Жануарлардың психикасын, мінез-қҰЛЫҚ Әрекетін анықтауда қолданылатын ғылыми зерттеу әдістерін талдау



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі20,7 Kb.
#21089
1   2   3   4
Проблемалық клетка әдісі - жануарларға арналған «приманканы» тордың ішінен алу, яғни оған жол табу ашу, кіру. Ол жануар үшін оңай емес.

Өсімдіктер психикасына тән критерийлер мынандай болып бөлінеді (көзқарастың негізінде өсімдіктің қозғалыс түрлері алынады):



тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы;

настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторалрмен сәйкес келуі. Настияның мынандай түрі бар:

- термонастия – (қызғалдақтардың жылы жерде ашылуы);

- ейсмонастия – (сыртқы вибрациялық қозғалыстардан мимоза жапырақтары жиырылады);

- хемонастия (өсімдіктің белоктік табиғатқа әсері)

Психика дамуы критериялар мәселелерін көптеген ойшылдар қарастырып, әртүрлі пікірлер қалыптасқан. А.Н.Леонтьев психиканың критерийіне түйсік жатады (ықпал ету түйсігі жатады), бірақ ықпал ету түйсігі биологиялық тіршілік негізі деген пікірде. А.Н.Леонтьевтің айтуынша мұндай түйсіктер сигналдар деп аталады. Мұндай сигналдар төніп келе жатқан қауіп қатерді немесе жағымсыз биологиялық объектілердің пайда болуын хабарлайды (мыс. жыртқыштың жақындап келе жатқанын білдіретін вибрациялық жағдайлар, жануарлар үшін дыбыс, иіс).

Платоновтың пікірінше эмоция және уайымдай білу организмге өте қажет. Егер сыртқы эмоцияны білдіретін ерекшеліктер болса, оның да психикасы болғаны. Яғни психика барлық жануарларға тән.

Ал Гальперин – психиканың қалыптасу негізін эволюциялық процесс барысында түйсіне білу қабілетімен қабылдай білу байланыстылығы негізінде түсіндіреді. Яғни түйсік пен қабылдау бір қалыпта, бір мезгілде болатынын айтқан. Ал жақсы жаман ықпалдарды эмоция арқылы білдіру жеткізу жануарларға да тән.

Симонов – Гальпериннің көзқарасын қолдай отырып, түйсіктің эмоционалдық ерекшелігін енгізген.

Бернштейн мен Вилюнас: жануарлар психикасының ерекшелігін зерттей келе белгілі бір туындаған жағдайға байланысты бағытталған іс-шараның ерекшелігін атайды. Жоғарыда көрсетілгендей психиканың критериялық мәселелері көптеген ойшылдардың көзқарасында орын тауып, зоопсихиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпалын тигізіп отырды. Психиканың даму қалыптасуының критерилары әртүрлі боғанымен, барлығы психикалық бейнелену мәселелерін қарастырады. Жануарлар психикасының даму деңгейі олардың қоршаған ортамен қарым-қатынас деңгейімен тығыз байланысты. Өйткені жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы өте маңызды. Ғалымның пікірінше жануарлардың қоршаған ортамен тығыз байланыстылығы мынандай топқа бөлінеді:

1. жануарлардың тұрған мекен-тұрағымен байланыстылығы (туған аймағымен байланысты) (ең негізгі сферасы), яғни, тіршілік ету териториясы және оның құрамы;

2. жануарлардың белгілеріне байланысты бағдарлауы;

3. функционалдық аймақтары (қоректену аймағы, аң аулайтын, тіршілік ортасы, қауіп қатерлі). Кейбір жануарлар өзіне тұрақты мекен-жайды таңдайды, бағалайды, ал екінші біреулері тіршілік ортадағы өзгерісті тез байқайды, бағдарлайды.

Психиканың пайда болуы – генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз бйланысты. Психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің тоериялық ерекшеліктерімен сипатталады.

Ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан.

Зоопсихологияның ғылым ретінде қалыптастырылып дамуы және оның ғылыми маңызы адамзат үшін өте маңызды. Күнделікті өмірде зоопсихологияның ғылыми зерттеулері кеңінен қолданылады. Жануарлардың мінез-құлықтары туралы ұғым, білім адамзат үшін ерте кезден қажет болды. Әсіресе аңға шығуға, аңдарды қолға үйретуде, үй жануарларын ұстауда т.б.

Зоопсихологияның арнаулы салалары бар және бүгінгі күнде олардың маңызы артуда, мысалы, анималтерапия (анималтерапия психологиялық диагностика саласы, жануарлардың адамға әсерін зерттейтін ғалым). Анималтерапия ғылымының жетістігіне сүйене отырып, мынандай мәліметтер анықталған:

1. жануарлармен қарым-қатынас барысында адамның эмоциялық жағдайы жақсарып артады;

2. стресс жағдайы төмендейді;

3. қанның артериялық қысымымен зардап шегетін адамдардың қан қысымы реттеледі (әсіресе гипертоникалық жағдайларда);

4. шизофрениямен ауыратын адамдардағы жануарлармен қарым-қатынас жағымды әсер етеді (ламамен қарым-қатынас);

5. аутизммен ауыратын балалардың эмоциялық жағдайын арттыруда маңызы зор.

Зоопсихологиялық ғылымның жетістіктері бүгінгі күнде басқа да салаларда кең қолданылады. Мысалы балық шаруашылығында, аңдарды көбейту, өсіру жағдайында.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет