Жаратылыстану институты



бет1/3
Дата18.02.2023
өлшемі27,35 Kb.
#69028
  1   2   3

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Жаратылыстану институты
Химия-Биология пәндер кафедрасының
6В01508 Химия-биология,4 курс

БӨЖ

Тақырыбы:Инклюзивті білім беру туралы түсінік



Орындаған:Нурмухаметова.Дилназ
Тексерген: Рахимова Заида Сериковна



Жоспар:
I Кірспе
II Негізгі бөлім
2.1 Инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
2.2 Инклюзивті білім беруді заңнамалық қамтамасыз ету және халықаралық тәжірибе
2.3 Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нормативтік-құқықтық реттеу
III Қорытынды


Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының қатарына барлық адамдардың білім алу құқықтарының теңдігі жатады. Білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін алғышарт – инклюзивті орта. Инклюзивті білім берудің заманауи міндеті интеллектуалды дамуды, психофизиологиялық жəне жеке-дара ерекшеліктерді ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қарастырады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасы» сынды нормативтік құқықтық құжаттар арқылы міндеттелген инклюзивті білім беру үрдісі педагогтердің кәсіби іс-әрекетіне қойылар талаптарды күшейтеді. 2017 жылы қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Педагог» кәсіби стандарты барлық деңгейдегі педагогтердің инклюзивті білім беру саласында арнайы біліктіліктерді меңгеруін міндеттейді. Осы ретте көңіл аударуды қажет ететін маңызды шарт – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сапалы білім алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз етудің педагогикалық-психологиялық мәселелері. Ол – ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптары аясында оқушылардың білім бағдарламаларын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты, оқу материалдары мен ресурстарын бейімдеу сынды күрделі мәселелерден бастап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар категорияларының психофизиологиялық даму ерекшеліктері, олардың қабылдау деңгейлеріне орай күнделікті сабақ тапсырмаларын дайындау, оқу жетістіктерін бағалау критерийлері мен дескрипторларды құру, сынып ұжымындағы моральды-психологиялық ахуалды бақылау және реттеу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыны қолдау, өзара қарымқатынастар жүйесі және бірлескен іс-әрекетерді басқару, ата-аналармен жұмыс, т.б. ісәрекеттерді қамтиды.

2.1 Инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдаудың заманауи жағдайы мен беталысы әлемдік тәжірибеде қабылданған талап ережелері шеңберінде жүргізіледі. Әйтсе де, инклюзивті білім берудің қалыптасқан қазақстандық моделі бар. Ол барлық санаттағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және орта біліммен қамтамасыз ету үшін арнайы жағдайлардың жасалуымен сипатталады. Инклюзивті білім беру үрдісі дене дамуында мәселелері бар, яғни физикалық мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар; әлеуметтік ортаға бейімделу қиындықтары бар девиантты мінез-құлықты балалар немесе тұрмыстық-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелері бар отбасы балалары; мигрант, оралман және босқын отбасыларының балалары; дарынды балалар, сондай-ақ мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың сапалы білім алуға тең қолжетімдігін қарастырады. Соңғы мәліметтерге қарағанда еліміздің орта білім беру ұйымдарында инклюзивті біліммен балалардың 30,5% қамтылған. Оның ішінде арнайы жағдайлар жасалған инклюзивті білім беру кеңістігінде дені сау құрбыларымен тең дәрежеде білім алып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалар саны 25 633 (27%) құрайды.
Инклюзивті білім берумен
қамтылған балалардың үлесі:
- жалпы білім беретін мектептерде 46 340 бала (55%);
- арнайы мектептерде 13 722 бала (14,6%);
- арнайы сыныптарда 11 461 бала (12,2%);
- үйден оқытылатын 10 408 бала (7,3%);
- жекеменшік ұйымдарда оқитын 2 189 бала (2,3%);
- инклюзивті бала бақшаларда 14 717бала (35,2%);
- арнаулы балабақшаларда 5159 бала (12,3%);
- арнайы топтарда 4474 бала (10,8%);
- психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және оңалту орталықтарында
12663бала (30,2%);
- үй жағдайында тәрбиеленуші 683 бала (1,6%)
Инклюзивті білім берудің қазақстандық моделі әлемдік тәжірибеде қабылданған талап ережелеріне жеткілікті сәйкес емес. Ол ең бірінші кезекте инклюзивті білім алуға сұраныстың басымдығына байланысты туындап отыр. Мәселен, бұл көрсеткіш туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 2,8% құрайды. Салыстыру үшін айта кетейік, осы мәселе бойынша әлемдік көрсеткіш – 7 мен 12 пайыз арасында. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің 30,5 пайызында мүмкіндігі шектеулі балалардың 27 % білім алуда. Ал жоғары оқу орындарында мұндай студенттер саны – 570. Өткен оқу жылының басында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқығын іске асыру үшін 37 мектепке дейінгі ұйымдар, 100 арнайы мектептер, 51 психологиялық-медициналықпедагогикалық кеңес, 137 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, 12 оңалту орталықтары, 880 логопедиялық пункттер жұмыс істеген. Инклюзияны іске асыруда қазақстандық білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелердің қатарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар категориясының бара-бара толығуын атауға болады. Алғашқы кезеңде мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана қамтыған инклюзивті білім беру мазмұны қазіргі таңда келесі категориялармен толықтырылған: девиантты мінез-құлықты балалар; жетім балалар; босқын балалар; мектептері жоқ елді мекендердің балалары және дарынды балалар. Егер, мүмкіндігі шектеулі балалар категориясындағы 5 нысан (көруі, естуі, сөйлеуі, тірек-қимыл жүйесі, психикалық дамуы бойынша) ұзақ мерзімді инклюзиямен қамтылатын болса, әлеуметтік ортаға бейімделу қиындықтары бар балалар (мигрант, оралман отбасы балалары) белгілі бір мерзімнен кейін инклюзия есебінен шығарылады.
Инклюзивті білім берудің дамуы үшін қоғамда инклюзивті саясат орнауы керек, сондай-ақ, халықтың инклюзивті мәдениетін құндылықтар жүйесі деңгейінде қалыптастыру шарт. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру үрдісіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациялық үрдістердің «шоғырлану орталығы» болуы тиіс. Инклюзивті тәжірибені жетілдіру нәтижесінде Қазақстан қоғамында жалпыадамзаттық құндылықтардың салтанат құруы – болашақтан күтілетін кең ауқымды нәтиже. Жанашырлық, мейірім, ізгілік қасиеттерімен қатар, адамдардың бірін-бірі бағалауы, әр бір адамға деген құрмет және сыйласым – қоғамдық сана және рухани жаңғыру өзегі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет