Жасыратыны жоқ, біз әлі күнге дейін «Әйел еркектен бір сатыға төмен болуы керек», «байтал шауып бәйге алмас, әйел бастаған көш оңбас» «қыз мұраты кету»деген таптаурындар арасындағы өркениетпіз



бет1/4
Дата24.04.2023
өлшемі43,43 Kb.
#86270
  1   2   3   4

Жасыратыны жоқ, біз әлі күнге дейін «Әйел еркектен бір сатыға төмен болуы керек», «байтал шауып бәйге алмас, әйел бастаған көш оңбас» «қыз мұраты – кету»деген таптаурындар арасындағы өркениетпіз.Бұл түсінік шала діндарлардан келді деп ойлаймын. Дінде әйел еркектің қабырғасынан жаралған, ол еркектің ұрпағын жалғастыру үшін өмір сүреді, ол мына дүниеде еркекке ләззат беру үшін жүр деген түсінік бар. Бірақ дінді толықтай ұғынбай тұрып, мәнмәтінді орта жолдан жұлып алып пайдалану дұрыс емес. Феминизм тарихына үңілсек, әйелдердің құқығын қорғайтын аталмыш феминисттер тобы сөзсіз, алғаш рет Америка мен Европада пайда болған. Ал осы әйелдер теңдігін бейбіт түрде дүрбелеңсіз, дүмпусіз ислам діні насихаттады. Исламның әйел мәртебесін асқақтатқаны сонша, жәннатты ана аяғының астына түсірді, әйелді Алланың аманаты деп бағалады. Алисламға дейін арабтар қыздарын тірідей көрге тықса, біз ардақ тұтатын европа билігі әйелдерді қаншама жылдар бойы тауар ретінде саудаға шығарды.
«Баланы жастан, әйелді бастан» деген мақалдың да байыбына жетпейтіндер әйелді ашса-алақанында, жұмса - жұдырығында ұстаймын деп күш қолданып, зорлық-зомбылық көрсетіп жатады. Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек осыған байланысты «Қатынды бастан» деген бас кезінен онымен жақсы қарым қатынас жаса, сыйлас, бас кезінен тәтті аузыңның дәмін кетірме. Басында қалай жақсы болса, ақырына дейін соны ұстап қалға тырысу деген жауапкершілік ол. Басынан үркітіп, қорқытып, жүрегінің уытын алу деп түсінбеу керек» дейді. Ендеше жоғарыда келтірген сөздеріме дәлел ретінде Ғабит мүсіреповтің Ұлпан романын алайық.
«Мен арзанға түспейтін қызбын. Мені ешкім сатпайды да, мал да алмайды. Мен тоқал қатын болып босағада отырар дей ме екен? Әлде мені бәйбішесінің сарқытын күтіп, көзін сүзіп отыратын күңдікке көнер дей ме екен? Жоқ, маған оңаша отау - ойнақ үй керек емес. Мен үлкен үйге кіремін де, төрінде отырамын. Соған туысқандарыңыздын көзі үйренер ме екен?»,- дейді.Ұлпан өз атасына татитын Есенейге шын ғашық болып қосылды ма, жаны қалап көңіл қосты ма? Шындығына келсек, қай балғын жас қыз өзін бір аяғы көрде тұрған қарттың құрығына қияды. Құдай салды біз көндік деген қазақ қызының даналығы - байлық, бедел, билігі асқан Есенейге жар болып, елдік мұрат, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, барын түгендеу. «Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ»,- деп, өзінің бақытын елінің бақыты үшін құрбандыққа шалған Зарина патшайымдай Ұлпан да тектілік, көрегендік көрсетті.Ал Есеней ше, әйелді бастан деп, келмей жатып төрге шыққан тұлымы желбіреген жас қызға өктемдік көрсетті ме? Әрине жоқ, естілігі толыққан сайын, сұлулығы да толыға беретін қызға төрін-билігін, тағын берді. «Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен болып қаларсың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр… Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба, оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап менің Есенейім сенсің!»-дейді. Феминизмді матриархатпен шатастырмайық. Феминизмнің мәні-ер мен әйел теңдігі болса, Ұлпан мен Есеней теңдіктен те жоғары сыйластықты, ізеттілікті, кішіпейілділік пен құрметті ұстанды. Екі жарты бір-бірімізден артықпыз ба, кемпіз бе деп теңеспеді, бір-бірін толықтырды, жақсысын асырып, жаманын жасырды, қате кеткен жерлерін түзетіп бір бүтін бола білді. «Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның әділ би деген атағы көмескі тарта бастап еді. Ұлпанның атағымен бірге қайта көтерілді. Ұлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді. - Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, - деді аттанарда. - Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! - деді Ұлпан.- Сенсіз мен кім болар едім?…» Ұлпан-феминист әйел. Ол ер адамның алдына шығуға ұмтылған емес, отпен кіріп, күлмен шығатын артындағы күңі де болмады. Аты жоққа ат беріп, асы жоққа ас бергендегі мақсаты мырза келін деген атақ үшін емес, бір дуанның атақты биі Есенейдің жұртының қырғын жұтқа ұшырағандай жұтаң болғандығына іштей күйінгендігі, шетке қадірлі болса да, өз елінде құрметтен айырылып бара жатқан ерінін енжарлығына наразылығы. «Жас күнімде «қыз бала»- деп менсінбеп ем, Қартайғанда рахатты қыздан көрдім»,- деп жазыпты Шернияз ақын. Кедейлік тақсіретін тартқан қазақ аулына Ұлпан жаңалықтың жаршысындай бола отырып, осыған дейін болмаған монша, қыстық үй салуды енгізу арқылы елін алға жетектеді. Әйтпесе, қыс бойы киіз үйде отырған қазақ жұртының жас баласы қысқы аязға төзе алмай, суық тиіп, шетінеп, қырылып жататын еді.
Америка халқының бірінші феминист әйелі Абигейл Смит Адамның тарихта: «Біз мақұлдауына қатыспаған заңға және біздің мүддемізді өкілдік қылмайтын өкіметке бағынуға міндетті емеспіз» (1776) деген атақты сөзі бар. Ұлпан да болыс-билердің жиналысында қазақ қыздарының құқығы туралы мәселе қозғалғанда қарап қалмады. Қалың мал, жесір жайы билердің шеңберінен шыға алмай отырғанда, Ұлпан жәбір-жапа көріп келген қазақ қыздарының құқығын қорғай сөйледі, боқташақ болыстарды ығыстыра сөйледі, келісетін жерлерін мақұлдады, қате жерлеріне түзету енгізді. Сөйтіп мәжілісте Ұлпанның екі ұсынысы амалсыз қабылданды. Біріншісі жесір қалған әйел кімге тиемін десе де өз еркінде болады, екіншісі жесір әйел ерінен қалған мал-мүліктің үштен екісіне өзі ие, үштен бірі ерінің ағайын-туғандарына беріледі. Билер Есенейдің көңілін сұарағандай келіп, Ұлпанды мәжілісте айтқан ұсыныстарынан қайтаруын сұрайды. Сол кезде Есеней: «Мен Ұлпанға шылбыр-тізгінімді біржола беріп қойған адаммын. Мен түгіл бүкіл Сибанның сөзін ұстайтын сол кісі. Осыған көздерің үйрене берсін» деп қайтарып салады. Бейімбет Майлиннің «Раушан коммунистінде» де Раушан алғаш рет әйел мен еркек неге қатар болмайды екен, еркектің баратын жеріне әйелдер неге бармайды екен, осыны тыятын кім екен? - деп ойланады. Және жиында:«жүрсе, көрсе, әйел неге адам болмасын. Еркектің білгенін әйел де біледі. Еркектегі бар ми әйелде де бар… Әйел адам болмаса: «Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады» деп аталарымыз неге айтқан?… Жаман еркекті әйелдің сүйеп адам қылғанын көрген соң айтқан»,- деп қазақ әйелдерінің қоғамдық белсенділікке құқылы екенін алға тартады.
Ендігі кезекте Міржақып Дулатұлының Бақытсыз Жамал романына келсек, Жамал өз теңіне қосыла алмады, аңсаған арманына жете алмады деу қателік. Жамалдың теңдікке ұмтылып, Ғалимен қашуының өзі феминизмге, теңқұқықтыллыққа басылған алғашқы қадам. Зейнел Ғабиден Бейсенғалиев Жұлдыз журналының 1994 жылғы 9-санында Бақытсыз Жамал тағдыры атты мақала жариялайды. Бұл мақалада 1914 жылы «Айқаптың» 15-санында журнал тілшісі М. Кәшімовтің «Қытай қазақтары арасында» аталған жолжазбасында «Бақытсыз Жамалға» қатысты өте қызық мәлімет беріледі. Тілші қазақ жері шетіндегі алыс ауылдан романды оқыған сауатты қазақ қызын жолықтырады; «…Осы күнде шығып жүрген жаңа өлең кітаптардан көп оқимын. Солардың ішінде сүйіп оқитыным- «Бақытсыз Жамал». Бірақ Міржақып мырзаның «Бақытсыз Жамал» кітабының аяқ жағындағы көңілді өте ренішті қалдырып кететін жері бар. Қызды алып қашқан Ғали мырзаның нағашысына барған жерде, дүниеден қайтқаны, Жамалдың боранда адасып үсіп өлгені. Тап осы жеріне келгенде үлкендерден рұқсатсыз, ата-анасының ризалығынан басқа сүйгенімен кеткен қыздар, ата-анасының жауыз дұғасының кесірінен соңыра апатқа ұшыраған болып табылады. Сол жерін оқығанда біздің рұқсатымыздан басқа жаққа кетсеңдер сондай пәле, қазаға жолығасыңдар деп құлаққа ызыңдап бір дауыс келіп тұрғандай болады. Біздің қазақ қыздарының көбі теңіне бара алмай жүргені белгілі. Ал Міржақып мырза, Сүйгендеріңізбен қашсаңдар, сондай пәлеге жолығасыңдар, дегендей қылып кітабына жазып отыр. Мұнысы қалай? Басын әп-әдемі көңілді көтеріп жазып, аяғында қайратты шегергендей, көңілді қайтарғандай, кәрілердің дұғасы қабыл болғандай қылып көтеріп келеді. Мұнысын мен қолайсызырақ көремін. Бұған сіз не айтасыз деп менен сұрады. Мен жартымды жауап бере алмадым. Өз бастарыңызда болмаған соң ондай романды көңіл қойып оқымайсыздар ғой Болмаса ендігі ол туралы бірер сөз жазушылар да болар еді. Менің ойым: Міржақып мырза, әдейі теңіне қосып алып қаштырған соң, Жамалды мұратына жеткізіп, бақытты етіп көрсетіп, кітабының атын да «Бақытты Жамал» деп қою керек еді». «Айқап» тілшісі М. Кәшімов таңданса, таңданатындай қызық пікір. Октябрь алдындағы қазақ қыздарының қоғамдық санасы қаншалықты өскендігін көрсететін факт. Қаламгер романын кейін сынға ұшыратушылар негізінен осы пікірді ұстанған. Әдебиет қоғам мен өмірден тыс өмір сүре алмайтынын ескерсек, роман 1910 жылы Қазанда басылып шыққаннан кейін тез таралып кетеді. Бұл Жамал кешкен қасірет сол замандағы актуальді, шешімі табылмай көз жұмумен қарап жүрген проблема екендігін аңғартады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде Жамалмен тағдырлас қазақ қыздарының ауыр халі жөнінде жанашыр үн көтеріле бастайды. Жамалға қарап бой түзеген қазақ қыздары өз ойлларын ашық айта бастады, өз құқықтарын қорғай бастады. Бұл «Бақытсыз Жамалдың» ойлы деген қазақ жастарына жасаған игі дүмпуі, алғашқы қозғалыстардың бастамашысы еді.
Таз Жұман Жамалды тұрса аяққа, отырса басқа ұрып құрбысының алды болып, жарқылдап жүрген қызды қорлағанда, қалың көпшілік, одан қалса, ата-анасы аяулы қыздарын неге қорғамады. Егер сол кездегі қоғамда әйелді ұруға тыйым салынғанда қаншама қаракөздеріміз ұлтына, еліне адал қызмет етер еді. Осы жерде Дина Нүрпейісованың «Бұлбұл» күйінің қысқаша тарихына тоқталсақ, бас қосулардың бірінде Дина өзі қатарлы Балым атты бір қызбен танысады. Ақылына көркі сай, аяулы арудың сызылтып айтқан әндері, сылқылдатып тартқан күйлері Динаға ерекше әсер етеді. «Япырай, бір адамның бойына осынша қасиет біте береді екен-ау!» деп қайран қалады. Бірнеше уақыттан соң, толықсып бой жеткен Балым қыз бір төреге тұрмысқа шығады. Балым болашақ күйеуіне құлықсыздау болған екен, бірақ төре төрелік мысымен, малының күшімен алса керек. «Жібекті түте алмаған жүн етеді, аруды күте алмаған күң етеді» дегендей, төре Балымға жайсыз болады. Балымды бұлттың көлеңкесінен қызғанып, басынан таяқ айырмайды. Әсіресе ән айтып, күй тартуына тыйым салады. Өнерді өміріне серік етіп өскен Балымды мұндай жағдай құсалыққа ұрындырады.
Бір күні күйеуі үйде жоқта Балым көршіден домбыра алдырып, күй тартады. Көптен аңсаған сырласына іштегі шерін ақтарғандай, домбыраны беріле тартып отырады. Қас қылғандай, осы жағдайдың үстіне күйеуі кіріп келеді. Мұндайға төзетін төре ме, шаңырағымды жынның ұясына айналдырдың деп, Балымды оңдырмай сабайды. Төренің шолтаңдаған қамшысы тидіме, әйтеуір Балымның екі көзіне бірдей ақ түседі. Жанарынан айырылып, аяқ жолын тауып жүру мұң болады. Балым сол кезде «Қуанындар жұртым, өнерім өлді, өмірім өшті» деп зарлы үнін қатып, өмір бойы құсалықпен өткен екен. Бір ғана жайт қазақ қыздарының осыншалық тепкіде өмір сүргендігін аңғартады. Қыздарымызға теңдік пен бостандықты сол кезде алып бергенде біз қандай қуатты мемлекет болатын едік...Мұхтар Әуезов «Адамдық негізі-әйел» атты мақаласында: «Адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген-әйел. Әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды»,- дейді
Жүсіпбек Аймауытұлы «Ақбілек» романы арқылы қазақ даласына бұрын болмаған жаңашыл идеяны насихаттады десек артық айтпаймыз. Әйел, қоғам теңсіздігі туралы жазылған көпшілік шығармалардың соңы қайғымен, өкінішпен аяқталуы салдарынан оқырмандар үмітсіздікке бой алдыруы мүмкін. Ал «Ақбілек» романында басты кейіпкер Ақбілек өмірдің барлық сынағынан өте білді. Қарамұрт Ақбілекке алтыатарын кезеніп: «Өзімнен кейін өзгені сүйгеніңді қаламаймын», - деп өлтіріп кетерде Ақбілектің орысқа қорландым, анамнан айырылдым, ел жұртқа масқара болдым деп өле салуына да болатын еді. Бірақ ол өмірді таңдады. Иә қорланды, абыройынан айырылды, бірақ ол бір орында қарап қалмай, алға қадам басты, дамыды, оқыды, өзін қорғайтын дәрежеге жетті, көкірек көзін ашты, теңелді. Мысалы: «Ақбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған. Әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ. Ақбілектің қылығын, ісін көргенде ақсақал таңданады: «Бұл қалай боп кеткен? Қаланың не қасиеті бар? Жұп-жуас, ұялшақ бала емес пе еді?» деп ойлайды. Қалайда Ақбілек жат, Ақбілек өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақсақал одан именеді. «Мынауың теріс» деуге бата алмайды. Баяғы өзінің қаталдығын ойлағанда, өзінен-өзі ұялады. «Кешірім сұрасам, қайтер еді» деп бір ауық ойланады. Бірақ әке басымен балаға кішіреюді лайық көрмейді. Сондықтан Ақбілекпен кездескенде: — Қарағым, немене? Шөлдеген жоқсың ба? Қымыз іштің бе?— деген сияқты қалбалақтап қалады. Әкесінің онысын Ақбілек те сезеді, әкесін аяйды. — Жоқ, әке! Шөлдегем жоқ,— деп, еркелеген секілді, қасына келіп отырып, бала оқытқанын, жеңгесінің тілі келмегенін, әйелдердің күлгенін әңгіме қылады. — Қарағым-ау! Елге келіп тынығады десе, жүдеп қаласың ғой… Ол қатындардан не шығады деп жүрсіңдер?— деп маңдайынан иіскейді. — Әке-ау, заман оқығандікі ғой,— дейді Ақбілек. — Оқығанмен келін екеуіңдей болар деймісің!— деп, баласын көтеріп қояды». Академик С.Қирабаев: «Ақбілекте» феодалдық-рушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып,өз бақытын табуы,тең құқылы азамат болуы бейнеленеді..Ақыры жаңа заман туып,Ақбілек ағасының көмегімен қалаға кетіп,оқу оқып,бақытын табады.Бұл Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа заманның еңбекші халыққа әкелген қуанышын,соның арқасында бұрын теңдікті сезбеген ,білмеген кедейлер мен әйелдердің теңдік алып,күрес пен бақыт жолына шыққанын жүйелі түрде суреттегенін дәлелдейді»,- деп баға береді. Феминизм ұранымен әйелдердің саяси, экономикалық құқығын кеңейтпес бұрын оның әлеуметтік құқығын орнату, қоғамның толыққанды тұлғасы етіп қалыптастыру керек. Мысалы Ақбілек пен Ұлпандар ел бастап, шаршы топта сөз бастай алады. Бірақ бір ғана фактге қарап, қазақ қыздарының барлығы да саяси мәселелерге араласып, заң шығарып, билік соғу керек деген сөз емес. Ақбілектегі Кәмиланы, не болмаса Өрікті бірден-барып саясатқа, қоғамдық жұмыстарға араластыра алмаймыз, себебі олар оқымаған күйбең тіршіліктегі әйелдер. Бірақ бұларды күштеп тұрмысқа беруге, зорлық-зомбылық көрсетіп, күш-қолдану дұрыс емес. Сол секілді Бекболат сияқты малдың соңынан кеткен, көзі ашылмаған адамды ер екен, жігіт екен деп билікті тізгіндетіп қоюға да болмайды. Абайша айтсақ, «адам баласы - адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық». Саяси гендерлік пен фенминизмнің мәні осы жерде: барлық адам қоғамда жынысына қарамай тең дәрежеде бағалануы керек, қоғамның барлық саласында әйелдерге еркектермен тең мүмкіншіліктерді орнату идеясы, әйелдің қоғамдағы мәртебесі биологиялық факторға байланыссыз болуы.
Нәзипа Құлжанова, Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан Иманбаева, Алма Оразбаева сынды жаңа дәуір қарлығаштары жаңалық, теңдік жаршысы бола білді. «Айқапта» Сақыпжамал Тілеубайқызы 1911 жылы жарық көрген «Қазақ қыздарының аталарына» деген мақаласында Сақыпжамал: «Шариғат бұйрығын­ша, ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті. Ер баланы артық көріп тәрбие қылсын да, қыз баланы кем көріп тәрбие қылмасын деген шариғат бар ма? Қыз баланы кемге тұтыну жаһиттік белгісі емес пе?» деп, журналист қазақ қыздарының қалың малға сатылып, сүймеген адамына еріксіз ұзатылатындығын, сөйтіп қалған өмірі қорлықта өтетіндігін сынға алып, жаңа заманға аяқ басқан жаңа қазақ қыздарының сұранысын жазды.

арнаған Мысалірде төсек тартып жатқан Әйүп пайғамбар ренжіп:


"Осыдан сауығып шықсам жүз дүре соғамын" деп, өзіне ашумен серт беріп қалады. Кейін ашуы қайтқан соң уәдесінен қалай шығудың есебін таппай қипақтағанда Алла тарапынан: "Бір буда шимен бір салып қалсаң, уәдеңнен шығасың" деген уахи келеді. Бір буда шидің әйел жанына бата қоймайтыны белгілі. Бұдан ұрудың әлеуметтік емес, шариғи мәселе екендігі мәлім болады. Ал шариғат діннің қорғаны. Сонда "ұру" әйелге жасалар қайыр екендігі айқындалады. Мәселен ота жасау жанға батқанымен түбі кайырлы ғой. Бұл мәселені де солай түсінген жөн. Болмаса әйелін сабап ешкім де ұшпаққа шыға алмайды. Бәрінен бұрын оны дініміз де, пайғамбарымыз да қош көрмейді. Сондықтан әкесін сабаған, жай сабап қана қоймай, арбаға байлап қойып сабаған әумесердің өзі әйеліне келгенде: "Тон ки, тон ки" деген екен. Демек тон сыртынан "ұрып" еркектік мінез танытып шайпау әйелін жөнге салған қай жан да шариғи амалды орындаған болып табылады. Жалпы біздің ата-бабаларымыз "дінді қиындатпаңдар" дейтін уағызды әдемі ұстана білген. Соған орай тонға оранып "таяқ жеген" шайпау мінезді әйелдер де бұл шариғи амалдан кейін өздерін құрсаған жын-шайтаннан арылып, жібектей есіліп шыға келген. Байыбына барсақ, "ұру" астарында осындай мән жатыр.

Гендерлік теңсіздікті жою (оның ішінде ауылдағы әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді жақсарту жолымен) үй шаруашылықтарының ішіндегі билік қатынастарын өзгертуге алып келеді деп есептеледі. Мысалы, әйел өзін және балаларды қамтамасыз ете алатынын біліп, маскүнем күйеуінен кете алады. Мұндай саясаттың нәтижесінде үйде зорлық-зомбылық деңгейі төмендейді, әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл- ауқаты артады, - деп есептейді.


Есепте айтылғаны бойынша, оң корреляция бар: өз бизнесі немесе сенімді табыс көзі бар, өзіне сенімді әйелдер бақытты отбасыларда тұрады және отбасындағы зорлық- зомбылықты болдырмау қажеттілігі жөнінде айтады. Сонымен қатар күрделі қаржылық жағдайға тап болған үй шаруасындағы немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер жиі зорлық-зомбылыққа ұшырайды ал кейбір жағдайларда тіпті өздері оны ақтайды. Демек, білімнің төмен деңгейі, гендерлік стереотиптер мен экономикалық тәуелділік тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себептері болып табылады. Мұндай отбасылардың бала- ларында, әдетте, жақсы білім алуға, экономикалық тұрғыдан табысты болуға мүмкіндіктері жоқ, нәтижесінде олар өз ата-аналарының мінез-құлқының, моделін қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет