1. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру және "академиялық хат".(25 балл). Зерттеушілік құзыреттілік



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі19,63 Kb.
#143801
  1   2

№3 билет
1. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру және "академиялық хат".(25 балл).
Зерттеушілік құзыреттілік – қажетті білімдердің болуы, зерттеушілік әрекетті орындауға қажетті біліктердің қалыптасуы, білім берудің шынайы ортасындағы міндеттерді шешу бойынша өзіндік тиімділік ретінде құрастырылған өзі туралы объективті көзқарастың болуы, ғылыми іс-әрекетке мотивацияның болуы; жеке дара және ұжымдық сипаттағы зерттеулерді жүргізу, олардың нәтижелерін талқылау мен көрсетуге қажетті тұлғалық сапалардың жиынтығының болуымен сипатталады.
Академиялық сауаттылық:

  • қазіргі академиялық ортада тиімді қызмет ету қабілеті ретінде анықтаймыз: кәсіби бағдарланған мәтіндер негізінде зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыру, сыни ойлау, кәсіби мақсаттарда өзінің зерттеушілік құзыреттілігін арттыру құралы;

  • бұл студенттерден күтілетін, оқу және ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті жүргізу, нақты пәнде бар дәстүрлер мен стандарттарға сәйкес өз іс-әрекетінің нәтижелері туралы хабар беру қабілеті.

Академиялық хат – академиялық сауаттылықтың негіздік құраушысы.
Болашақ педагогтың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру моделі құндылықты-мотивациялық, когнитивті, операциялық және рефлексивті компоненттерінен тұрады.
Кәсіби дайындау үдерісінде педагогтың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру бірнеше педагогикалық шарттардың орындалуында тиімді жүзеге асады. Бірінші шарты, білім мазмұнының қазақ тілімен қатар ағылшын тілінде де бірдей берілуі. Кәсіби дайындау үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың екінші шарты, оқу ақпаратын қабылдау үдерісінде білім алушының сенсорлы жүйесін қосу болып табылады (мультимедиа және интернет-технологияларды белсенді пайдалану). Зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың үшінші маңызды шарты – теориялық материалдың практикалық жаттығулармен бекітілуі.

2. Академиялық мәтін. (25 балл).
Академиялық мәтін – белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің негізгі ерекшеліктері болады. Олар: күрделі, формалды, нақты, объективті, шекетулі және жауапкершілікті. Бірақ мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Күрделі – Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды – академиялық жазылым барысында әртүрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты – академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысу керек. Мысалы, «көптеген адамдар» дегеннің орнына «30 мың адам» деп нақты көрстеу керек.
Объективті – академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті ұстанбауы тиіс. Яғни, бір жақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс.
Шектеулі – академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс.
Академиялық мәтіннің 4 ерекшелігін атап көрсететін болсақ:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет