Жаратылыстану ғылымдары факультеті



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі195,75 Kb.
#133742
  1   2   3


Қ.А Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Экология және химия кафедрасы

БӨЖ 
Тақырып:Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз 
тіл,құндылық,нормалар,дәстүрлер және т.б. 
 
 

Тобы:ЖЭК-211 
Орындаған:Жолдасбек Н 
Қабылдаған:Байбахов Н 
 


 


 

Жоспар 
1.Мәдениет элементтері мен қалыптасуы. 
2.Құндылықтар мен нормалар. 
3.Салт-дәстүрлер. 


«Мәдениет» термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп 
табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер 
етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. 
Кейінірек «мәдениет» сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен 
адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан 
алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне 
адам қолымен жасалған «екінші табиғат» ретінде көрінеді. Мәдениет 
материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды.
Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.Мәдениет сөзі кең 
мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, 
адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, 
амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп 
түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы 
бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, 
жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі. 
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың 
өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, 
меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін 
және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде 
қарастырылады.Социологиялық зерттеудің объектілері болып қазіргі 
қоғамда өмір сүретін меңгеру формалары мен әдістерінің нақтылы 
бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі 
тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен 
механизмдердің байланыстырушылары деп айтылады. Бұл тұрғыда 
социология кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, 
топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам 
мүшелерінің қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын 
көп түрлі формаларын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін 
анықтайтын мәдениеттің даму динамикасын зерттейді. Мәдениет 
социологиясы 
көптеген 
қызметтер 
атқарады, 
олардың 
негізігілері:ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік 
қызметтер.Ғылыми-танымдық 
қызметі 
арасында 
мәдениет 
социялогиясы 
мәдени 
процестердің 
өзгерісіне 
немесе 
қолдауына,нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен 
механизмдер,қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының 
өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз 
етеді.Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени 
саясаттың 
мақсатты 
бағытталған 
ғылыми 
негізін 
өңдеп 
шығару.Социологияда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік 
аспектісінде,яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен 


процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады.Бұл мағынада 
мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің 
қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің 
әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді шоғамдық 
процестерді игеру,ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді. 
Социологияда рухани мәдениеттегі әр түрлі элеметтердің жұмыс 
істеуіне көп көңіл бөлінеді. Алғашқы және маңызды элемент танымды, 
белгі-символдық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда 
қалыптасқан, тілде айқындалған білім.
Тіл
- адам тәжірибесін 
шоғырланудың, сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл 
нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі 
болып табылады. Белгілер мен символдар қатынас жасау барысында 
басқа ілімдердің өкілдері ретінде көрінеді, олар туралы ақпарттар 
жеткізу мен өзгерту, алу мен сақтау үшін қолданылады. Белгілер мен 
символдар әрқашан нақтылы мәнге ие болады.Адамдар белгілер мен 
символдардың мәнін түсінуді білім беру процесінде игереді. Дәл 
осылар оларға айтылған мен жазылғанның мәнін түсінуге мүмкіндік 
береді. Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі 
құндылықтық-танымдық жүйе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет