айналуымен  байланысты  теріс  зарядты  тромбоциттердің 

зақымданған беткейге жабысуы (адгезия). 

3.  Тромбоциттердің  зақымданған  жерде  жиналуы  жəне  бір-бірімен 



жабысуы  (агрегация).  Бұл  процестің  жүруіне  жарақаттанған  тамыр 

қабырғасы  мен  тромбоциттерден  АТФ  пен  АДФ  сияқты  биологиялық 

белсенді  заттардың  бөлінуі  себепші  болады.  Осының  нəтижесінде 

тромбоциттен  құралған,  қан  плазмасы  оңай  өтіп  кететін  борпылдақ  тығын 

пайда болады. 

4. 


Тромбоциттердің 

қайтымсыз 

агрегациясы. 

Бұл 


сатыда    

тромбоциттер біртекті  массаға  айналып,  плазманы өткізбейтін  тығын пайда 

болады. Реакция тромбоциттер мембранасын бұзатын  

тромбин  ферментінің  əсерімен  жүреді  де,  тромбоциттер  құрамынан 

физиологиялық  белсенді  заттар  мен  серотонин,  гистамин,  нуклеотидтер, 

ферменттер,  қанды  ұйытатын  факторлар  бөлінеді.  Осының  нəтижесінде 

тамыр тағы тарыла түседі.  

5. 


Тромбоцит  ұйығының  тығыздалуы  (ретракциясы).  Фибрин 

талшықтары  мен  қан  ұйығының  ретракциясы  нəтижесінде  тромбоцит 

тығыны  тамырға  бекиді.  Осының  нəтижесінде  қанның  ағуы  тоқтайды, 

қансырау тиылады. 

Ірі  тамырлар  зақымданса  тромбицит  ұйығы  қан  арынына  шыдамайды, 

шайылып  кетеді.  Мұндай    жағдайда  қанды  тек  фибрин  ұйығы  тоқтатады. 

Оны  түзу  үшін  3  -  фактор  (тромбоцит  протромбиназасы)  арқылы  қанның 

ағуын тоқтатудың үш сатылы коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады 

(3-схема).  

Бұл  кезеңнің  бірінші  сатысында  тромбопластин  пайда  болады.  Бұл 

күрделі  процесс,  қан  құрамындағы  XІІ  фактордың  (Хагеман  факторы) 

белсенді  түрге  айналуынан  басталады.  XІІ  фактор  плазма  құрамындағы 

антифактордың  əсерімен  бұйығы  түрде  сақталады.  Қан  тамырының  кедір-

бұдырлы  бетімен  жанасқанда  антифактор  бұзылады  да,  XІІ  фактор  оның 

бақылауынан шығып, бұйығы түрден белсенді түрге көшеді. Оның əсерімен 

қандағы  XІ  фактор  да  белсенді  түрге  айналып,  осы  екі  фактордың  өзара 

əрекеттесуінің  нəтижесінде  түйісу  факторы  түзіледі  (4-схема).  Ол  VІІІ     

факторды  (Антигемофильді  А-глобулинді)  белсенді  түрге  айналдырады  да, 

одан əрі белсенді VІІ- фактор - антигемофильді В-глобулинмен

 

(ІX- фактор), 



кальций  ионымен  (ІV-фактор)  өзара  əрекеттесіп,  кальцийлі  кешен  түзеді. 

Кальцийлі  кешен  тромбоциттерге  əсер  етіп,  бірімен-бірін  жабыстырып, 

ісіндіреді  де,  олардан  3-тромбоцит  факторын  бөліп  шығарады.  Түйісу 



факторы,  кальцийлі  кешен  жəне  тромбоциттің  3-факторы  қосылып, 

аралық өнім түзеді. Ол проакцелеринмен (V-фактор), тромботропинмен (X - 

фактор) əрекеттесіп, қан тромбопластині (ІІ-фактор) пайда болады. 




 

63



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет