Жануар физол


 Талдағыштар қызметіндегі өзара əрекеттестік



Pdf көрінісі
бет487/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   504
21.11. Талдағыштар қызметіндегі өзара əрекеттестік 

 

Денедегі  барлық  рецепторлар  ми  қыртысының  белгілі  бөліктерімен 

байланысты,  сондықтан  тітіркендіргіш  əсерінен  нақтылы  түйсік  пайда 

болады. Ми қыртысында əрбір анализатордың өз аймағы болады. Бірақ жеке 

анализаторлар аймағының айқын шекарасы болмайды, анализаторлар зонасы 

бір-бірімен  жанасып,  айқасып,  бір-біріне  кірігіп  жатады.  Мысалы,  ми 

қыртысының көру орталығында екі түрлі торша табылған. Оның бірі жарық 

əсеріне жауап берсе, екіншісі басқа анализаторлардан сигналдар қабылдайды. 

Соңғы  торшаларда  тас  қараңғылықтың  өзінде  биопотенциалдар  туындап 

отырады.  Орталықтың  жарыққа  беретін  жауабы  дəл  сол  кезде  оған  басқа 

анализаторлардан  келетін  сигналдарға  байланысты  өзгеріп  отырады.  Басқа 

анализаторлар  орталықтарында  да  осы  сияқты  екі  түрлі  торшалар  болады 

деген  болжам  бар.  Анализаторлардың  адекватты  тітіркендіргіштерге  ғана 



 

663


жауап беру қабілеті олардың өзара əсерлестігіне кедергі келтірмейді. ОЖЖ-

сі бір мезгілде бірнеше анализатор рецепторларынан сигналдар қабылдайды, 

бірақ  организм  тек  мағыналы,  тиімді  əрекет  атқарады.  Бұл  əртүрлі 

анализаторлар  орталығының  арасында  өзара  əрекеттестік  болған  жағдайда 

ғана мүмкін болатын жəйт. 

Анализаторлардың  өзара  əрекеттестігінің  болатыны  жайлы  көптеген 

дəлелдер  бар.  Мысалы,  көру  анализаторы  мен  вестибулалық  аппарат 

арасында  тығыз  байланыс  болатыны  анықталған.  Оған  дəлел,  биік  жар 

басында  тұрып  адам  төмен  қараса,  оның  басы  айналады.  Егер  оның  көзін 

таңып  қойып  жар  басына  əкелсе  мұндай  күй  байқалмайды.  Вестибулалық 

аппаратқа  сары  түс  те  əсер  етеді.  Адамды  түгел  сары  түске  боялған  жəне 

сары  түсті  жи¿аздармен  жасандырылған  бөлмеде  ұстаса,  оның  басы 

айналып,  жүрегі  айниды,  теңіз  дертінің  белгілері  байқалады.  Есту 

анализаторы  мен  вестибулалық  аппарат  арасында  да  тығыз  байланыс  бар. 

Тым  қатты  дыбыс  əсерімен  адам  теңселіп  кетеді.  Есту  жəне  көру 

анализаторлары  да  бір-бірімен  байланысты.  Көзге  жасыл  жарық  түсірсе, 

есту  табалдырығы  төмендейді,  анализаторлар  сезімталдығы  жоғарылайды. 

Дене  шынықтыру  жаттығуларынан  кейін,  немесе  алдын  ала  бірнеше  рет 

терең  дем  алынып,  дем  шығарылса,  бет  салқын  сумен  жуылса,  қараңғыда 

көру қабілеті жоғарылайды. 

Иіс  анализаторымен  дəм  анализаторы  қызметінде  де  тығыз  байланыс 

бар.  Иісі  жақсы  тамақтар  тəттірек,  иісі  нашар  тамақ  - дəмсіз  көрінеді. Дəм 

анализаторы  мен көру анализаторының да байланысы жайлы деректер бар.  

Жоғарыда  баяндалған  жайлар  адамға  байланысты.  Анализаторлардың 

өзара əрекеттестігі жануарларда аз зерттелген. Жануарлар анализаторының 

сезімталдығы  өте  жоғары.  Сонымен  қатар  адам  мен  жануарлар 

анализаторының 

қызмет 


принциптері 

ортақ. 


Осыдан 

жануарлар 

анализаторларына да өзара əрекеттестік тəн деп болжауға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет